Сабақтың жаңа формада өтуінің қандай қажеттілігі болды?



Дата19.06.2016
өлшемі39.77 Kb.
#147808
түріСабақ
Жеке тұлға тәрбиелеуде сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі.
Сабақтың жаңа формада өтуінің қандай қажеттілігі болды?

Көптеген жылдар бойы химия пәнінен дәріс беріп жүрген кездегі толғантқан проблемаларым:

-біріншіден 8-сыныпқа келіп химия пәнін оқи бастағаннан-ақ, көбінде: “қиын пән, түсінбеймін”,-деген қорқыныш туындайды, ал орташа оқитын оқушыға типті отырып кетуге келетінін байқадым.

-екіншіден 8-сыныпта негізін түсінбеген оқушы жоғары сыныптарда жаңа білім алуға қиындық туындады.

-үшіншіден химияның өмірге қажеттігін түсінбеді.

Сондықтан балаларға жеңіл, қызығатын, өз жұмысын бағалай алатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып жүрмін. Бұл технология бірнеше стратегиялармен жұмыс жүргізуде жүзеге асырылады.

Әр оқушы белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады, басқалардың ойын тыңдауға үйренеді және өз білімін толықтыра білуге тәрбиеленеді.

Осы мақсатпен 8-сыныпта “Оттек алу және оның қасиеттері” және “қышқылдар” тақырыптарында топпен жұмыс істей отырып, 3 кезеңнен тұратын сабақ өткізілген болатын.

Сабақ ІІІ кезеңнен тұрды.

І-қызығушылықты ояту

ІІ-кезең-мағынаны тану, ажырату

ІІІ-кезең-ой толғаныс кезеңі



Мақсатым:

  1. Химиялық биологиялық тұрғыдан тірі табиғат құрамындағы қышқылдың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейтеді.

  2. Оқушылар айналадағы құбылысты байқау, салыстыру, талдау, қайталау арқылы білімдерің жүйелейді.

  3. Әр деңгейлі балалар бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің пікірін тыңдап, баға беруге үйренеді:

І қызығушылығын ояту мақсатында бірнеше сұрақтар беріледі.

1) -Тақтаға төрт түлік малдың суретін іліп, бұл суреттердің қышқылға қандай қатысы бар? –деген сұрақ қойылды.

2) Шұбат, қымыз құрамы сүт қышқылынан тұратыны, оның адам ағзасына пайдалы айтылады. Қымыз туберкулез емдеуге, шұбат қанның ақ, қызыл түйіршіктерін реттейді, ешкі, сиыр сүті жұқпалы ауруға ұшырамайтыны түсіндіріледі, яғни сүт құрамында қышқыл бар екенін біледі.

3) -Тауықтың, құстардың құмырсқа илеуіне шомылып, аунап жатқанын көрдің бе? Деген сұрақтар беріліп ойларын тыңдау. Құмырсқа қышқылы НСООН паразиттерге нафталиндей әсер етеді, құстар үстерін тазартады. Химия , биология журналынан шыққан «Торғайдың құмырсқа илеуіне шомылуы» әңгімесінен үзінді оқып беру.

4) -ауырған аңға кім рецепт жазып береді?

Ауырған аң сүйретіліп келіп хинин ағашының қабығын кеміріп тұрып кетеді. Хинин ағашында хинин қышқылы бар екені анықталған.

5) -сіздер үйде, тұрмыста т.б. қандай қышқылдарды кездестірдіңдер?-деген сұраққа (сірке, лимон, ацетил салицил, аскорбин, т.б. қышқылдар). Осындай мысалдар келтіре отырып қышқылдардың маңызы туралы көп мағлұмат алады.

Қандай нәтижеге жетім:

-жақсы оқушы, орта оқушы бөлінбей еркін жауап бере алады;

-өзіне деген сенім пайда болды;

-байқағанын, көргенін айта білді;

-химия пәнінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екеніне көздері жетті.

ІІ кезең де мағынаны ажырату үшін топтарға берілген сұрақтарды кітаппен жұмыс жасау арқылы өздері жұмыс жасап, қорытынды шығарды.

-физикалық, химиялық қасиеттерін ажырата білуге үйренеді;

-химиялық реакцияларды жаза білді;

- өткен ЭДТ тақырыбымен байланыстыра білді;

-ауызша, жазбаша жауап беруге дағдыланды;

-оттекті қышқыл формулаларын құрғанда сутегі орталық атоммен оттегі арқылы байланысатынын білді;

-қышқыл қалдығының валенттілігін есте сақтау арқылы формулаларын жаза білді;

-қышқылдарды жіктей білді.

Топпен жұмыс істеген кезеңдегі міндеттер:

1) Бірін-бірі толықтырды

2) Басқа топпен жарыса орындады

3) Жауапкершілікті сезінді

4) Қызығушылық пайда болды

5) Топпен жұмыс арқылы нәтижесін көрсете білді



ІІІ-кезең. Ой толғаныс кезең:

  1. Тақырыпты оқушылар қорытындылау кезінде “сұхбат алу”. Сабақта не білдің, не оқыдың, ұнады ма? Т.б. сұрақтар қойылып жауап алынды.

  2. “Топтастыру әдісі” қолдынылды (сурет-2)

  3. “Вен” диаграмасын құру. Бейорганикалық, органикалық қышқылдар және ортақ қасиеттер туралы оқушылармен бірігіп қорытынды жасалды.

Сондықтан бұл сабақ бойынша оқушының төменгі әрекеттерін сәтті деп ойлаймын.

    1. Алған білімдерін жүйелеуге үйренеді, білмегенін толықтырады.

    2. Күнделікті өмірге қажет екенін түсінді

    3. Қарапайым құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіруге болатынына көзі жетті

    4. Пәнге көз қарасы өзгерді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың өз беттерімен меңгерген материалдағы ұғымдардың олардың әрбіреулерінің есінде ұзақ сақталып, оның білім деңгейінің артуына зор ықпал етті. СТО технологиясында мұғалім оқушының өзі білімді алуына мүмкіндік жасаушы, бағыт-бағдар беруші ролін атқарады.

1-Сурет





Туберкулез Қанның ақ, Жұқпалы ауруға

емдеуге қызыл түйіршіктерін ұшырамайды

пайдаланады реттейді


Қымыз


Шұбат

Сүт

Сүт қышқылы

СН-СНОН-СООН




(2-сурет) Алма қышқылы

Сүт қышқылы Индикатордың түсі



өзгереді
Дәмді қышқыл Қышқылдар Құмырсқа қышқылы

Лимон қышқылы Сірке қышқылы Суда ериді


(3-сурет) Вени диаграммасы.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет