113
түсінгің келеді? Сен қазір бұл туралы кімнен
сұрағың келеді?
Дереккөз: Яковлева, С. Г. (2015). Планирование урока: идея, воплощение, итог (210–211 беттер)
CLIL сабақтарын жоспарлау
Сабақ жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстың тиімділігі үшін
мұғалімдерге сабақты сәтті өткізуге бағытталған жоспарлаудың бірнеше
кезеңдерін қарастырған жөн. Бұл
кезеңдер Қазақстандағы CLIL
сабақтарын жоспарлауға арналған нұсқаулықтар мен ұсыныстарда
көрсетілген. CLIL сабақтарын жоспарлауға
арналған ұсынымдарды
барлық мектеп пәндерін жалпы жоспарлауға ішінара немесе толығымен
бейімдеуге болады.
Бірінші қадам – анықтау, модуль туралы негізгі ақпаратты беруден
тұрады. Ақпарат неғұрлым нақты болса,
басқа мұғалімдерге қолдану
немесе бейімдеу соғұрлым пайдалы болады. CLIL сабағын жоспарлау
сонымен қатар «алдыңғы білім» бөлімін ескереді, мұнда білім алушылар
оқу жоспарындағы ақпарат негізінде алдыңғы сабақтардан / тоқсаннан
/ оқу жылынан не білуі керек екенін түсіндіру қажет.
Алдыңғы білімді
жандандыру жаңа материалды тиімді үйретуде үлкен рөл атқарады.
Сонымен қатар, пәндік білім мақсатын қалыптастыру кезінде
оларды ақыл-ой дағдыларының деңгейлері
бойынша ұйымдастыру
маңызды (Блум таксономиясы). Осылайша,
мақсаттарды білдіретін
етістіктер төмендегі танымдық үдерістермен байланысты болуы керек:
есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, бағалау, құру.
Келесі қадам
–
саралау. Білім алушылардың құзыреттіліктерінің
әртүрлі деңгейлеріне және оқытудың әртүрлі түрлеріне
назар аудару
керек. CLIL сабақтарын жоспарлау жөніндегі нұсқаулықтың авторлары
мұғалімдер оқушылардың әртүрлі
қажеттіліктерін ескере отырып,
сабақты жоспарлаудың бастапқы нүктесі ретінде пайдалана алатын кесте
түрінде мысал келтірді (30-кесте).