98
Дереккөз: Республиканың 300 мектебінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жүргізген
онлайн-
сауалнама нәтижелері, 2023 ж.
Педагогикалық еңбек өтілі
20 жылдан астам жұмыс өтілі бар әрбір бесінші мұғалім сабақтың
әртүрлі кезеңдерін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік көмекке қажет
емес деп жауап берді (21,7%), ал ең аз жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдер
арасында (3 жылға дейін) оннан біреуі ғана солай жауап берді.
Педагогикалық
тәжірибе неғұрлым аз болса,
мұғалімдердің оқу
бағдарламасының мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру үшін
әдістемелік қолдау қажеттілігі соғұрлым жоғары болады.
Осылайша, 3
жылға дейінгі жұмыс өтілі бар сауалнамаға
қатысқан мұғалімдердің
жартысынан көбі және 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар мұғалімдердің
тек 16% - ы осы қызмет түрі бойынша біліктілікті
арттыру курстары
немесе басқа әдістемелік көмек қажет деп жауап берді.
Мұғалімдердің жұмыс өтіліне қарамастан
жауаптардың ұқсас
көрсеткіштері бағалау өлшемшарттары
мен дескрипторларды әзірлеу
(20% - 28%), жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасау (27% - 34%),
жоғары тәртіп дағдыларын өлшеуге тапсырмалар жасау (20% -33%)
болып табылады (21-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: