4 оқушы
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
5 оқушы
Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:
... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады
Жүргізуші:
Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың балалық шағынан көрініс.
Автор
Қожа Ахметтің әкесі дін жолын ұстаумен қатар диқан да болған.Бірде ол жерге аяғының ұшын тіреп қойып,шоқиып отырып,пияздың арам шөптерін теріп жатады.
Ахмет
-Әке,неге шоқиып отырсыз? Аяғыңыз ауырмай ма?
Әкесі
-Егінімді зиян шөп басып кетіпті, соны тазалап отырмын.
Ахмет
-Бұлай аяғыңызды ауыртқанша «пайдалың қал, зияның кет» демейсіз бе?
Әкесі
-Әкеңді әулие деп пе едің, менде ондай қасиет жоқ..
Ахмет
-Орныңызды тұрыңызшы. Е,алла тілегімді қабыл ал! «Пайдалың қал,зияның шық» Әумин!
/Сол күннен бастап Ыбырайым баласының әулиелік,көріпкелдік қасиетіне бас иген/
Мұғалім
Яссауи бабамыздың даналығы өзінің «даналық» кітабында айқын көрінеді.Онда ислам дінінің төрт алтын діңгегі: мағрипат,шариғат,хакиқат мадақталады.
1-оқушы
Мағрипатта-ғылым-білімді жырлайды.
2-оқушы
Тарихатта- о дүние,құдайға құлшылық етудің жол жүйесін көрсетеді.
3-оқушы
Хакиқат-сопылық туралы ілім.
4-оқушы
Шариғат-мұсылмандық жолының заңдылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |