Сабақтың жоспары: Литосфера және оның шекарасы Жер бедері, оның классификациясы



бет2/6
Дата24.10.2023
өлшемі49.24 Kb.
#481580
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
7-13 дәрістер жалпы жертану

Сабақтың жоспары:

  1. Уақытша ағынды сулар әректінен қалыптасқан бедер пішіндері.

  2. Тұрақты ағын су әрекетінен қалыптасқан бедер пішіндері.

  3. Тау массасының еруіне және бұзылуына байланысты қалыптасқан бедер типтері.

1. Ағынды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығы флювийлік (латынша fluvius – ағынды, тасқын) процестер деп аталады.


Кез келген ағын денудациялық, бұзушы жұмыстарды – эрозияны, материалдарды тасымалдау мен аккумуляцияны, эрозиялық және аккумулятивтік флювиалды рельеф формаларын қалыптастырады. Эрозиялық және аккумулятивтік флювиалды процестер қатар жүреді, сондықтан оларды тек шартты түрде ғана бөледі. Мәселен, эрозиялық формаларға жыралар, сайлар, таулы өзен аңғарлары, аккумулятивтіге жыралар мен сайлардың шайындыларының конусы жатады. Жер шарында аккумулятивті формаларға қарағанда эрозиялық және эрозиялы-аккумулятивті формалар кең таралған. Қазіргі кезде эрозияның екі моделі бар: қалыпты және қарқынды.
Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жылғалар. Олардың тереңдігі 3-30см-ден аспайды, ені де тереңдігімен бірдей. Жыртылған беткейлерде жылғалар эрозиялық жырмаларға айналады.Олардың тереңдігі және ені 2м жетеді. Эрозиялық жырмаларда жаңбыр және еріген қар суы шоғырланады, сондықтан олар тереңдеп кеңейе түседі де жыраларға айналады. Олардың тереңдігі 20-25м, ені 50м дейін, ұзындығы жүздеген метрге кейде километрге жетеді. Жыралардың беткейі тік болады. Көлденең қимасы V тәрізді. Жыралардың өсу жылдамдығы - әдетте жылына бірнеше метр. Жыра ұзарып, оның бойлық қимасы қалыптасқан сайын, аққан судың эрозиялық күші азая береді. Жыраның екі жағалары тегістеліп, онды өсімдік жамылғысы пайда болады да, бүйірлік эрозия әрекетінен кеңейе береді. Ақырында жыра сайға айналады. Оның ұзындығы 20-30км жетеді.
2. Өзен аңғары – тұрақты су ағыны әрекетінен қалыптасқан сызық бойымен созылып жатқан теріс рельеф формалары. Өзен аңғарының рельеф формалары арна, жайылма, терраса және беткейлер.
Арна - өзен аңғарының ең төменгі бөлігі, ол арқылы өзен суы ағады
Жайылма – арнадан жоғары орналасқан өзен аңғарының өсімдік жамылғысымен жабылған бөлігі.
Жазық жердегі өзендердің басым бөлігіне арнасының ирек болып келуі тән. Бөлініп қалған өзендерді меандрлар деп атайды.
Террасалар – тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғардың беткейлер шегінде сатыланып орналасқан алаңдар, соның ішінде жайылма ең төменгі терраса болып есептеледі. Жайылманың үстінде орналасқан террасалар құрылысы бойынша аккумулятивті, эрозиялық және цокольды болып бөлінеді. Аккумулятивті террасалар қалың аллювиден құралған, оның етегі өзен арнасының астында орналасқан. Цокальды террасалардың үсті аллювимен жабылған, олардың етегі төменгі террасаның үстінде орналасады. Эрозиялық террасаларда аллювий мүлдем сақталмайды десе де болады, ал шығып тұрған бөлігі түпкілікті жыныстардан жасалады.
Өзен аңғарының морфологиялық типтеріне саңылау, шатқал, каньон, жазық жердегі өзендердің кең сатылы аңғарлары жатады. Саңылау-екі жағы тік құламалы, тар аңғар. Тау шатқалы-тік құлайтын екі жақ беткейлері төмендеген сайын сүйірлене беретін өте енсіз көлденең қимасы v-әрпі тәрізді терең аңғар. Мысалы, Кавказдағы Терек өзенінің бойындағы Дарьял шатқалы, Іле Алатауындағы Есік, Үлкен Алматы, Шілік тау шатқалдары. Каньон-жазық бағытта қабатталған жағаларының беріктігі әр түрлі тау жыныстары қабаттарының су тіліп өткен жағдайда кертпештеніп қалыптасқан саты тәрізді аңғар.
Дүние жүзіндегі ең ірі өзеннің бірі Солтүстік Америкадағы Колорадо өзенінің каньонының тереңдігі 1200-1800м, ұзындығы 320км. Қазақстанда Іленің саласы Шарын өзені бойында терең каньондар кең дамыған.
3. Жерасты суларының қызметі тау жыныстары бөлшектерін қамтып алып тасу, басқа жерге үю болып табылады. Жерасты суларының жыныс түйірлерін ұстап және тасып әкетуін, суффозия деп атайды. Дегенмен, ұсақ ерімейтін түйіршіктерді таситын өзіндік суффозияны және негізделуді, яғни ерітінді түрінде тасымалданатын (гипс, тас тұзы, кальцит) коррозияны ажырата білу керек. Ертінді тау жыныстары таралу аудандарындағы сулар іс-әрекетінің айқын түрі – карст.
Карсттың дамуы барысында жыныстың еруі оның бетінде де, тереңдігінде де жүреді. Ашылған деп аталатын карсттың дамуында судың бедер түзу ролі айқын байқалады. Мұнда ерігіш жыныс жер бетінде орналасқан. Жабылған карстта еріген жыныстың бетінде тасындылар қабаты жатады. Олар ұсақ карст түрлерін жауып, байқатпай тұрады.
Сулардың ағу жолдары тереңдей келе шұңқырлар жүйесіне айналады. Олар карлар деп аталады және бір-бірінен қырқалар арқылы бөлінеді. Карлармен жамылған кеңістіктер – карр алаңдары деп аталады. Олар Жерорта теңізінде, Қырымда және Кавказда кең таралған.
Бедердің карсттық түрлерінен біршама кең таралғандары – карсттық шұңқырлар, үңгірлер, қазаншалар, понорлар, құдықтар, шахталар мен алаңдар. Карсттың таралуы жергілікті жердің геологиялық құрылымымен және бедерімен анықталады.
Карсттың дамуы үшін бірқатар жағдайлар қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздысы тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті, ал ол өз кезегінде әктастарда, доломиттерде (цементтелген жыныстар) жарықшақтардың жақсы дамыған жүйесі бар жағдайларда болуы мүмкін. Екінші жағдай судың циркуляциясы (жиналу, ағып кету) мүмкіндігіне байланысты; бұл жағдай егер тиісті мекен айналадағы кеңістіктен биікте тұрған болса немесе өзен аңғарларымен терең кесілген кезде қалыптасады. Карсттың дамуына климаттың үлкен әсері бар, сондай-ақ карст жынысы жауып жатқан тасындылардың да (саздың астында карс дамымайды, себебі саз жарықшақтарды желімдейді), өсімдіктердің де әсері бар.
Карсттың белгілі бір мекендердегі көрінісі әртүрлі және де даму поцесінің әр кезеңіне тәуелді. Қоңыржай климатта карст өте баяу дамиды, ал уақыттың ұзын кесіндісінде бұзылыcтар тектоникалық қозғалыстың әсерінен, өзендердің эрозиялық қызметі арқасында, климаттың өзгеруі мен басқа да себептер шақыруы мүмкін. Ылғалды тропикалық климат жағдайында карст өзінше өте белсенді дамиды. Мұндай суда әртүрлі органикалық құрамдардың болуы судың химиялық белсенділігін арттырады.
Каррсттық жыныстардың тереңінде де судың бұзу қызметі көрінеді. Галереялар мен үлкен кеңістіктер – өткелдермен қосылған үңгірлер, гроттар бірігіп кейде дамыған күрде тармақталған жүйені құрайды. Мысалы, дүниежүзіндегі үлкен Мамонтов үңгірі – АҚШ-тың Кентукки штатында – 250 км-ге созылып жатыр. Үңгірде бұлақтар мен кішігірім өзендер ағып жатады, көлдер бар, өзіндік үңгір фаунасы дамыған.
Жерасты суларының жасампаздық қызметі де сирек құбылыс емес. Үңігірлерге өтетін су көп мөлшерде ерітінді заттарды (карбониттер мен кальций сульфаттары т.б.) алып келеді. Үңгір қабырғалары арқылы ағып, төбеде тамшы түрінде жиналып және табанына (яғни түбіне) тамшылайды, судың белгілі бір мөлшері буланады, одан көмірқышқылының артығы шығып кетеді де ерітінді құрамалар шөгіндіге айнала бастайды. Қабырғаларда ағындылар пайда болады, төбелерден мұз ұшындыларына ұқсас сталактиттер салбырайды, ал үңгір едендерінде тас бағаналар сталагмиттер пайда болады. Сталактитер мен сталагмиттердің қосылып кетуінен колонналар пайда болады, олар кейде өте көлемді болады.
Карсттық процестердің белсенді қимылы сол аумақтың құрғаумен бірге жүреді, кейде тіпті егістіктердің ортасында жолдың табаны мен ғимараттардың астында пайда болатын шұңқырлар мен ойылымдар түзіледі. Ерітінді тау жыныстар таралған аудандарда ғимараттар тұрғызғанда, алдын ала геологиялық барлаулар тексерістер жүргізіледі. Бірақ бұл жағдайда да кенеттен болатын отырылымдар мен ойылымдар кездеседі; егер тез еритін қасиеті бар гипстер мен тұздар таралған аймақтарда болса, отырулар суффозия кезінде де туындауы мүмкін, одан әрі суармалы жүйелер мен сорғыту канаваларынан да судың келуімен қауіпті шамаға дейін өсуі мүмкін. Ерігіш минералдардың бөлшектеріне бай кеуек топырақты жерлерге тартылған арналардың өне бойынан шөгулердің шұғыл белсенді қимылы байқалады немесе ылғалдануда тығыздалады. Сырғымалар пайда болу кезінде де үлкен апаттар болады.
Жерасты суларының әрекетіне байланысты бедердің көптеген пішіндері ірі масштабтағы топографиялық карталарда өз көрінісін табады. Карталарда горизонтальдар көмегімен үлкен карсттық үңгірлер мен қазан шұңқырлар, өзен аңғарлары көрсетіледі. Тіп-тік жартасты керпештер мен жарлар, кар алаңдары, табиғи шахталар, құдықтар, кеуіп қалатын өзендер, бастаулар, көлдер шартты белгілермен беріледі. Бедердің суффозиондық пішіндерін беру кезінде ірі западиналар мен шұңқырлар горизонтальдар арқылы көрсетіледі, табиғи сипаттағы шартты белгімен кіші диаметрдегі иірілімдер де белгіленеді.

10 дәріс тақырыбы: Географиялық қабықтағы тірі заттар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет