Сабақтың мақсаты : Оқушылардың танымдық қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру



Дата09.06.2016
өлшемі53.33 Kb.
түріСабақ
Барқыт Мақанова

Астана қаласы

36 орта мектебінің



қазақ тілі пәнінің

мұғалімі

5 сынып

Қазақстанның табиғаты

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Дамытушылық: оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорып байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, оны сүюге баулу.

Сабақтың түрі: білім мен дағдыны жүйелеу сабағы.

Сабақтың типі: қорытындылау және қайталау сабағы.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену, аударма, тіл дамыту, тест Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар, интерактивтік тақта 6 сынып 4 модуль («Қазақстанның қалалары»)

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, география.



Оқыту формасы: жеке, топтық, жұптық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Біз қай елде тұрамыз? Ол қандай мемлекет? Халқымыздың саны қанша?

2 Балалардың белсенділігін арттыру.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы күн болсын.

Жұма күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?

Ә) Үстелде өлеңдердің атаулары жасырынып жатады. Әр топтан бір оқушы шығып тапсырманы орындайды. «Қайдан келдің бауырсақ?», «Отан», «Қазақстан» өлеңдерін жатқа айтады.

Ә) Диалогты жатқа тексеру. Б) Мақалды толықтыр:

Отансыз адам, ... .... . Жері байдың - елі ... .

Табиғат – асыл ... . Көлдің көркі құрақ, таудық көркі .... .

Ел іші – алтын ... . Отан - ... басталады.



І ІІ. Жаңа сабақ. Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғаты ». Сабақта біз Қазақстан, Қазақстанның қалалары, табиғаты туралы әңгімелейміз. Сабақта біз 3 топқа бөлініп жұмыс істейміз.

І топ: Қарлығаштар ІІ топ: Жапырақтар ІІІ топ: Гүлдер



1. Тыңдалым. «Қазақстанның қалалары» атты мәтін

(интерактивтік тақта «Бәйтерек» бағдарламасы 6 сынып 4 модуль)

Ә) Айтылым. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

2. Жазылым. Тақтадағы сызбаны толықтыру.

Солтүстік Оңтүстік Батыс Шығыс Орталық

Қостанай Шымкент Ақтау Семей Астана

Көкшетау Алматы Атырау Өскемен Қарағанды т.б.

3. Топтық жұмыс. Әр топ өзінің мәтінімен жұмыс жасайды: мәнерлеп түсініп оқиды, мәтін бойынша бір- біріне сұрақтар қояды, сұхбаттасады .

1 мәтін Алатау

Іле Алатауы табиғаттың ең әдемі тауы. Тау ішінде бұлақтар, мөлдір таза көлдер, өзендер кездеседі. Әдемі көлдері - Үлкен Алматы мен Жасылкөл. Тау етегінде (у подножья горы) Қазақстанның ірі қаласы Алматы орналасқан. Іле Алатауы ұлттық саябақ болып есептеледі.

2 мәтін Есіл

Есіл өзені Ерейментау тауларынан алып Ертіске құяды (впадают). Ұзындығы 2450 шаршы метр. Оның Қазақстан жаріндегі ұзындығы 1400 шаршы метр. Ақмола және Солтүстік Қазақстан аймақтары арқылы ағады (протекает).Өзен ағыны (течение) онша қатты емес.

3 мәтін Алакөл

Алакөл - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аралығында (между) орналасқан үлкен көлдердің бірі. Ұзындығы 104 шаршы метр, ең терең жері 54 метр. Алакөлдің суы минералды. Көлде күшті су толқыны (волна) болады.

4. Мәтін бойынша жұмыс. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықта.

Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1. Іле Алатауы табиғаттың ең әдемі тауы емес.







2. Есіл өзені Ерейментау тауларынан алып Ертіске құяды.







3. Сусыз өмір жоқ.







4. Қазақстан табиғаты өте бай емес.







5 Өзен ағыны онша қатты емес.







6. Алматыда алма аз.







ІV. Бекіту кезеңі. А) Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар, үлкен болып өседі.

Ә) «Артық сөз»- ойыны

Артық сөзді тауып, астын сызыңдар.

Күз, жаз, дүйсенбі, қыс

Желтоқсан, тамыз, ақпан, қаңтар

Сенбі, жексенбі, апта, жұма

Б) Дәптермен жұмыс. «Қандай сөздер тығылған?» - ойыны.

А

Б Я
У

Н Ы
Л А


Ы

Ш Ғ
Ң

Т С
А

У Ы

І

Р У Й
Б А

А Б


Ү Р
Т І С

К А Т
Н

V Рефлексия. Берілген сөздермен синквейн құрастырайық.

І топ Өзен ІІ топ Жапырақ ІІІ топ Гүл

әр сөзге екі сын есім үш етістік

1 сөйлем құрастыру

Ассоциация жазу

Оқушылар тақтаға шығып жұмыстарын қорғайды

VІ. Қорытынды. Дұрыс айтасыңдар, балалар, табиғат адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Табиғат деген не? Табиғат –халық қазынасы, біздің байлығымыз

Топтастыру:

Таза ауа су

Табиғат

Қоршаған орта жер



Сұлтанмахмұт Торайғыров ақын айтқандай:

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», - біз де табиғаттың бір бөлшегіміз, баласымыз, сондықтан табиғатты аялау, қорғау біздің борышымыз!

VII.Оқушылардың білімдерін бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Әр топ берілген тақырыпқа реферат дайындайды, қорғайды.

І топ «Қазақстанның таулары»



ІІ топ «Қазақстанның өзен, көлдері»

ІІІ топ «Қазақстанның өсімдіктері, жануарлары».


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет