Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен


Сөздің контекстегі жағдаятпен қисындылығы



бет13/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Сөздің контекстегі жағдаятпен қисындылығы

Сөзді қарым-қатынас жағдайына сай бұрмалап қолданып жатамыз. Кейде ол сәтті, ал кейде сәтсіз шығып жатады. Бұл жағдайда сөздің қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне қызмет етуі басты талап. Сөздің контекстік қисындылығының болуы стильдік қисындылықпен тығыз байланысты. Кейде контексті, стильді ескермей, сөздің қисынын кетіріп жататын кездеріміз де болады.



Әдеп-ережелермен қисындылығы

Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу тек лингвистикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәнге ие. Сөз тек ақпаратты жеткізіп қана қоймайды, сөйлеушінің қоршаған ортаға, өзге адамдарға деген қарым-қатынасын да білдіреді. Сол себепті де сөйлеуші өз сөзінің адамдарға қалайша әсер ететіні туралы ойлануы керек. Кей кезде орынсыз ойланбай айтқан сөзімізбен біреудің жанын жаралап, байқаусызда ар-намысына тиіп, кейін бармағымызды тістеп жатамыз. Кейде сөзіміздің тым дөрекі әрі жасанды шыққанын байқап, өзімізден-өзіміз қуыстанып жатамыз. Сондықтан сөздің тұлғалық-психологиялық орнықтылығы дегенде адамның ішкі мәдениеті мен парасатын, өзге адамдармен қарым-қатынасын, сыпайылығын, тіл табыса білу қабілетін, өзге адамдармен қарым-қатынас орната алу қабілетін айтамыз. Дұрыс айтылған сөз сізге сәттілік әкеліп қана қоймайды, моральдық және физикалық саулығыңыздың да кепілі болады.


1.Сөздердің орысша аудармасын

жазып, жаттаңыз.


  1. Әдеп-ереже қисындылығымен тірек сөздерден сөйлем құраңыз

Келіссөз жүргізу, шарт, талап, келісім-шарт, тасымалдау, баға, ішкі/сыртқа нарық, мүмкіндік, тапсырыс, атақ-бедел, шығын, жоспар, шешім, төлемақы, есеп-шот, қарастыру, қабылдау, ескеру, бас тарту, ұсыну, келісімге келу, келісімге отыру, бизнесмен, кәсіпкер.



  1. Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.

«Мен әулие емеспін. Сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу ұшса, туы желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген білек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өскен, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да игі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не білесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны білеймін және Олардың болашағына кәміл сенемін, айрықша үмітпен қараймын. Оған күн сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салып, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!» (Д.Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат, 1994. 507-508бб.).

5.Сөздік қорымызға сөз қосайық!Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді тауып, жазыңыз.

  1. Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес _________________

  2. «Әулиелік ету», білгірсу _____________________

  3. Бірігу, тату болу _______________________

  4. Сый-құрметке ие болу _________________________

  5. Күмәнсіз, айқын ________________________

  6. Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады ____________________

  7. Ыңғайы, реті, сәті түспеу ______________________

  8. Ауыртпалық зардабы, азап, қиыншылық __________________________

  9. Берік, мықты, мығым болу ___________________________

6. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңдегі кейіпкердің және автордың сөзінің қисындылығына баға беріңіз. Кейіпкердің сөз саптауында қандай кемшіліктер бар және оған қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз? Пікір алысыңыз.


Жолдастар! ...ім...ім....ім...

Жолдастар! Сендердің бүгінгі

Жиылыстарыңды өзімше...

Жүрегім бір түрлі неткен соң,

Әлбетте сендердің алдыңда...

Бұлайша азырақ айтып:

Әм және ... өзімнің

Бір түрлі қуанған,

Бір түрлі неткен мақсұтты сөзімді

Айтпақшы мақсұтым болған соң,

Бүйтіп сендердің неғылып

Жатқандарыңды нетіп...

Қарсы алып құттықтамақшы боламын...

Әлбетте... бұлайша қарсы алып...

Сендерге нетіп тұрғандықтан....

Һәм және бір түрлі өзімше...

Мақсұтты сөзімді айтып...

Сендердің бұлайша жиналып...

Бір түрлі қуанып неткендіктен...

Һәм тағы өзіміз не қылсақ,

Жүзеге асар деп сенемін...

Сондықтан бүгінгі қуаныш,

Мәжілісті өзімізше қарсы алып,

Сендердің алдыңда кішкене,

Мақсұтты сөзімді аңғартып,
... Және келешек күнде де,

Бұлайша неғылып трғанда...

Әлбетте, жүде, олай болғанмен,

Жүзеге асар деп сенемін.

Әрине, біздерге бұлайша нетуге...

Һәм және мақсұтқа жетуге болғанмен,

Бір түрлі бұлайша кірісіп...

Жұмыла нетпесе болмайды...

Сонда да біздерге жиналып...

Былайша бір түрлі неғылсақ...

Негізінде жүзеге шығады деп ойлап,

Жалпы айтқанда, бәріміз де...

Мақсатымыз осы ғой деп ойлаймын.

Ал енді жолдастар!

Табыс жағына келейін,

Анық есебін білмеймін...

Әрине, уақыт болса, болып қалды.

Сондықтан мен немді көп созбайым,

Бағанадан жасасынға жете алмай тұр едім.

Енді жеттім - бәрі жасасын,

Осы борышымды өтейміз деп...

Иманымыз кәміл.... (Қ.Қуанышбаев. «Шаншарлар»).





  1. Мәтіндегі кейіпкердің тіліндегі қате және қажетсіз сөздердің астын сызып шығыңыз.

  2. Өздеріңіздің тілдеріңізде жиі қолданылатын сөздерді жазыңыз. Олар тыңдаушыға қалай әсер етеді? Пікір алысыңыз.

8.Ойынға қатысайық!

Келесі сөздерді түрлі тонмен айтыңыз, ал басқалары оны қандай мағынада айтқаныңызды табуы керек.

Тамаша!

Құттықтаймын

Келісе алмаймын

Кездесеміз

Орындаңыз

Кешіріңіз

Солай ма

Солай деңіз

Тәуекел

Болар іс болды

Өте жақсы

Түсінікті

Әлбетте

Әрине


Мәтінді рөлге бөлініп, мәнеріне келтіре оқыңыз.

Келіссөзде

А: -Кешіріңіз, кездесуіміз сәл кеш басталып жатыр. Оның өзінің себептерібар. Кешірім сұраймыз.

В: -Оқасы жоқ! Серіктес болу оңай емес!

А: -Дұрыс айттыңыз! Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе.

В: -Бірден іске көшейік. Сіздердің талаптарыңызбен таныстық, көп ойландық... Бірақ тауардың көтерме бағасы бізге тиімді емес.

А: -Біздің бағамыз қаладағы еңтөмен баға.

В: -Солай екені рас. Бірақ біз тапсырысымызды келісілген көлемнен үш есеге көбейткіміз келеді. Оның үстіне... біз сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғымыз келеді. Сондай-ақ, біз сіздердің тасымалдаукомпанияларыңызбен де қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

А: -Біздің компанияға деген сенімдеріңіз үшін көп рахмет. Сенімдеріңізді ақтауғатырысамыз. Бірақ сізге ұсынған баға біздегі ең төменгі баға. Одан артық түсіру бізге қосымша шығындар әкеледі.

В: -Әлбетте. Бірақ біздің ұсынып отырған бағамыз сізге де, бізге де ұтымды деп ойлаймын. Қазақстандық нарықта сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. Бізбен серіктес болсаңыздар, тауарларыңызды сыртқы нарыққа шығаруға мол мүмкіндік ашылатынын ескерсеңіздер деймін. Оның үстіне біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имиджіңізді көтере түсетіні анық.

А: -Сіз өте жақсы ой айттыңыз. Біз сыртқы нарыққа шығуға талпынып жатырмыз. Тауар көлемін күн сайын өсіріп жатырмыз. Қазір сақтандыру компаниясымен тауарды сақтандыру тарифтері туралы келіссөздер жүргізудеміз.

В: -Тауар көлемін ұлғайту туралы шешімдеріңіз өте дұрыс шешім. Болашақтасіздің тауардың 40 пайызын тек біздің компания ғана сатып алып отыратын болады. Біздің болашаққа жоспарларымыз өте көп.

А: -Әрине, әрине. Еш күмәнім жоқ. Мен бұған қатысты шешімді қазір айта алмаймын. Ұсыныстарыңызды компания мәжілісінде көтеремін.

В: -Өте жақсы. Екі жаққа да ұтымды шешімге келетіндеріңізге сенемін.

А: -Мен сізге ешнәрсеге уәде бере алмаймын. Акционерлердің ортақ шешімін тосуға мәжбүрміз.

В: -Түсінікті. Алайда бізге жауаптарыңыздытез арада берсеңіздер екен. Тауардың алғашқы партиясын біз келесі айда алуымыз керек. Төлемақысынесеп-шоттарыңызға бірден аударамыз.

А: -Әлбетте. Жақын күндерде хабарласамыз.



ЕСКЕРІҢІЗ!




  1. Келіссөзде өтініш білдіруде «деймін», «дейміз», «екен» сөздері шартты райдың сыпайы түрінде, көпше тұлғада жиі қолданылады:


-ескерСЕңіздер деймін/дейміз;

- ескерСЕңіздеймін/дейміз;

-жауаптарыңызды тез арада берСЕңіздерекен;


  1. Келіссөзде қалау-тілекті білдіру үшін қалау рай тұлғасының сыпайы, көпше түрі белсенді түрде қолданылады:


-тапсырысты көбейтКІміз келеді;

-келісім-шртқа отырҒЫмыз келеді;


  1. келліссөзде «біз», «сіз», «сіздер» тұлғасында сөйлеген орынды.


-БІЗ тауарды шетелге шығарғалы жатырМЫЗ.





  1. Сөздерді жаттап, сөйлем құраңыз.

  1. Қабылдау принимать

  2. Қарастыру рассматривать

  3. Ұсыну предлогать

  4. Жауабын беру дать ответ

  5. Бас тарту отказаться

  6. Келісімге келу прийти к соглашению

  7. Келіссөздер жүргізу вести переговоры

  8. Тырысу стараться

  9. Ескеру учитывать

  10. Хабарлау известить, сообщить


11.Жағдаяттық тапсырма!

  1. Сіз келіссөздесіз. Серіктесіңіздің ойларымен келісетініңізді қалай білдірер едіңіз? Сөздердің қатарын толықтырыңыз.

Иә, әрине...

__________

__________

__________

__________

__________

__________

__________



  1. Сіз келіссөздесіз. Серіктесіңіз сіздің айтқан ұсыныстарыңызға келіспей жатыр. Өзіңізге сендіру үшін сөзіңізді қалай бастайсыз? Сөздердің қатарын толықтырыңыз.

Жақсы, мәселеге басқа қырынан келейік...

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

  1. Келесі жағдайларда серіктеске қандай сөз айтар едіңіз?

Серіктес өзгелердің өзін маман ретінде бағалағанын қалайды –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңізді жақсы түсінгеніңізге көз жеткізгіңіз келді –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңіздің тәжірибесін бағалайтыныңызды білдіргіңіз келді –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңізге ойлануға уақыт бергіңіз келді –

_____________________________________________________________________________



12. Д.Карнеги іскерлік кездесуде ескеру керек 6 ережені ұсынады. Мәтінді оқып, қазақшаға аударыңыз. Пікір алысыңыз.
Правило первое: искренне интересуйтесь другими людьми.

Правило второе: улыбайтесь!

Правило третье: помните, что на любом языке имя человека – это самый сладостный и самый важный для него звук!

Правило четвертое: будьте хорошим слушателем. Поощряйте других говорить о себе.

Правило пятое: говорите о том, что интересует вашего собеседника.

Правило шестое: внушайте собеседнику сознание его значимости и делайте это искренне!

-Бұл ережелер бүгінгі таңда қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

-Тағы да қандай ереже ұсынар едіңіз? (2-3 ереже жазыңыз)

13.Келесі фразеологизмдерді мағыналарымен жұптастырыңыз.

Көптің енші-үлесіне айналдырды

бетін қайтарды

1) Бір жерге жиналды, мәжіліс құрып, кеңесті; 2) бірігіп тұрмыс құрды, үйлі-боранды болды

бет алды

Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері

басы ашық

Қарқынын басты, алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; жігерін құм қылды; қолын қақты, меселін қайтарды

ортаға салды

1) Ап-айқын, даусыз, ешкімнің таласы жоқ; 2) бос; ешкімнің ортақтығы жоқ, қолы тимеген

тоғыз жолдың торабы

Бағыт алды, кірісті, ыңғайланды; көңіл берді, жүзін көрсетті

бас қосты


6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Сіздің әдеттегідей іскерлік кездесуіңіз болады. Кездесу жайын уайымдар ма едіңіз?

2. Сіз дәрігерге көрінуге жағдайыңыз ауырламайынша бармайсыз ба?

3. Мәжілісте, жиында немесе басқа шараларда баяндама оқуға, ақпарат туралы мәлімдеуге шығу туралы нұсқау сізді тығырыққа тірер ме еді?

4. Сіз өзіңіз бұрын-соңды болмаған, көрмеген қалаға іс сапарға шығу керек. Бұл іссапардан бас тарту үшін бар күшіңізді салар ма едіңіз?

5. Өз ойларыңызбен біреумен бөліскенді жақсы көресіз бе?



1.Тақырып №30, атауы: Ұлы Отан соғысының батырлары. Батыр қыздар. Университет мұражайы. Сөйлемдерді синтагмаларды мәтінде бір- бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі. Пауза және синтагма. Аралық бақылау.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ұлы Отан соғысының батырларын және олардың істеген ерліктері жайлы ақпарат беру.. Сөйлемдерді синтагмаларды мәтінде бір- бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі туралы мәлімет беру;

Өткен тақырыптарды меңгергенін тексеру.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • Ұлы Отан соғысының батырлары туралы білу;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

- тапсырмаларды орындау.


  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары атағын алған қандастарымыз кімдер?

2.Батырлық, ерлік туралы қандай мақалдар білесіз?

3.Соғыс тақырыбына жазылған қандай кітаптар оқыдыңыз?



5. Оқу және оқытудың әдістері. Оқылым: мәтінмен жұмыс, сөздік жұмысы, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім, мақал-мәтел, шығарма жазу
1.Мәтінді түсініп оқыңыз.

Ұлы Отан соғысы

Биылғы жылы Ұлы Отан соғы­сы­ның аяқталғанына 66 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер  бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты. 

Осынау соғыста бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшы­лар, партизандар, қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы  белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында оған ие болған қазақ ұлтының аза­мат­тары 103 болып отыр.

Өзбектер иеленіп кеткен айтулы қазақтар: генерал-майор Сабыр Рахимов пен бөлімше командирі Расул Есетов осы санатқа қосылды. Дәлірек айтқанда, соғыс кезеңінде бұл атақ 100 адамға нақты берілсе, 1946 жылы оны Сұрағанов Құдайберген, 1965 жылы генерал Рахимов Сабыр, ал 1990 жылы Момышұлы Бауыржан алды. 

 Бұл таза ұрыс алаңында барлығы 103 қазақ осы жо­ға­ры атаққа ие болды деген сөз. Кейін, яғни бейбіт ке­зеңде оған қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубә­кіров, Ауған соғысының қаһарманы Қайырболат Майданов қосылды. Соңғы азамат кейіннен Че­шен­стандағы қантөгісте Ресей Батыры атағын да иеленді. Өкінішке қарай, 2000 жылы оның тік­ұша­ғы атып түсіріліп, өзі қазаға ұшырады. Бұлардан тыс 90-шы жылдардың соңында кеш те болса Ресей Батыры атағын Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ұшқыш-радист жетісулық Бақтыораз Бейсекбаев та алды. 

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақ­тат­ты. Мына төменде беріліп отырған Кеңес Ода­ғының Батыры атағын алған қандастарымыздың тізімі – соның айғағы.

4. Сөздердің мағынасын ашыныз.

Ұлы Отан соғысы –

Отан үшін отқа түс –

Қазақ батырлары –

Опасыздықпен басып –

Сұм соғыстын құрбаны болды –

5.Берілген сөздерді мағыналық жағынан дұрыс тіркестіріп жазыңыз.

Ауған аланында

Ұрыс соғысы

Тұнғыш асқақтатты

Рухын ғарышкер

6. Қазақтың батырлары туралы не білесіз және де сол туралы шағын эссе жазыңыз.

7. Отан туралы мақал- мәтел жазыныз.

8.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз және синонимдерін табыңыз.

Батыр, қаһарман, майдан, қаза табу, атақ, мүгедек, жауынгер халық, ерлік.



9. Сөздер мен сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыздар.

Көшіп келді – переехали

Неміс басқыншылары – немецкие захватчики

Майдан – фронт

Совет Одағының Батыры – Герой Советского Союза

Солтүстік-Батыс майдан – Северо-Западный фронт

Мемориалдық мұражай – мемориальный музей

Ұрпақ – поколение

Ешқашан – никогда

Ұмытпақ емес – не забудет

Өз еркімен – добровольно

Көзге түсу – отличиться

Ерлікпен – героический

Естелік – на память

Бейне – образ

Нағашы – родственник со стороны матери

Тҙрбиеленген – воспитывался

Неміс басқыншылары – немецкШе захватчики

Мәңгі – вечно

Мұражай – музей



10. Мәнерлеп оқып, мәтіндерге жоспар құрыңыз, әңгімелеңіз.

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Әлияның анасы 8 жасында қайтыс болып, ол нағашысының қолында тәрбиеленген. 1935 жылы Әлия нағашысының отбасымен алдымен Мәскеуге, ал соғыстың алдында Ленинградқа көшіп келді.

Елімізге неміс басқыншылары соғыс ашқан кезде, Әлия снайперлерді дайындайтын курста оқып, 1943 жылы Солтүстік Батыс Майданының 5-атқыштар бригадасына аттанады. Онда 4-батальонның снайпері болды. 1944 жылдың қаңтар айында Псков облысының «Казачиха» деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты.

1944 жылы 4-маусымда Әлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Бүгін де Әлияның атында ескерткіштер, көше, мектеп, мұражайлар бар. Әлияға ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қылқалам шеберлері Әлия бейнесін жасады. Ғалым – зерттеуші С.Синицкий «Белые ночи» деген кітап жазса, Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары», Ж.Жұмақанов «Әлия» атты повестер жазған. Әлияға ескерткіш Новосокольники қаласында (авторы М.Әйнеков), Ақтөбеде (авторы – Л. Рапутов, М.Штамм), Мәскеуде (суретші Б. Әбішев) тағы да басқа қалалардағы мемориалдық мұражайларда бюстары орнатылған. Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазақстанның барлық қалаларында Әлия атындағы мектептер бар. Қазақ - қашанда жауынгер халық, батыр халық. Олардың батырлығы ерлігі ұрпаққа үлгі. «Ер есімі – ел есінде»,-демекші батыр қыздар Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерліктерін кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпақ емес.

МӘНШҮК МӘМЕТОВА

Мәншүк Мәметова (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы Орал облысының Орда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда тұратын апайының қолында өткізеді. Ол Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы медицина институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамыз айында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк соғыста өзінің мергендігімен және табанды батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған ұрыста ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып,фашистердің қолынан ерлікпен қаза тапты.

1944 жылы аға сержант Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс кезінде Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.

Қазақтың батыр қызының ерлігі туралы көптеген жыр, естелік, повесть, әңгімелер жазылды.

Көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов: «Соғыс жылдары көрсеткен ерлігі және батырлығымен елді таңдандырған ХХ ғасырдың осы бір тұлғасына әйелдер бейнесін жасайтын, бар өмірін соған арнайтын не суретші, не мүсінші болсам ғой»,- деп жазды.

Мәншүк Мәметовамен майдандас болған режиссер Мәжит Бегалин өзінің батыр досы, қаһарман қазақ қызының өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы ән» көркем фильмін түсірді.

Батыр қызды бала кезінен жақсы білетін ақын Мәриям Хәкімжанова «Мәншүк Мәметова» поэмасын жазған. Осы поэма негізінде режиссер Сейілхан Асқаров «Мәншүктің балалық шағы» телефильмінің сценариін жазды. Сондай-ақ М.Мәметованың майдандастары Александр мен Акентай Хамидуллиндер «Мәншүктің жұлдызды» сәті атты кітап жазды.

Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған. Невель Алматы, Орал тағы басқа қалаларда Мәншүк атында көшелер, республикамызда ондаған мектептер, Қызылорда қаласында Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі бар.

2010 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Мәншүк Мәметова атындағы кабинет ашылды. Сонымен қатар университет мұражайында Мәншүк Мәметоваға арналған бөлме бар. Алматы қаласында 1997 жылы Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш орнатылды.

11.Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз, жаттап алыңыз.


  1. Ананың көңілі балада, Мать живет заботами детей,

Баланың көңілі далады. Дети – своими интересами.

  1. Інісі бардың тыныс бар, У кого есть старший брат,

Ағасы бардың жағасы бар. У того опора есть

У кого есть младший брат,

У того подмога есть.


  1. Әкенің қадірін Цену отцу узнаешь,

Балалы болғанда білесің. Когда появятся собственные дети.

12.Оқып есте сақтаймыз!

Әкелері жайында балалары не ойлайды?

6 жасында – Менің әкем бәрін біледі!

20 жасында - Менің әкем біраз нәрсе біледі.

30 жасында - Әкем соншалықты көп нәрсе біле қоймайды.

40 жасында - Мен де әкемдей білемін.

50 жасында - Әкем біраз нәрсе біледі.

60 жасында - Менің әкем бәрін біледі!

70 жасында - Әттең, әкем өмірде болса, әкеммен ақылдассам ғой!



13. «Қазақ елі батыр қыздарын мақтан етеді», «Қазіргі замандағы батыр қыздар», «Батырлықтың өнегесі» тақырыптарының біріне шығарма жазыңыз.

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

  1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

  2. Мәншүк Мәметова қай жылы, қайда туған?

  3. Мәншүк Мәметованың балалық шағы қайда ,қалай өтті?

  4. Соғысқа дейін Мәншүк Мәметова қайда оқыды?

  5. Мәншүк Мәметова Қызыл армия қатарына қай жылы шақырылды?

  6. Мәншүк Мәметова қай жерде фашистермен соғысты?

  7. Мәншүк Мәметоваға қай жылы Батыр атағы берілді?

  8. Мәншүк Мәметова туралы жазған кімдердің естеліктерін білесіз?

  9. Әлия Молдағұлова қай жылы, қайда туған?

  10. Соғысқа дейін Әлия Молдағұлова қайда оқыды?

  11. Әлия Молдағұлова Қызыл армия қатарына қай жылы шақырылды?

  12. Әлия Молдағұлова қай жерде фашистермен соғысты?

  13. Әлия Молдағұлова қай жылы Батыр атағы берілді?

  14. Әлия Молдағұлова туралы жазған кімдердің естеліктерін білесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет