106
Сабақтың мақсатын тұжырымдау үшін
оқушылардың оқу
мақсаттары мен ойлау дағдыларының
деңгейлерін толық ашатын
етістіктерді қолдану қажет. Сабақтың мақсаттарын жазу кезінде төменде
көрсетілген етістіктер пайдалы болады.
Олар Блум таксономиясына
негізделген және ақыл-ой дағдыларына
сәйкес сабақтың мақсаттарын
құруға мүмкіндік береді (24-кесте).
24-кесте. Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес сабақтың
мақсаттарын құруға арналған етістіктер тізімі
Ойлау
дағдыларының
дейгейлері
(Блум
бойынша)
Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келетін
етістіктердің тізімі
Білу
Көрсету, сипаттау, табу, анықтау, жіктеу, санау, ретке келтіру,
салыстыру, атау, орындау, ойнату, сұрыптау, жазу, баяндау,
сипаттау, таңдау, көрсету, тұжырымдау, айту және т. б.
Түсіну
Ұйымдастыру, байланыстыру, жіктеу, салыстыру, қарама-
қарсы қою, білдіру, түсіндіру, табу, мысалдар келтіру,
топтастыру, көрнекі түрде көрсету, қорытынды жасау,
түсіндіру, белгілеу, тыңдау, сәйкестендіру, сипаттау, болжау,
сұрақтар қою, қайта жазу, таңдау, сұрыптау, бөлісу, көрсету,
жалпылау және т. б.
Қолдану
Қолдану, құрастыру, есептеу, таңдау, жобалау, әзірлеу,
талқылау, бағалау, зерттеу, тәжірибе жүргізу, түсіндіру,
анықтау, сұхбат жүргізу, картаға түсіру, модельдеу,
ұйымдастыру, жоспарлау, қайта құру, қайта қарау, таңдау,
шешу, пайдалану
Талдау
Талдау, болжамдар (гипотезалар) құру, жіктеу, санаттау,
салыстыру, санатқа жіктеу, анықтау, ажырату, бөлу, зерттеу,
себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, қорытынды жасау,
жеңілдету, сауалнама жүргізу және т. б.
Жинақтау
Бейімдеу, құрастыру, құру, өзгерту, таңдау, ынтымақтастық,
біріктіру, тұтастыру (қиыстыру), құрастырып шығару, құру,
жобалау, әзірлеу, талқылау, нақтылау, бағалау, орын алу,
модельдеу, жетілдіру, ойлап табу, бастапқы материалды
өзгерту, жоспарлау, болжау, шешімді ұсыну, шешу,
жорамалдау, тестілеу
Бағалау
Бағалау, марапаттау, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау,
107
шешім қабылдау, қорғау, жоққа шығару, маңыздылығын
түсіндіру, ықпал ету, түсіндіру, негіздеу, өлшеу, пікір білдіру,
қабылдау, басымдық беру, дәлелдеу, ұсыну, таңдау, қолдау,
маңыздылығын анықтау
Дереккөз: «Жоспарлау және дайындық құралдары жобасы», The National Induction Programme for
Teachers
Сабақтың мақсаттарын тиімдірек құру үшін
мұғалімдерге
оқытылатын пәнге және сыныптың
оқу қажеттіліктеріне сәйкес
мұғалімдер бейімдей алатын толық
мақсат қою тұжырымдамасының
мысалы ұсынылады (25-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: