Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі,интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
Синтаксистік емес категориялар — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы,сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік категориялар — сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері,сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік,атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.
Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.
|