Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу


-1837 жылдары орыс отаршылдарына қарсы Исатай Тайманұлы бастаған



бет2/3
Дата19.02.2022
өлшемі22.86 Kb.
#455560
түріСабақ
1   2   3
13 лекция

1836-1837 жылдары орыс отаршылдарына қарсы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс патша саясатына бүкіл халық қарсылығының айқын көрінісі болды. 1836 жылы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және басқа азаматтармен бірге негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары болған көтеріліске басшылық жасады.
Бөкей ордасында жер бөлу мәселесі төңірегіндегі жағдай күрт шиеленісті. Жер дағдарысы, аса жоғары салықтар, ішкі өзара қырқысулар, отарлық езгі Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліске әкеліп соқтырды.
Бірақ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс басып жаншылған соң, далада көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалау басталды. Патша отаршылдары көтеріліске қатысқандарды каторгалық жұмыстарға жіберді, мал-мүліктерін тәркіледі, мәңгілікке басқа жаққа жер аударды.
Исатай Тайманұлы патша әскерімен болған қанды шайқас кезінде қаза тапты. Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялылығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді. Қалай болғанда да бұл көтеріліс көшпелі қауымның еркін рухты, өз тәуелсіздігін сақтауға арналған ірі қозғалысы ретінде тарихтың бетінде көрнекті орын алды.
Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлар арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.
Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бағытталған бас көтерулері 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан» басталады. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығының тұтастығы мен билігі әлсірей бастады. Осыны пайдаланып Ресей патшалары қазақ жерін отарлауға көшті. Сонымен бірге олар әр түрлі сұлтан әулеттері мен батыр, билерді бір-біріне қарсы айдап салды. Елдің бірлігі, ынтымағы азайды. 1820 жылдары Ресей үкіметі енді қазақ даласының ең шұрайлы жерлеріне әскери бекіністер сала бастады. Жерінен айырылған, өз билігі өзінен кеткен қазақ елі ауыр жағдайда қалды. Жұтқа ұшырап, орыс-казактар мен шаруаларға тәуелді болды. Осының бәріне шыдамаған қазақтың батыр азаматтары көтеріліске шықты.

Кенесары Қасымұлы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басқарды. Ол кезінде Абылайдың мекені болған Көкшетау өңірінде 1802 жылы дүниеге келген. Кенесары Қасымұлы 1841 жылы үш жүздің өкілдерінің жиынында, Ұлытауда ақ киізге отырғызып, хан көтереді. Кенесары Қасымұлы әскери әдіс-тәсілдерге жетік, соғыс өнеріне шебер болған. Ол осыны өз сарбаздарынан да талап еткен. Көтерілістің шарықтау шағында оның сарбаздарының саны 20 мыңға дейін жеткен. Қазақ даласындағы Кенесары Қасымұлы көтерілісінің күшеюі патша үкіметін қатты алаңдатты. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы өкімет органдары Кенесары Қасымұлы көтерілісін басып-жаншуға барлық күшін жұмсады. Сол үшін мықты қаруланған арнайы жазалаушы отрядтар аттандырды. Кенесары Қасымұлы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет