Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,бейне материалдар,интерактивті тақта Сабақтың барысы: Амандасу. Түгелдеу



бет2/2
Дата09.03.2023
өлшемі19.48 Kb.
#470533
түріСабақ
1   2
8 наурыз (Автосохраненный)

Жыр шумақтар оқылады.
2-Жүргізуші : Біздің жігіттеріміз аналараның көмекшісі, қарындастарының қамқоршысы екенін сөзсіз анық олай болса жігіттерді сынап көрейік ортаға 6 ер жігіттеріміз шықса. Сіздерге берілетін тапсырма шаш өру. Үш –үштен бөлініп лента арқылы шаш өреміз.
Ойын ойнатылады.
3- Жүргізуші : Егер біз қандай да жетістікке жетсек бұл әрине ата-анамыздың және ұстазымыздың еңбегі екені хақ. Ұстаздарымыз біздің екінші анамыз алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап бізді білімге, өнерге тәрбилеген ұстаздарымызға алғысыз зор! Ендіше бізге сабақ беретін мұғалімдерімізге арналған арнаумызды ұсынамыз:
Арнау оқылады

4 – Жүргізуші : Бүгінгі мерекелік сабағымызда мына бір естелікпен бөлісе кеткім келеді. Алаштың арда азаматы Міржақып Дулатұлын анасы Дамеш ерекше жақсы көріпті. Аяғын енді қаз басқанда ауыл шетінде молдадан сабақ үйреніп отырған шәкірттер қасына ертіп барады екен құлап қалмасын деп күң шөп деген өсімдікті жібектей етіп есіп белінен байлап бір ұшын өзі ұстап жүріпті. Менің балам ерте жүріп, есті болады, оқымысты азамат болып өседі дейді екен. Аяғы ауыр кезде көрген түсін анасы жақсылыққа жорып Міржақып жүре бастағанан –ақ оның оқу, білімге құштарлығын ашуға тырысыпты
3- Жүргізуші : Дәмеш анамыз өкініштісі ұлының қандай азамат болып ер жеткенін көре алмай кетті. Бірақ, анасының зор ықылас пейілі мен сенімі бала Міржақыпты қанаттандырды. Өсе келе халықының адал перзенті етіп қалыптастырды. Өзіде
Кім сендерді балалар сүйе тұғын
Қуанышыңа қуанып қайғыңа күйе тұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүре тұғын
4-Жүргізуші :
Кім сендерді балалар сүйе тұғын
Еркелетіп, ойнатып сергітетін
Жалқау болсаң балалар жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Кім сендерді сағынар шетке кетсең
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін деген Міржақыптың жыр жолдары бүгінде өз өзектілігін жойған жоқ. Ата –анамыздың амандығын сұрап хабарласып тұруды ұмытпайық.
3-Жүргізуші : Ия дұрыс айтасың. Осы орайда біздің де сыныбымыздың балалары өз аналарына қоңырау шалып сезімдерін білдірген болатын ендіше экранға назар аударайық.
/ Бейнеролика көрсетіледі/

1-Жүргізуші: Белгілі қаламгер ағамыз Мұқтар Мағауин әлемдегі ең сұлу қазақ әйелі менің анам, менің әпкем, менің қарындасым. Қазақты қазақ қылған барша аналарымыз болатын. Сұлу ғана емес ақылды,мінезді, адал, сымбаты, нәзік ана,ағайынға қамқор ауыл аймаққа құт, ердің мақтаны , елдің көркі деп қазақ әйелдеріне мінездеме берген екен.
2-Жүргізуші : Бізде осы айтылғанмен толық келісе отырып бүгінгі «Ана –тіршілік бастау» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет