Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 51.9 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі51.9 Kb.
Алтын адам. Кірме сөздер. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді түсіне оқи отырып, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру. Мазмұнын өз сөздерімен байланыстыра айтуға жаттықтыру. Сұрақтарға еркін жауап беріп, тарих пәнінен алған білімдерін мәтінмен салыстыру. Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ой - өрісін дамыту, тақырыпты деңгейлік тақырыптық тапсырмалардың көмегімен меңгеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ – жауап, аудару, оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, компьютер, интерактивті тақта, буклет, бейнефильм.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Кезекшінің сөзі.
II. Үй тапсырмасын тексеру

IIІ. Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.


Кірме сөз- ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Мысалы: қалам, ғылым, отан, мұғалім (араб тілінен). Тақта, дос, нан, апта (парсы тілінен). Парта, кино, цирк (орыс тілінен). Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмайды. Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.

Көнерген сөз-казіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архизм және историзм.

Архизм - әр халықтың тұрмыс-тіршілігінде, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі басқаша сөздермен ауысып отыратын, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.

Ескі атауы

(архаизм)

Қазіргі атауы

(неологизм)

Аэрофлот

Адрес

Рыноктық

Таможня

Станция

Әуежай

Мекен-жай

Нарықтық

Кеден

Бекет




Историзм-белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданулан шығып қалған сөз. Мысалы:уез,барымта, ханзада, нөкер, батырық, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.

Қосымша:

*Көнерген сөздер казіргі уақытта көркем әдеби шығармаларда кездеседі.

*Көнерген сөздер уақыт өте келе қайтадан қолданысқа еніп, жаңа ұғымның атауы болатын жағдайлар кездеседі. Мысалы: ай аттары:ақпан,мамыр т.б.

Тарихи атаулар:ақорда, елорда, байрақ т.б.

Жаңа сөз (неологизм)- ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөз.

Қазіргі атауы

(неологизм)



Ескі атауы

(архизм)


Кеден

Таможня

Ұшақ

Самолет

Жарнама

Реклама

Делдал

Посредник

Зейнетақы

Пенсия

Саябақ

Парк

Кешен

К о м п л е к с

Құжат

Документ



  • Ережелерді түсіндіріп, мысалдар арқылы бекіту.

«Ой шақыру»
Оқытушы: Жұмбақ шешіп көрейік...
Бұл адам жай адам емес, өзі бір ерекше адам болған. Ол бүкіл әлемге танымал және бүкіл дүние жүзінде жалғыз – ақ. Ол адам б. з. д. V – IV ғасырларда өмір сүрген, бай отбасынан шыққан. Байлығы сонша асып - тасыған, тіпті бас киімі мен аяқ киімінде алтыннан тіккізген...
Оқушылар, бұл адам кім?
- Әрине, бұл - «Алтын адам».
Тарих пәнінен «Алтын адам» туралы не оқыдыңдар, не білесіңдер, есімізге түсірейік. (пікір алмасу)

Мәтінмен жұмыс: «Алтын адам»

Сөздік:

Әшекей-украшения

Бұлан – лось

Таутеке – горный козел

Арқар – архар

Құс бейнелері- изображение птиц

Жаһұт – рубин

Сырға – серьги

Алтын алқа – золотое колье

Семсер – сабля, меч

Қанжар – кинжал

Оба – курган
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі . 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар– ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

Тапсырма: 1. Мәтінді оқу, мазмұнын қысқаша орыс тіліне аудару.

2. Сурет бойынша тірек-кесте құрастыру.
3. Дәптермен жұмыс: Орны  ауыстырылып берілген  сөздерден  сөйлемдер  құрастыру.
1. Алтыннан жасалған , қару-жарағы,сақинасы.

2. Таңғалдырып келеді, өз ғажайыптарымен , бүкіл әлемді, археологиялық  ескерткіштер.

3. Тапқан, «Алтын  адам»  ескерткішін, Кемел  Ақышев.

Қорытындылау: Сұрақ-жауап.


  1. Алтын адам қашан табылды?

  2. Алтын адамды кім тапқан?

  3. Алтын адам қайда табылған?

  4. Ол неліктен алтын адам деп атанған?

  5. Алтын адам киімінде қанша алтын әшекей табылған? Бұйымдарын атап беріңдер. Сонымен қатар қару-жарақтарын.

  6. Алтын адам тұлғасы Қазақстанның қай қаласында орналасқан? Неліктен?

Үйге тапсырма: 1. Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер тақырыптарына сөйлемдер құрастыру.

2. «Мұражайға саяхат» тақырыбына сұхбат құрастыру.


 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет