Сабақтың мақсаты : а Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру



бет7/10
Дата16.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#138985
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жаттығумен жұмыс: 124-жаттығу. Төменде берілген шартты мәнді құрмалас сөйлемдердің сыңарының баяндауыштарын кестеде көрсетілген жолдармен жасап көріңдер.

  1. Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара

  2. Егер жау берілмесе оны құртар болар.

  3. Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

  3. Салалас құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 125-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, шығармашылықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылар Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.



1

-са да, -се де

-ғанмен,-генмен, -қанмен,-кенмен

(-а,-е,-й)+ тұра

(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне) + қарамай (қарамастан)

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + болмаса

-ғанша,-генше,-қанша,-кенше



Қыс келсе де,қар жаумады.

2

Қыс келгенмен,қар жаумады.

3

Қыс келе тұра,қар жаумады.

4

Қыс келгеніне қарамастан,қар жаумады.


5

Қыстың келгені болмаса,қар жаумады.

6

Далаға шығып жаурағанша,үйде отыр.

Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде көмектерін алмаған-ды.



ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді. ; есімшенің бұл түріне кейде да,де шылауы қосылып та қарсылқты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де,ойын тоқтала қоймады;

в) есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше,менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.

г) –а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра,тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.

ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамстан,осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары



Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сызбасы

1

2

3

4

1. Шартты рай

-са да (-се де)

Қайтсе де? Не істесе де?

/.........../ шаршаса да,

/- - - - - - /

2. Көсемше

ған мен

(-ген) ша

ше

-ғаны бол-

(-гені) ма-

са-

-ғаны + ы + на (-гені +і+не) қарамастан,қарамай-


Қайткенмен?

Не еткенмен?

Қайткенше?

Не еткенше?

қайткені(не еткені) болмаса?

қайткеніне (не еткеніне)

қарамастан? (қарамай)

/...../ естігенмен, /- - - - /

/..../ ұрысқанша, /- - - - - /

/............/ шаршағаны болмаса, / - - - - - - - - -/

/................./ шаршағанына қарамастан

(қарамай) /- - - - - - -/

3. Есімше

-а (-е,-й) тұра

Қайте (не ете) тұра?

/.........../ көре тұра, /- - - -- - - - /

Жаттығумен жұмыс: 129-жаттығу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 125-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты: а) мезгіл бағыныңқы сабақтас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, сатылай дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқы сабақтас дейміз.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде болған әрекеттерді не болмаса бір мезгіл ішіндегі көріністі,жай-күйді баяндайды.Абай үйге кіргенде,Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.Еселі далаға шықса,таң құланиектеніп атып келеді екен.Бірінші сөйлемде бір мезгіл ішінде болған әрекеттер баяндалса,екінші сөйлемде бір уақыт ішінде байқалған,көрініп тұрған жайттардан мәлімет беріледі.

Құрамындағы жай сөйлемдерді сабақтаса байланысқан мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары –ша,-ше жұрнақтары есімшеден (-ған+ша,-ген+ше), жатыс жалғауы есімшеден (-ған+да,-ген+де), есімшеге септеулік шылауларының (-ған,-ген+соң,кейін,сайын,бері,шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған,-ген+кезде,шақта,уақытта) тіркесуі арқылы,көсемшеден (-ғалы,-гелі,-а,-е,-й) және етістіктің түбіріне –са,-се, -ысымен –ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.



Мезгіл мәнді құрмаластың сұраулары: Қашан? Қашанға шейін?Қашаннан бері? Мысалы: Аттылар жалт-жалт қарасқанда,жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.Қарағанды көмірін тапқалы,жүзге жуық жылдар өтіп барады.Ауыл осы қонысқа келіп орналасқаннан бері,бір күн дамыл алып тыныққан емес.Үйдегілер тысқа шықса,таң аппақ болып атқан екен.Тимур үйге қайтып келісімен,оны нағашысы жанына шақырып алады.Біраз отырған соң,күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.

1


Мен айт

-ғанда,-генде,-қанда, -кенде

ол жазды.

2

(-ғанға,-генге, -қанға, -кенге) + дейін,шейін

ол жазды.

3

(-ғаннан,-геннен, қаннан, -кеннен) + кейін,соң

ол жазды.

4

(-ған,-ген,-қан,-кен) + сайын

ол жазды.

5

(-ған,-ген, -қан, -кен) + кезде,сәтте,уақытта.

ол жазды.

6

(-ған,-ген,-қан,-кен) + -ша,-ше

ол жазды.

7

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + с + бұрын

ол жазды.

8

-ысымен,-ісімен,-сымен,-сімен

ол жазды.

9

-арда,-ерде,-рда

ол жазды

10

-ғалы,гелі,-қалы, -келі

ол жазып жүр.

11

(-ғаннан,-геннен,-қаннан,-кеннен) + бері

ол жазып жүр.

12

-са,се + жіктік жалғауы

Ол келсе,сабақ аяқталыпты


Жаттығумен жұмыс: 132-жаттығу. Мезгіл бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып ,бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Кітаппен жұмыс: 133-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің тауып , мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерге мысалдар жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты: 1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтас дейміз. Мысалы: Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан,Ермек мұнда әдейі тіленіп келді. Осында алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.Себеп бағыныңқы сабақтас Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? Деген сұрауларға жауап береді.

Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.

а) есімшенің өткен шақ формасына –дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан,көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

ә) есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң,Жарасбай түні бойы күйіп,қорланудан тыныштық ала алмады.

б) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай,бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді.

в) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.Ер төстік жалмауыздың қолында қалды деп,елі мүлде күдер үзіп қояды.

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаласта жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.

1

-ғандықтан,-гендіктен,-қандықтан,-кендіктен

Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.

2

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + үшін

Күн жылы болғаны үшін,біз серуенге шықтық.

3

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й

Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық.

4

-ып,-іп,-п

Күн жылы болып,біз серуенге шықтық.

5

үш шақтағы етістік + деп

Күн жылы болады деп,біз серуенге шықтық.

6

(-ған,-ген,-қан,-кен) + соң

Күн жылы болған соң,біз серуенге шықтық.


Жаттығумен жұмыс: 134-жаттығу. Төмендегі себеп бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы сыңарларының баяндауыштарын тауып,қалай жасалғанын анықтаңдар.

Кітаппен жұмыс: 135-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің тауып , себеп бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 136-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты: 1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлілікке,жаңашылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, шығармашылықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар ,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің,қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқы сабақтас дейміз.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың сыңарлары тек сабақтаса,яғги бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып,екіншісіне бағына байланысады.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

Бағыныңқысының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

Көсемше

-ып,-іп,-п,-а,-е,-й

Қайтіп? Қалай?

/.............../ қосылып, / - - - - - - - - -/

/.......... жарыспай/,

/ - -- - - -- - - -/


Есімше

-ған + дай (-ген + дей) болып –ған (ген) күйі (қалпында) –ма,+с+тан

-па+с+тан

-бе+с+тен

Қалай?
Қалай?
Қалай?

/........../ танығандай болып, / - - - - - - - /

/............/ ұстаған күйі, /- - - - - - - - - /

/....../ талмастан /- - - - - - - /

Мысалдар: Адамдары,малдары,күркелері де қосылып,бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.Тұла бойы шымырлап,төбе шашы жиырылып бара жатқандай болып,Қалиша да үйіне жөнелді.Хакім кітапты ұстаған күйі,Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.Жаңа ғана талып қалғандай,Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.



1

-а,-е,-й,-ып,-іп,-п

Екі қолы дірілдеп,Оспан ішке кірді.

2

(-ма,-ме,-па,-пе-ба-бе)+с+(-тан,-тен)

Екі қолы дірілдеместен,Оспан ішке кірді.

3

(-ған,-ген,-қан,-кен)+күйі,қалпы,бойы

Екі қолы дірілдеген күйі,Оспан ішке кірді.

4

(-ған,-ген,-қан,-кен)+(-дай,-дей)+болып

Екі қолы дірілдегендей болып,Оспан ішке кірді.


Жаттығумен жұмыс: 141-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауыштың орныныа қажетті баяндауыш болатын сөздерді жазып, сөйлемді аяқтаңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 1 42-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Мақсат бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты: а) Мақсат бағыныңқы сабақтас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

мақсат бағыныңқы сабақтастың құрамындағы сөйлемдердің алғашқысы соңғыдағы істің мақсатын білдіреді.

Мақсат бағыныңқы сабақтасты құрайтын жай сөйлемдер бір-біріне бағына,тек сабақтаса байланысдаы.

Бағыныңқының баяндауыштары тұйық етістікке,кейде болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін шылауының тіркесуі арқылы (көру үшін,көрмес үшін,), -мақ,-мек жұрнақты етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің (-мақ болып), етістіктің шартты,қалау және бұйрық райының 3-жағынан кейін деп көмекші етістіктігінің (айтсам деп,айтайын деп,айтсын деп) тіркесуі арқылы жасалады.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың сұраулары: Не үшін? Не мақсатпен? Не деп? Неге? Мақсат бағыныңқы сабақтастың жай сөйлемдері үтір арқылы бөлінеді.

Мысалдар: Дәуіт ұшып кетпеу үшін,қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.Адам жазым,ат жазым болып жүрмес үшін,көкпар шығармай,айналма бәйгемен тынбаққа келісті.Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп,бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.

Абай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп,Мағаш,Әбіштерді осында шақыртқан.Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып,аттарын шоқыта,сар желіске сала жөнелді.Білмегенін білсем деп,оқушылар ынтығар.

1

(-мақ,-мек,-пақ-пек,-бақ,-бек) + -шы,-ші + болып

Ол оқымақшы болып қалаға келді.

2

-у + үшін

Ол оқу үшін,қалаға келді.

3

(шартты,қалау,бұйрық райлар) + деп

Ол оқысам деп,қалаға келді.

4

(-қы,-кі) + тәуелдік жалғау + келіп

Оның оқығысы келіп,қалаға келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет