IV.Машықтық кезең
|
Тілік үш қиюшы фронталь жазықтықтармен жүзеге асырылған. Қиюшы жазықтықтардың орналасуы қарау бағытын көрсететін нұсқамалары бар қима сызықтарының штрихтарымен көрсетіледі көрсетіледі және бір әріппен белгіленеді. Бұл штрихтар қима сызықтарының бастапқы және соңғы штрихтары ретінде қарастырылады . Қима сызықтарының иілуі де үзік сызықтар штрихтарымен орындалады. Қима сызықтарында иілулердің болуы күрделі тіліктің графикалық безендірілуінде көрініс таппайды. Барлық қиюшы жазықтықтар бір фронталь жазықтықта біріктірілген және күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады.
Қиюшы жазықтықтарды шартты түрде өзара қиылысу сызығынан негізгі проекция жазықтықтарының қандай да біреуіне параллель жазықтықпен беттескенше айналдырады. Сондықтан сынық тіліктер фронталь, горизонталь және профиль тіліктер бола алады. Жоғары орналасқан қиюшы жазықтық ойнша қиюшы жазықтықтардың қиылысуы сызықтарынан айналдыра горизонталь қиюшы жазықтықпен беттескенше бұрылады.
Қиюшы жазықтықпен бірге онда орналасқан тетіктің қима фигурасы да бұрылады. Үстіңгі көріністе көрсетілген бұруды орындаудан кейінгі қиылған тетіктің кескіні берілген. Бұл салуларды сызбада көрсетпейді.
Үстіңгі көріністі белгілей отырып, сатылы тілікті бас көріністің орнына орындаңдар. Сол жақ көріністі тетіктің көрінбейтін контурының жетіспейтін сызықтарымен толықтырып сызыңдар ( масштаб 1:1) (163- сурет). Пропорцияны сақтай отырып, өлшемдерді түсіндіріңдер .
Нәрсенің сынық тілігін бас көріністің орнына орындаңдар (163- сурет). Өлшемдерді түсіріңдер.
|
162-сурет
160- сурет
163- сурет
|
Оқушылар қима сызықтарының иілуі де үзік сызықтар штрихтарымен орындайды.
Оқушылар қиюшы жазықтықтарды шартты түрде өзара қиылысу сызығынан негізгі проекция жазықтықтарының қандай да біреуіне параллель жазықтықпен беттескенше айналдырады.
Оқушылар сынық тілігін бас көріністің орнына орындауды үйренеді.
|
V.Қорытындылау.
Үй тапсырмасы
|
Қорытындылау сұрақтар:
1 .Күрделі тіліктер-дегеніміз не?
2 .Күрделі тіліктер нешеге бөлінеді?
163-ші сызбаны аяқтау
|
Жауаптар:
1. Екі және одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынатын тіліктер күрделі тіліктер деп аталады.
2.Күрделі тіліктер сатылы және сынық тіліктер болып екіге бөлінеді.
Оқушылар үйге тапсырма алады.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты меңгереді.
Сабақ аяқталады.
|