111
Мұғалімдерге өлшемшарттар кестесін толтырғаннан кейін
туындауы мүмкін сұрақтарға ашық жауаптар алу үшін рефлексия жасау
ұсынылады.
Осылайша, мұғалімдер оқу үдерісінің қиындықтарын
пысықтауға және сабақ жоспарының
мықты және әлсіз жақтарын
анықтауға мүмкіндік алады, бұл болашақта білім алушылардың оқу
нәтижелеріне де оң әсер етеді.
Сонымен қатар, мұғалімдерге осы
өлшемшарттар кестесін басқа
мұғалімдердің сабақтарына қатысу үшін немесе Lesson Study әдісін
жүзеге асыру кезінде бір-бірінің жұмысы
мен сабақ жоспарлауын
объективті бағалау үшін пайдалану / бейімдеу ұсынылады. Мұндай
жұмыс бірлескен жоспарлауды дамытудың бастапқы нүктесі
ретінде
мұғалімдерге сабақ жоспарларын өз қажеттіліктері мен мүдделеріне
сәйкес бейімдеуге және түзетуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: