Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет66/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   181
final-1

4. Бақылау және 
тәртіп 
- Сыйақы / мадақтаудың қандай түрі қолданылды (күлімсіреу, 
көзқарас, ынталандыру)? 
- Оқушылардың іс-әрекетінің әлсіз жақтары туралы 
ақпараттандырудың қандай түрі қолданылды (көзқарас, 
әңгіме, әрекет)? 
- Сыныпқа және жеке оқушыларға қатысты қандай 
қабылданған тон мен тәсіл қолданылды? 
5. Ресурстарды 
пайдалану 
- Сабақта қандай ресурстар пайдаланылды: интерактивті 
тақта, оқулықтар, жұмыс парақтары, проектор, акт және т. б.? 
- Ресурстар қаншалықты тиімді пайдаланылды? 
6. Кейінгі 
әрекеттер 
- Бұдан әрі нені жоспарлау керек? 
- Тақырыптың мазмұнын қайтадан басқаша қамту керек пе? 
Немесе сізге жаңа нәрсені үйрету керек пе? 
- Кері байланыс? 
- Келесі сабақтың нақты мақсаттары қандай? 
Дереккөз: «A framework for lesson evaluations», Butt (2008) 
28-кестеде сабақ жоспарларын дайындауды жақсарту үшін 
қолдануға болатын өлшемшарттар (критерийлер) жиынтығы бар. Бұл 
мұғалімдерге сабақ жоспарының әр тармағы бойынша нақты кері 
байланыс берудің жылдам әрі қарапайым тәсілі. Сонымен қатар, мұндай 
өлшемшарттар кестесі мұғалімдерге сабақ басталар алдында өз 
сабақтары туралы ойлауға немесе басқа мұғалімдерге кері байланыс 
беруге мүмкіндік беретін құрылымды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл 
өлшемшарттар мұғалімдерге сабақты жоспарлау үдерісін жақсартуға 
көмектесетін құрал бола алады (Johnson, 2015). 


111 
Мұғалімдерге өлшемшарттар кестесін толтырғаннан кейін 
туындауы мүмкін сұрақтарға ашық жауаптар алу үшін рефлексия жасау 
ұсынылады. Осылайша, мұғалімдер оқу үдерісінің қиындықтарын 
пысықтауға және сабақ жоспарының мықты және әлсіз жақтарын 
анықтауға мүмкіндік алады, бұл болашақта білім алушылардың оқу 
нәтижелеріне де оң әсер етеді. 
Сонымен қатар, мұғалімдерге осы өлшемшарттар кестесін басқа 
мұғалімдердің сабақтарына қатысу үшін немесе Lesson Study әдісін 
жүзеге асыру кезінде бір-бірінің жұмысы мен сабақ жоспарлауын 
объективті бағалау үшін пайдалану / бейімдеу ұсынылады. Мұндай 
жұмыс бірлескен жоспарлауды дамытудың бастапқы нүктесі ретінде 
мұғалімдерге сабақ жоспарларын өз қажеттіліктері мен мүдделеріне 
сәйкес бейімдеуге және түзетуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет