Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бағанды диаграммалар, кестелер тақырыбындағы алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету



Дата26.06.2016
өлшемі46.31 Kb.
#159704
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Бағанды диаграммалар. Кестелер.

Сабақтың мақсаты:



1. Білімділік: Бағанды диаграммалар, кестелер тақырыбындағы алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету.

2. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: практикалық сабақ

Сабақтың түрі: Топтық сайыс ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: ноутбук, проектор, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: информатика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу.Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту. Қойылған есептерді шешу арқылы бүгінгі күннің жадысын шығару.

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі.

Екі қоян, төрт түлкі,

Таба алмасаң бос күлкі. (29)
Ең кіші жай сан (2)
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Әр топ жектекшісі жауап парағының көмегімен үй тапсырмасын тексереді.

№1238

Саяхатшы велосипедпен 3 күн жол жүрді. Ол әрбір күндегі жүрген жолының ұзындығын көрнекілікпен кескіндеу үшін оның диаграммасын сызды (136-сурет).



Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Саяхатшы екінші күні бірінші күнге қарағанда неше километр артық жүрді?

  2. Саяхатшы екінші күні үшінші күнге қарағанда неше километрге кем жүрді?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. Ой шақыру стратегиясы.

Әр топтың орындайтын тапсырмаларын анықтап аламыз.

1 -тапсырма. Сызбамен жұмыс. Сипаттаңыз.

Сұрақ. Диаграмма деп нені айтады?

Берілген суретте диаграмманың қандай типтері көрсетілген.


2- тапсырма. Венн диаграммасы. Диаграмманы компьютерде кескіндеу мен қолмен кескіндеудің ұқсастығы мен айырмашылығы?

3 - тапсырма.

Күнделікті сабаққа қажетті дәптер 15тг, қалам 20 тг, дәптер қаптағыш 30 тг, циркуль 75тг. Мына берілген құралдарды бағанды диаграммада көрсетіңдер. Бірлік кесіндінің ұзындығын 1см деп, оған 5 тг- ні аламыз.

4- тапсырма.

Динозавр мезозой дәуірінде мекен еткен бауырымен жорғалаушы жануар. Трицератопс- 10тн, тиранозавр – 8тн, брахиозавр – 50тн, апатозавр -30тн, спинозавр -5тн. Мына берілген динозаврдың түрлерінің массасын бағанды диаграммада көрсетіңдер.(MS Excel программасының көмегімен.)

IV. Топпен есептер шығару. Топтан бір оқушы қорғайды.

1 топ - № 1246

2 топ - №1249

3топ - №1250

4 топ- №1251

Сергіту кезеңі.



  1. Аптаның қай күні Винни-Пух ең қонақжай үйде болды?

  2. Винни – Пухқа қай күн қонаққа баруға сәтсіз күн болды ?

  3. Бір аптада Винни – пух неше бөшке бал жеді?

  4. Бейсенбі, сенбі күндеріндегі бөшкедегі балдың қайсысы қаншаға артық?

  5. Аптаның қай күнінде қонжықтың жеген балының бөшкелерінің саны бірдей ?

V. Математикалық диктант.



ҮІ.Сабақты қорыту INSERT әдісі бойынша және оқушыларды бағалау Сонымен балалар, біз

Нені білеміз? Шаманың әр түрлі мәндерін салыстырып көрсету үшін бағанды диаграмманы қолдануды білеміз.

Осы сабақтан нені білдік?: Диаграмманы компьютермен құруға болатынын.

Алдағы уақытта нені білуіміз қажет?: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.

Үй тапсырмасы:№ 1252, №1253



Оқушының

аты- жөні



Үй тапсырм


Өткен сабақты пысықтау



Топпен есептер шығару

Математикалық диктант



Баға










































































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет