Дұрыс тамақтану;
Уақытымен ұйықтау;
Белсенді жұмыс пен демалыс;
Зиянды қылықтардан аулақ болу;
Адамға организм бір рет қана беріледі. Адам денесін еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Көптеген аурулар – дұрыс емес тамақтанудың нәтижесі.
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі.
Дұрыс тамақтанатын
адамдар көп ауырмайды, психологиялық жағдайы жақсарады, көңіл-күйі көтеріңкі болады, ең
бастысы жұмысқа қабілеттілігі,
оқуға деген қызығушылығы артады .
Сонымен, дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Диетология дегеніміз не?
ДИЕТОЛОГИЯ – тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым.
Оқушы:
Адамның тамақтану мөлшері:
Қәзіргі таңда адам бір тәулікте шамамен 800 грамм қорек және 1,5-2 литр су пайдаланады. Пайдаланатын жалпы тағамдар құрамында 15% нәруыздар, 30% майлар, 55% көмірсулар болғаны тиімді.
Жер шарының халқының тәуліктік рационы (6 млрд адамнан астам) 5 миллион
тонна қорек құрайды.
Адам 70 жыл өмірінде 70 тонна су ішеді, 17 тонна көмірсулар, 3 тонна нәруыздар, 2 тонна майлар, 2-3 центнер тұздар, 38 килограмм фосфор, 8 килограмм магнийді пайдаланады.
FASTFOOD дегеніміз не?