135
№2 кейс
Қарағанды қаласының «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ мектебінің физика пәні мұғалімі Е.Т.
Аринова сабақ жоспарының тағы бір мысалын келтірді. Е.Т. Аринованың сабақ жоспарының ерекшелігі- ҚМЖ-
ға «бағалау өлшемшарттары», «тілдік мақсаттар», «құндылықтарды қалыптастыру», «пәнаралық байланыс»
және «алдыңғы білім» сияқты қосымша тармақтар қосылған.
Сонымен қатар жоспарда сабақ барысында қолданылатын саралау әдістері көрсетілген. Сондай-ақ, сабақ
жоспары мен өткізілген сабақтың сабақ барысында
және одан кейінгі мақсаттарға,
міндеттерге және қол
жеткізілген нәтижелерге қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалау үшін жоспардың соңында «өткізілген сабақ
бойынша мұғалімнің рефлексиясы» тармағы енгізілген (37-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: