Сабақтың мақсаты: Білімділік: Логикалық пікірлердің түрлерін түсіндіру және ол жайындағы түсініктерді үйрету



Дата17.06.2016
өлшемі39.5 Kb.
#143087
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Логикалық пікірлердің түрлерін түсіндіру

және ол жайындағы түсініктерді үйрету.



Дамытушылық:Оқушылардың логикалық пікірлер

жайындағы ой-өрістерін дамыту және

жылдам есептеуге үйрету

Тәрбиелік:Оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа

әдептілікке тәрбиелеу



Сабақтың барысы

р/қ

Сабақтың негізгі

бөліктері



уақыт

Мұғалімнің

іс - әрекеті



Әдістер және формаларды пайдалану

1

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылардың назарын сабаққа аудару,сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылырдың назарын сабаққа аударып,сыныптың сабаққа дайын-дығын тексеру. Тақтаның тазалығы мен оқушылардың оқу құралдарын түгендеу

2

Өткен сабақты қайталап

Оқушының танымдық қабілетін ояту



5 мин

Өткен сабақты сұрау,жалпы сұрақтарға жауап беру,жеке карточка




  1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

  2. Екілік сандармен қандай амалдар орындай аламыз?

  3. Сегіздік санау жүйесінің сандарын ата?

  4. Он алтылық санау жүйесінде қандай сандар бар?

  5. Құжатты сақтау үшін қандай команда орындаймыз??




3. Жаңа сабақты баяндау:

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес.



Логика дегеніміз –адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, нақты айтқанда , дәлелді пікір заңдары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формалды логика, математикалық логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т.б.

Әр түрлі кестелерді жасау, қарама-қайшы түйіндерді шешу және басқа да көптеген жағдайларда адамдар логиканың көмегіне жүгінеді.

Формалды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізге талдау жасаумен байланысты.

Математикалық логика формалды логиканың бір бөлігі болып табылады және ол кесіп – пішіп, айқындалған объектілермен пікірлердің ақиқаттығын немесе жалғандығын бір жақты шешуге болатын дәйектемелерді ғана үйретеді.

Математикалық логика саласы, алгебралық қисын секілді, информатикада да жақсы меңгеріледі. Қазіргі уақытта алгебралық қисынның негізгі операцияларына қосылмаған бір де бір программалау тілі жоқ.



Есеп. Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және қырыққабат тұр. Шаруа өзі екінші жағалауға жүзіп өтуі және қасқырды, ешкіні, қырыққабатты сонда алып баруы қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек қана ешкі, не тек қана қырыққабат сияды. Мұндай жағдайда шаруа не істеуі керек?

Талқылап көрейік:



1.Егер қасқырды алып кетсе, онда ешкі қырыққабатты жеп қояды.

2.Егер қырыққабатты алып кетсе, онда қасқыр ешкіні жеп қояды.

3.Ендеше ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр қырыққабатты жемейді, ал содан кейін қайтып келіп...

4.Өз бетіңізбен логикалық талқылауды ақырына дейін жеткізіңіз.

Компьютерде бұл есепті шешу кезінде программада шартты қолдану жолымен логикалық операциялар пайдалануы қажет.



Пікірлер дегеніміз – жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдаулар.

Мысалы, «ақ қар» , «2*2=4» пікірлері ақиқат, ал «жер тегіс» , «2*2=5» пікірлері жалған. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқатқа қабылданады. Жалған пайымдаулар көбіне жиі талқылаулардағы немесе сөйлемдердегі қателерден немесе қалауды шындықтың орнына беруге ұмтылудан пайда болады.

Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Қиын жағдайларда сұрақтардың жауабы және, немесе, емес жалғаулары арқылы құрамды пікірлермен көрсетіледі. Мысалы, «Мына оқушы ақылды және зерек» пікірі екі қарапайым: «Мына оқушы ақылды» және «Мына оқушы зерек» пікірлерден тұратын пікір болып табылады.


4. Сабақты қорытындылау: ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес екен. Бекіту сұрақтарымен сабақты қорытындылайық.

1) Логика дегеніміз не? Қандай түрлерін білесіңдер?



2) Пікір дегеніміз не?

5.Үйге тапсырма: тақырыпты оқып, түсінік айту 28-31бет.

Пән мұғалімі: Кункенова Ж. А.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет