Сабақтың білімділік мақсаты: Әннің орындалу әдіс тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету



бет2/2
Дата28.12.2023
өлшемі20.57 Kb.
#488251
түріСабақ
1   2
Сабақтың тақырыбы ән айту

«Шығарманы талдап үйрену,әндету»
хормен ән салып тұрған балалардың суреттері көрінеді.
— мына суреттен біз кімдерді көріп тұрмыз? (Қолдарын төмен түсіріп, тік тұрып ән салып тұрған балаларды көріп тұрмыз.)
Түрлі аспаптармен өзі сүйемелдеп, өзі ән айтатын дәстүрлі ән өнерімен таныссақ, ал бүгінгі сабағымызда осы әнді қалай талдап айтумен танысамыз. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Шығарманы талдап үйрену,әндету».
Сабақтың мақсаты :
Әнді дұрыс талдап айту үшін алдымен оның орындалу әдіс – тәсілін, ережелерін білу қажет. Ал, жалпы әншілік өнердің кім – кімге де артықтығы жоқ екендігі туралы болмақ.
Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі : Әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс – тәсілін, ережелерін білу қажет. Ән айту үшін ең әуелі қалай тыныс алу керектігінйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын біліп алғаның жөн. Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше — өкпе. Сол өкпеде жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айту барысында музыкалық сөз тізбегіне (фразаға) лайықтап шығарады. Әрбір сөз тізбегіне байланысты әнші жаңадан тыныс алып отырады. Ән айтқанда көмейден шыққан дыбыс тыныс жолдары – жұтқыншақ, ауыз қуысы, кеуде, бас, кеңсірік, дыбыс тербелістерін жасаушы (резонаторлық) дене мүшелері арқылы күшейіп естіледі. Яғни дұрыс тыныс алу — әншілік өнердегі басты алғышарттардың бірі. Дұрыс тыныс алу мен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану – дыбыстың да, сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуының кепілі. Енді, әншінің отырыс – тұрысына, денесін қалай ұстау керектігіне назар аударайық. Мысалы, әнші денесін болбыр ұстап, сергек сезінбесе немесе бүкірейтіп, қисайып, шалқайып, дұрыс тұрмаса, дыбыс шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейді. Сөйтіп ән өз дәрежесінде шықпайды. Сондықтан да ән салғанда дене мүшелерін дұрыс ұстау керек.
Ән айту ережелері
1. Әнді айтқанда қолды төмен жіберіп, денені тік, түзу ұста, иығыңды көтерме.
2. Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.
3. Әнді құр жаттап айтпа, шығарманың көркемдік мәнін сезіне отырып, өлеңнің сөздерін анық, түсінікті орында.
4. Әнді айқайламай, мәнерлеп айт.
5. Әннің әуенін таза, дыбыс биіктіктерін анық сезе отырып орында.
6. Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындау барысында өз даусыңды бақыла.
7. Музыкалық сөйлемді толық, үзбей орында.
Ән үйрету.
Ән біздің жарқын болашағымыз туралы. Әнді тыңдамастан бұрын араласып кеткен сөз тіркестерін өз орнына дұрыс қоя білсеңдер, әннің мәтінін оқи аласыңдар.
Араласқан сөздер.
1. Шақырады — (асқар мынау),
Ақша бұлтқа — (оранған).
Жүрген сайын, — (достарым – ау),
Ашылады — (жол алдан).
Жол жыры
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Сөзін жазған Т. Молдағалиев
1. Шақырады асқар мынау,
Ақша бұлтқа оранаған.
Жүрген сайын,достарым – ау,
Ашылады жол алдан.
2. Көк өзендер көбік шашып,
Бізді келіп көр дейді.
Жолда жүру қандай жақсы,
Жол биікке өрлейді.
3. Төбемізде жанады күн,
Күн қызығын көрейік.
Жиып әкеп дала гүлін,
Анамызға берейік.
1. Әнді тыңдатамын
2. Ән туралы сұрақтар қойылады. (Ән не туралы? Қандай екпінде? Қайырмасы бар ма? Көз алдыңа нені елестете аласың?)
3. Фраза бойынша үйрету
4. Әнді толықтай орындау
5. Әр қатарға бөліп орындау.
Дәптермен жұмыс
(Дәптермен жұмыс кезінде үнтаспадан музыка ойнап тұрады. Оқушы ән айту ережелерін дәптеріне жазып алады.)
Ү. Бекіту.
— Бүгінгі сабағымыз аяқталуға да жақын. Алған біліміңді қорытындылай келе мына сұрақтарға жауап алайық.
1. Адам денесіндегі жыныстық ауа легін жинайтын мүше?
2. Әншілік өнердегі басты алғы шарттардың бірі?
3. Ән айтқанда қалай тұру керек?
4. Әнді қалай орындау керек?
5. Қандай ән үйрендік?
ҮІ. Қорытындылау.
«Сиқырлы таяқша». Мұнда таяқша арқылы оқушы бүгінгі сабақтан алған әсерін және өз пікірін айтады.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
1. Ән айту ережелері.
2. «Жол жыры» әнін жаттап келу.
ҮІІІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет