Сабақтың мақсаты: Білімділік : тұңғыш зерттеуші Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру Дамытушылық



жүктеу 69.07 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі69.07 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – қазақтың сүйікті перзенті.

/слайд № 3 тақырыбы/

/слайд №4 портреті/

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тұңғыш зерттеуші Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру. .

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: ғалымның мұрасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу, мақтаныш, құрмет сезімге баулу.

Көрнекілік: Шоқан Уәлихановтың портреті, кеспелер, суреттер, кітап көрмесі.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, география.

Сабақтың эпиграфы: / слайд № 3/

«Қазақ мәдениетінің көгіндегі аса ірі жарық жұлдыздардың бірі – Шоқанды уақыт ұмыттыра алмайды. Ол бізден қанша алыстаса да, жарығы мен сәулесі бәрімізге бірдей түседі.» Ә. Дербісәлі.



Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

/ сәлемдесу, сабақтың құрылысы және мақсатымен таныстыру./ - / слайд № 4/

- Балалар, биыл ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толып отыр. Республика бойынша осы мерейтойға сәйкес көптеген шаралар, ашық сабақтар өткізілуде.

Бүгінгі сабағымыз да ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналган.



ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

- «Қазақ мәдениетінің көгіндегі аса ірі жарық жұлдыз Шоқанды уақыт ұмыттыра алмайды. Ол бізден қанша алыстаса да, жарығы мен сәулесі бәрімізге бірдей түседі.» / Ә. Дербісәлі./ слайд № 5/

Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым, ағартушы, демократ, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Бүгінгі сабақта біз ғалым туралы көп мәлімет аламыз, сондықтан Шоқан өміріне шолу жасайық.

/ слайд № 6/

Шdiagram 10ын аты – Мұхаммедханапия, әжесінің бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтып, «Шоқан» деп аталып кеткен. Туған жері- қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Шоқан Абылайханның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған, ал әкесі Шыңғыс аға сұлтан лауазымын иеленген.



/ слайд № 7,8,9/

Оның балалық шағы Сырымбет мекенінде өткен. / слайд № 10/

12 жасар Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет корпусына оқуға береді. /слайд № 11,12/

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. / слайд № 13/

-*- Мәтін таратылады, сөздік сөздерді кезекпен мәнерлеп оқып шығамыз. /Хормен/

-*- 3 оқушы мәтінді бөліп , оқып шығады.

Ағартушы – просветитель

өткір мінезді – прямолинейный характер

алғыр ойлы – способный, мыслящий

әскери қызмет – военная служба

көрнекті ойшыл – видный мыслитель

зейінді – внимательный тағайындау – назначать

ерекше қабілетті - особо одаренный

хат таниды - обучается

тілек – желание

ұйымдастырады - организовал





слайд № 14,15,16

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы әрі ғалымы, көрнекті ойшылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекітінде туған. Шоқанның әкесі Шыңғыс Абылайдың немересі, сол жерде аға сұлтан болған. Бала кезінде ауылда ескіше оқып, хат таниды. 1847 жылы Омбы қаласына келеді де, кадет корпусына оқуға түседі. Өткір мінезді, алғыр ойлы, зейінді Шоқан сабақты жақсы оқыды. Орыс классиктерінің шығармаларымен танысады. Кадет корпусында оқып жүргенде болашақ этнограф-ғалым Григорий Потанинмен дос болады. Шоқан Потанинге қазақ халқының этнографиясы, шаруашылық кәсібі, әдебиет жайында әңгімелер айтып жүреді, олардың болашақ туралы армандары мен тілектері де ұқсас келеді. 1852 жылы Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы.

Шоқан саяхатшы болуды армандайды. Ол Ресей саяхатшыларының еңбектерін қызыға оқиды. 1853 жылы кадет корпусын аяқтайды да, әскери қызметке тағайындалады. Шоқан ерекше қабілетті , әрі Қазақстанның және Орта Азияның жайын жақсы білген .Шоқан әскери қызметін атқара жүріп, өзінің білімін тереңдете түседі. Ол Орта Азия халықтарының тарихын, география мен этнографиясын зерттеумен айналысады. 1855 жылы Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы Қырғыз елін зерттеп, Ыстықкөл жерінің картасын жасайды. 1857 жылы Шоқан Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болады. 1858-1859 жылдары Қашқар еліне саяхат ұйымдастырады, ғалым бұл халықтың тарихы мен этнографиясына байланысты бағалы материалдар жинайды. 1859-1861 жылдары «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі дүниеге келеді.Оның зерттеу еңбектері: «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері». Сібір қазақтары үшін 1864 жылы сот реформасының жобасын жазады.

Ұлы ғалым, аса дарынды Шоқан Уәлиханов 1865 жылы Алтынемел тауының етегінде Тезек төрінің ауылында қайтыс болады.



ІV.Жаңа сабақты пысықтау:

А/ - Топтық жұмыс. слайд № 17



І топ: Шоқан кім және қандай ғалым болған ? деген сұраққа жауап бересіңдер.

Мысалы, Шоқан - өткір мінезді, алғыр ойлы, зейінді, әскери, ерекше қабілетті, ұлы ғалым, аса дарынды.



Өнертанушы- күй өнерін зерттеді.

Географ - қырғыз еліне барып, қырғыз елінің жерін картаға түсірген, географиялық ерекшеліктері жайлы мәлімет жинастырған.

Саяхатшы - бірнеше елдерде болды. Қырғыз еліне барды, Сауда керуендерімен бірге Қашқарияға барды.

Әдебиетші – шығармалар жазды, күнделік жүргізді.

Заңгер - Сібір қазақтары үшін 1864 жылы сот реформасының жобасын жасады.

Суретші – ол туған жер және атақты адамдар тақырыптарына сурет салды.

ІІ топ: «Шоқан – ұлы адам » деген тақырыпқа диалог құрастырасыңдар.

ІІІ топ: Ғалым өміріне хронологиялық кесте сызыңдар. слайд № 18

  • Жауаптары тексеріледі.

  • Ә / - Енді грамматикалық тапсырма.

- мәтіннен салалас құрмалас сөйлем тауып , синтаксистік талдау жаса.
1/ Шоқан 1858-1859 жылдары Қашқар еліне саяхат ұйымдастырады, ғалым бұл халықтың тарихы мен этнографиясына байланысты бағалы материалдар жинайды.

2/ Шоқан Потанинге қазақ халқының этнографиясы, шаруашылық кәсібі, әдебиет жайында әңгімелер айтып жүреді, олардың болашақ туралы армандары мен тілектері де ұқсас келеді.

3/ Шоқан ерекше қабілетті , әрі Қазақстанның және Орта Азияның жайын жақсы білген.

б/ ІІІ топ - кестені толтыру / слайд № 18 /




Қашан?

Қандай оқиға болды?

Қандай еңбектер жазды?

1835

Шоқан Уәлиханов Қостанай облысының Құсмұрын бекітінде

дүниеге келеді.



 

1847

 Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға түседі.

 

1852

 

 Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы.


1853

 Омбы қаласындағы кадет корпусын аяқтайды

 

1855

  Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды.




1856 және 1857

Шоқан Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болады

 

1858-1859

 1858-1859 жылдары Қашқар еліне саяхат ұйымдастырады

 

1859-1861




 «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келеді.

1864

 Сібір қазақтары үшін 1864 жылы сот реформасының жобасын жасады.


 

1865

 Алтынемел тауының етегінде Тезек төрінің ауылында қайтыс болады

 


VІ. Сабақты қорытындылау.

- Бүгін сабақта біз Шоқан өмірі, еңбектері туралы көп дерек алдық. Эпиграфпен байланыстырсақ, ол қазақ тарихы мен әдебиетінде бай мұра қалдырған ұлы адам. Орыс ғалымдарымен дос болуы – екі халықтың берік достығын көрсетеді. Ол достастық қазір де жалғасуда. Біздің қалада Шоқан мен Достоевскийге арналған барельеф- тақта бар. Шоқан Уәлиханов атында көше, ескерткіш бар. Уәлиханов ауданындағы Сырымбет ауылында мұражай – үйі бар / слайд № /.

- Кесте арқылы сабақты қорытындылау.


Білетінім

Мен үшін жаңалық

Таңқалдырды







- Сабақты өлеңмен аяқтаймыз./ бір оқушы жатқа айтып береді/

Аққан жұлдыз атаныпсың,

Жан бабам.

Ғасырлардан ғасырға самғаған.

Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,

Тамғандай-ақ ғарыштағы таңбадан.

Асыл бабам

Аққан жұлдыз атанған

Аққан жұлдыз

Лапылдаған от- арман

Аққан жұлдыз,

Ағып өткен найзағай,

Саналардың сағынышын қорғаған. Е. Ибраим



VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үй тапсырмасы: Кесте бойынша мазмұндау, мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді тауып , синтаксистік талдау жасау.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет