Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


-кесте. Оқушылар арасында кері байланыс жүргізу үлгісі



Pdf көрінісі
бет68/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   181
final-1

29-кесте. Оқушылар арасында кері байланыс жүргізу үлгісі 
Сабақты қорытындылау кезеңінде сіз 
балаларды осындай сұрақтарға жауап 
беруге шақыра аласыз: 
Сіз төмендегі сөз тіркестерін 
жалғастыруды ұсына аласыз: 
- Бүгін не істедің? 
- Енді сенің қолыңнан не келеді? 
- Бүгін сені не таң қалдырды? 
- Сен үшін не жаңалық болды? 
- Бүгін сен топта қалай жұмыс істей алдың? 
- Бүгін жұпта жұмыс істегенде саған не 
ұнады? 
- Бүгін кімнің жауабы/сұрағы ерекше есте 
қалды, неге? 
- Бүгін кім үшін қуана аласың? 
- Кімге рахмет айта аласың? Не үшін? 
- Бүгін кім өз қателігін таба алды? 
- Сыныптастарыңның арасында өзара 
тексеру барысында дәлсіздікті немесе 
қатені кім таба алды? Бұл туралы дұрыс, 
құрметпен айта алдың ба? 
- Бүгін мұғалімге немесе оқушыға нақтылау 
үшін сұрақ қоя алдың ба? Ал нені жақсы 
- Мен осы тақырып бойынша 
жұмысты жалғастырғым келеді, 
өйткені… 
- Маған бүгін мұғалімнің / 
сыныптасымның көмегі қажет 
болды, өйткені… 
- Мен бүгін бұл тапсырманы 
орындадым, өйткені… 
- Мен бүгін өзімді мақтан тұта 
аламын… 
- Мен бүгін сыныптастарыммен 
бөлісе аламын… 


113 
түсінгің келеді? Сен қазір бұл туралы кімнен 
сұрағың келеді? 
Дереккөз: Яковлева, С. Г. (2015). Планирование урока: идея, воплощение, итог (210–211 беттер) 
CLIL сабақтарын жоспарлау 
Сабақ жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстың тиімділігі үшін 
мұғалімдерге сабақты сәтті өткізуге бағытталған жоспарлаудың бірнеше 
кезеңдерін қарастырған жөн. Бұл кезеңдер Қазақстандағы CLIL 
сабақтарын жоспарлауға арналған нұсқаулықтар мен ұсыныстарда 
көрсетілген. CLIL сабақтарын жоспарлауға арналған ұсынымдарды 
барлық мектеп пәндерін жалпы жоспарлауға ішінара немесе толығымен 
бейімдеуге болады.
Бірінші қадам – анықтау, модуль туралы негізгі ақпаратты беруден 
тұрады. Ақпарат неғұрлым нақты болса, басқа мұғалімдерге қолдану 
немесе бейімдеу соғұрлым пайдалы болады. CLIL сабағын жоспарлау 
сонымен қатар «алдыңғы білім» бөлімін ескереді, мұнда білім алушылар 
оқу жоспарындағы ақпарат негізінде алдыңғы сабақтардан / тоқсаннан 
/ оқу жылынан не білуі керек екенін түсіндіру қажет. Алдыңғы білімді 
жандандыру жаңа материалды тиімді үйретуде үлкен рөл атқарады. 
Сонымен қатар, пәндік білім мақсатын қалыптастыру кезінде 
оларды ақыл-ой дағдыларының деңгейлері бойынша ұйымдастыру 
маңызды (Блум таксономиясы). Осылайша, мақсаттарды білдіретін 
етістіктер төмендегі танымдық үдерістермен байланысты болуы керек: 
есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, бағалау, құру. 
Келесі қадам 
– 
саралау. Білім алушылардың құзыреттіліктерінің 
әртүрлі деңгейлеріне және оқытудың әртүрлі түрлеріне назар аудару 
керек. CLIL сабақтарын жоспарлау жөніндегі нұсқаулықтың авторлары 
мұғалімдер оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып
сабақты жоспарлаудың бастапқы нүктесі ретінде пайдалана алатын кесте 
түрінде мысал келтірді (30-кесте). 
 
 
 


114 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет