Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер»


II. Жаңа сабақты оқып-үйрену



бет7/8
Дата15.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#136856
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. XIX ғасырда органикалық заттар құрамына кіретін көміртек атомының валенттігін анықтауда түсінбеушілік болды. Мысалы, метанда CH4 көміртек атомы IV валентті, ал қалған формулаларда, мысалы, С2Н4, С2Н2, С3Н8 ол II, I және бөлшек сан болды. Олай болуы мүмкін емес, сондықтан да бейорганикалық химиядағы валенттікті анықтау тәсілін органикалық заттар формуласында басқаша көзқараспен қарастыру қажет болды. Шындығында, органикалық заттардың құрылысында ерекшелік бар: ол көміртек атомының әрқашан IV валентті екенінде және бұл атомдар бір-бірімен көміртек тізбегін түзе байланыса алатынында. Алғашқы сабақтан бастап оқушылар осы ерекшелікті түсініп, көміртек атомының қаңқасынан тұратын құрылымдық формула құрастыра білуі қажет. Органикалық химияның негізгі заңынды, 1861ж. Орыс ғалымы А.М. Бутлеров ұсынған «Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының» басты қағидалары қарастырылады. Оны түсіну үшін метан CH4 мен этанның C2H6 құрылымдық формуласымен қатар, бутан C4H10 молекуласының екі түрлі құрылымы болатыны тақтада көрсетіліп, н-бутан мен изобутанның құрылысындағы, қайнау температурасындағы айырмашылықты талдай келіп «изомерия», «изомерлер» деген жаңа ұғымдар енгізіледі. Пластилиннен масштабты, шарөзекті көмірсутектер молекуласының моделін жасап көрсеткен дұрыс. Оқулықпен жұмыс жасалады. Молекулалық формулалары бірдей екі заттың C2H6O құрылысы мен қасиеттерін қарастырады.

III. Алған білімді бекіту. Оқушылар өзіндік жұмыс орындау арқылы C5H12, C6H14 молекулаларының изомерлерін құрылымдық формуламен көрсетіп жаттығады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту мақсатында оқулықтағы 47- параграфтың 3-, 4-, 7- жаттығуларын сыныпта орындап, осы тақырыптан алған білімдерін бекітеді.

Диметил эфирімен этил спиртінің қасиеттері неге әртүрлі деген сұраққа жауап береді.

Мұғалім оқушылардың қатысуымен сабақтың мақсатын естеріне салып, оня қорытындылайды.

Үйге тапсырма. §44. 1-7-жаттығулар. Химия есептер мен жаттығулар жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

52-сабақ. Органикалық қосылыстардың жіктелуі

Көмірсутектер
Сабақтың мақсаты: табиғи органикалық заттардың құрамына көміртек, сутек атомдарынан басқа оттек, азот, күкірт, фосфор атомдары кіретіні туралы түсінік беру. Молекула құрамына жаңа атомның енуіне қарай, олардың қасиеттерінің өзгеруін түсіндіру және көміртек атомдары өзара байланысқанда байланыстың дара, қос, үш еселі болуына сәйкес заттар қасиеттерінің қалай өзгеретіні туралы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: этанның, этиленнцң, ацетилиннің модельдері; пластилин, шырпы, т.б.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Мұғалім алдын ала даярлаған сұрақтарына өзіндік жұмыс орындату арқылы, оқушылардың көмірсутектер туралы түсінігін одан әрі дамытқан жөн.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тақтаға бірнеше формула: CH4, C2H6, C2H2, C2H4, CH3OH, C3H7OH, CH3COOH, C2H5NH2, C2H5NO3, т.б. жазып, әр заттың құрамына қарай отырып, органикалық заттардың жіктелу себебі талданады. Көмірсутектер қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінетіні айтылады. Құрылымдық формула жаза білу өткен сабақта алған дағды мен біліктілікке негізделеді. Енді CхHумәнін анықтап және сызбанұсқаларды талдай отырып, сабақ жалғасады.

Әрі қарай көмірсутек атомдарының арасында дара, қос, үш еселі байланыс болуына қарай оның жіктелуіне баса назар аударып, нақты мысалдар келтіре отырып қарастырылады. Мұғалім осы тұста этан, этилен, ацетилен молекулаларының моделін көрсете отырып, оқушылар білімін одан әрі дамытады.



III. Алған білімді бекіту мақсатында мұғалімнің қалауы бойынша бірнеше тапсырма орындатуға болады. Оқушыларға органикалық заттардың шарөзекті моделін жасау ұсынылады. Осы құрастырған заттың құрылымдық формуласын дәптерге сыздырған дұрыс. Бұлардан тағы қандай әртүрлә модель жасауға болатынына оқушылар өздері көз жеткізулері қажет.

Жұмысты екі-екі оқушыдан бірігіп орындауға болады. Ол 10-15 мин-тан артпауы керек. Тақтаға бір оқушы орындаған құрылымдық формуласын жазады да, оны барлық оқушылар талдайды. Төмендегідей сұрақтар тууы мүмкін. Бұл заттардың бәріне ортақ қандай белгі бар? Әр заттың бір-бірінен айырмашылығы неде? Құрамы, құрылысы жайлы не айтасыңдар?

Мұғалімнің көмегімен оқулықтағы 1-4-сұрақтар талданып, сабақ қорытыныланады, оқушылардың алған білімдері бекітіледі.

Үйге тапсырма. §45. 5-9-жаттығулар. Химия есептер мен жаттығулар жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.
53-сабақ. Қаныққан көмірсутектер. Метан. Метан

қатарындағы көмірсутектер(алкандар)туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: көмірсутектерді жіктеуге сүйене отырып алкан, алкен, алкин, арендер жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Қанныққан көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті метан мысалында қалыптастыру және алкандар жайлы білім беру.

Құралдар: метан, этан, этен, пропен, ацетиленніңшарөзекті модельдері. Пластилин.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Тақтада бір оқушы бутан C4H10, пентан C5H12, гексан C6H14, молекулаларының изомерлерін жазады. Сұрақ-жауап арқылы органикалық заттардың айрықша белгіленуі, құрылысындағы ерекшелік, көптүрлілігі, изомерия жайлы сөз болады. Оқушылардың берген жауабы мұқият тыңдалып, ортақ қорытынды жасалады.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Жалпы формуласы CхHу болып келетінкөмірсутектер құрылысына байланысты алкандар қатары деп бөлінеді. Көмірсутектің жалпы формуласымен CnH2n+2 таныстырады. Мұғалім органикалық заттар 9-сыныпта қысқаша қарастырылатындықтан, алкандардың жалпы формуласын бермесе де болады.

Оның қарапайым өкілі метан молекуласының тетраэдр тәрізді пішіні сөз болады. Метандағы көміртек сутек атомымен өзара әрекеттескенде, ол қозған күйне ауысады. Сыртқы қабаттағы 4-электрондары ажырап, олардың біреуі үшінші р-электронының бос орбитальінен орын алады. Бұл электорнның орбиталі басқа екі р-электрон орбиталіне перпендикуляр болады. Енді 4 коваленттік электронның барлығы да жалқы, олар 4 химиялық байланыс түзеді, Байланыс арасындағы бұрыш 109028 жасап орналасады. Гибридтенудің мұндай түрі sp3 гибридтену деп аталатынын мұғалім оқушылармен бірге отырып талдайды. Метан молекуласының шарөзекті, масштабты моделін жасап, құрылымдық, электрондық формулаларын тақатаға жазып түсіндіреді. Метанның табиғатта таралуы мен физикалық қасиеттері қысқаша айтылады. Әсіресе бұрын алған білімдерін дамыту мақсатында кез келген газдың ауа және сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы, олардың салыстырмалы молекулалық массаларының қатынасына тең екенін еске түсіреді. Метанның ауамен, сутекпен салыстырғандағы тығыздығын табады. Содан кейін химиялық қасиеттеріне тоқталып, жануын, айырылуын және хлортуындыларының түзілуін олардың аталуы және қолданылуын түсіндіреді. Оқулықпен өзіндік жұмыс істеткен дұрыс.



III. Алған білімді бекіту үшін бірнеше сұрақтар қоямыз.

1. Метандағы көміртек пен сутектің массалық үлесін табыңдар.

2.Метан газының ауамен, сутекпен, азотпен салыстырғандағы тығыздығын табыңдар:

Mr(CH4)



D(ауа) (CH4) = Mr (ауа)
Mr(CH4)

DH2 (CH4) = Mr (H2)
Mr(CH4)

D(азот) (CH4) = Mr(азот)
өрнектеуге сүйеніп, сұраққа жауап қайтарады.

3.Гибридтену негізінде метан молекуласының тетраэдр тәрізді құрылысын түсіндіріңдер.

4.Қарапайым өкілі метанды мысалға ала отырып, қаныққан көмірсутектерге тән химиялық қасиеттерді жазып түсіндіріңдер.

Сабақ қорытындыланып, қысқаша дәптерлеріне конспекті түрінде жазылады. Оқушылар білімі жүйеленіп, үйге тапсырма беріледі.



Үйге тапсырма. §46. 1-9- жаттығулар. §46-47. 1-6- жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.

54-сабақ. Салыстырмалы тығыздығы мен массалық үлесі

бойынша газ тәрізді заттардың молекулалық формуласын анықтау
Сабақтың мақсаты: сан есептерін шығаруда оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдаланып, газдардың салстырмалы тығыздығы мен массалық үлесі бойынша есептеуді үйрету.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Молекуланың сандық құрылымындағы элементтің массалық үлесіне және белгісіз заттың салыстрмалы тығыздығына сүйеніп, молекулалық формуласын табуға бірнеше мысалдар келтіру арқылы оқушының білімі тиянақталады. Үлгі ретінде бір есептің шығарылу тәсілін ұсынамыз.
Атом сандары бүтін сан болу керек, сонықтан бұл шыққан сандарды (6,25:25) ең кішісіне бөлеміз. Сөйтіп, бүтін сан қатынасы1:4 екенін білдік. Орнына мәнін қойып, формула СН4 метан екеніне көз жеткіздік. Оқушылар өз беттерімен берілген ұқсас есептерді шығаруына болады.

1.Құрамында С 80%, Н 20% болатын белгісіз газдың сутек бойынша тығыздығы 15-ке тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.

2.Молекула құрамында көміртектің массалық үлесі 0,857 немесе 85,7 % оның сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 21-ге тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.

3.Құрамында С85,7% Н 14,3% бар газдың 1л қ.ж.-да 1,25 г/л масса тарататыны белгілі болса, осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.

4.Құрамында С 92,3%, Н 7,7% бар көмірсутектің ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2,69. Молекулалық формуласын табу қажет.

5.Сутек бойынша тығыздығы 29 болатын, құрамында масса бойынша 82,8% көміртек, 17,2% сутектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар.



Үйге тапсырма. §46-47. 5-,6- жаттығу және есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар.


55-сабақ. Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
Сабақтың мақсаты: көмірсутектердің алуан түрлілігінің бір белгісі-көміртек атомы тізбектерінің ұзындығы әртүрлі болуымен қатар, С-С атомдарының арасында бір және екі еселі байланыстың түзілуі табиғатымен таныстыру. Көміртек атомы тізбегінде сызықтық, тармақталған байланыстар болуымен қатар, еселі байланыстарға қысқаша сипаттама беріледі.

Құралдар: көмірсутектердің шарөзекті модельдері, сызбанұсқалар, пластилин.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

а) қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласына СпН2п+2 сүйеніп, 18, 21, 28 көміртек атомдарынан тұратын көмірсутектің формуласын жазыңдар.

ә) 3 моль метан мен 10л этаннан тұратын қоспаны түгел жағу үшін ауаның қандай көлемі (қ.ж.) қажет.

Көмірсутектердің қалған қасиеттеріне қатысты сұрақтар талқыланады.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, берілген есепті барлық оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. Мысалы, белгісіз газдың қ.ж.-да тығыздығы 1,25 г/л. Оның құрамында С85,71%, Н 14,29% болатын көмірсутектің формуласын табыңдар. Осы есепті шығарғанда С2Н4 формуласы шығады. Осы формула жаңа сабақты түсіндіруге бастама болады.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тақтаға тақырыпты жаздырған соң, қаныққан көмірсутек этан С2Н6 мен есеп шығару арқылы тапқан этилен С2Н4 формулаларының құрамына қарап, қанықпаған көмірсутекке тән С-С арасында дара байланыспен қатар қос байланыс (еселі) деген жаңа ұғымды түсіндіру қажет. С2Н4 этиленнің құрылымдық

Н Н

формуласын С = C

Н Н
және ықшамдалған құрылымдық формуласын СН2 = СН2 түсіндіреді, СпН2п қанықпаған көмірсутектің жалпы формуласы. Енді этилен молекуласының құрылысын шарөзекті пішінмен бейнелеуге тапсырмалар беріледі. Кейбір оқушылар пластиленнен этилен молекуласын құрастырады. Этилен алуды, физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіріп, этиленнің қосып алу, гидрлеу, гидротация, полимерлену реакциясына қысқаша тоқталған жөн. Нәтижесінде, түзілетін өнімдердің аттарын атауға үйренткен дұрыс. Этилен мен оның туындыларының қолданылатын жерлерін оқулықпен жұмыс істеу арқылы әрбәр оқушы өзі орындап, қорытындылай алады.

III. Алған білімді бекіту. Мұғалім қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің ұқсастығы мен айырмашылығына арналған сұрақтар қою арқылы алған білімді одан әрі дамытады:

а) этиленнің жануы; ә) гидрлену; б) бромсутекті қосып алу реакциясын жазып, түзілген өнімдердің аттарын атаңдар;

в) полимерлер деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер;

г) төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдерді атаңдар:

С2Н6→С2Н4→С2Н4Сl2

CO2



ж) көлемі 5,6л, этилен газы қ.ж.-да қанша көлем алады?

Мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап ала отырып, тақырыпты оқып-үйренуде қалыптасқан оқушылардың білімі мен біліктілігін одан әрі дамытады. Оқушының сабақта алған білімін қорытындылап, тапсырма береді.

Мұғалім бутадеин туралы қысқаша ғана түсінік беріп, одан синтетикалық каучук, резеңке алынатынына тоқталады.

Үйге тапсырма. §48. 1-13-жаттығулар. Есептер жинағынан 5-, 6-, 12-есептер.

56-сабақ. Ацетилен және ароматты көмірсутектер,

бензол жайлы түсініктер
Сабақтың мақсаты: этиленді, диенді ацетиленді көмірсутектер жайлы оның құрылымдық формуласына сүйене отырып, молекуладағы С-С байланыстары екі (қос) және үш еселі болуымен оқушыларды таныстырып, еселі байланыстар жайлы түсініктерін дамыту.

Құралдар: этилен, бутадиен – 1,3, ацетилен молекулаларының шарөзекті модельдері, пластилин.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық шарөзекті модельдерді пайдаланып: этилен, бутадиен, ацетилен молекулаларын құрастырудан бастауға болады. Мұғалім осы жерде оқушылардың бұрын алған білімдерін дамыта оқытуға мүмкіндік алады. Білім берудің жоспарлы нәтижесін байқайды.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Бір қос байланысы бар алкендерге жалпы формула СпН2п-2 сәйкес болса, үш байланысы бар алкиндерге СпН2п-2 жалпы формуласы тән екнінтүсіндіру қажет. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – ацетиленнің С2Н2 құрылымдық формуласы қандай екенін оқулықтағы суретті пайдалана отырып, түсіндірген жөн. Ацетиленді алу үшін оқушылар күнделікті құрылыста пайдаланып жүрген карбидті естеріне түсіреді.

Қанықпаған көмірсутек-ацетилен табиғатта кездеспейді оны лабораторияда кальций карбидіне су қосып алады:

CaC2 + 2HOH = C2H2 + Ca (OH)2

ацетилен
Мұғалімнің қалауы бойынша ацетилен алып, оның түтінденіп жануын көрсетуіне болады.

Ацетиленнің физикалық және химиялық қасиеттеріне (тек жану теңдеуі) тоқталады. Тақатаға үш оқушыны шақырып: а) этанның; ә) этиленнің, б) ацетиленнің жану реакция теңдеулерін жаздырып, теңестіріп, өзіндік жұмыс орындатқан жөн.

Келесі назар аударатын мәселе, қаныққан көмірсутектерден бастама алатын өзгерістерді іске асыруға тапсырмалар орындатқан дұрыс. Мұғалім мұндай тапсырманы даярлау кезінде оқушылардың орындай алатын мүмкіндігін ескергені жөн.



Тапсырма. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдердің аттарын атаңдар:

а) С→С2Н6→С2Н4→С2Н4Сl

C2H5OH



*ә) метан → хлорметан → этан

көміртек (IV) оксиді



Ароматты көмірсутектің өкілі- бензол С6Н6. Молекуладағы көміртек атомы алты мүшелі цикл жасаптұйықталып байланысатындығына оқушылардың назарын аударып, бензол молекуласының моделімен ықшамдалған құрылымдық формуалсымен таныстырып, шарөзекті моделін құрастырады. «Бензол сақинасы» деген ұғымды түсіндіріп, ароматты көмірсутектерге тән жалпы формуласымен СпН2п-6 таныстырады. Бензолдың таскөмірді кокстегенде түзілетіні және мұндайдан синтездік жолмен алынатыны, физикалық қасиеттері мен қолданылуы сөз болады.

III. Алған білімді бекіту. Жоғарыда берілген деңгейлік тапсырманы аяғына дейін талдай отырып, жаңа сабақты түсіндірудің басатмасы қалыптасады. Уақыт болса мұғалім §52 соңындағы қиындау 6-, 7-, 8- жаттығуларды талдап, түсіндіріп, тапсырма бередіү

Немесе оқушыларды топқа бөліп, төмендегідей тапсырмаларды орындатуға болады:

а) есеп: массасы 13г ацетилен толық жанғанда, қанша көлем (қ.ж.) оттек жұмсалатынын есептеңдер?

ә) броиның ең көп мөлшері ацетиленмен әрекеттескенде түзілетін өнімнің атын атаңдар;

б) СпН2п+2, СпН2п жалпы формулалары қандай көмірсутектерге тән;

в) лабороторияда ацетиленді неден алады;

г) этиленнің, ацетиленнің қолданылуын айтып беріңдер.

Үйге тапсырма. §49. 1-3-жаттығулар. §50. 1-5-жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.

57-58-сабақ. Көмірсутектердің табиғи қорлары.

Мұнай, таскөмір, отын
Сабақтың мақсаты: табиғатта көмірсутектердің кездесуін пәнаралық байланыс арқылы түсіндіру (биология, география). Мұнай, таскөмір, отын энергетикалық ресрстары жайлы мәлімет беру.

Реактивтер мен құралдар: сызбанұсқа, пластилин, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Мұғалім үйге берген тапсырманың орындалуын тексеріп, оған қысқаша талдау жасап, жаңа сабақты бастайды.

Көмірсутектердің табиғи көздері және олардың негізгі энергия қоры химия өнеркәсібі үшін маңызы шикізат екенімен таныстырады.

Оларға табиғи газ, мұнайға серіктес газдар, мұнай мен таскөмір жатады. Табиғи газдың қоры көп. Онда метан 80-90% шамасында болады. Қазақстан-көмірсутектік шикізат қорына бай ел. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, экспорттау мен имопрттауға қатысты экономикалық мүдделерді қоғау мақсатында 1997ж. «ҚазтрансОил» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы құрылғаны айтылады.

Осы тақырыпта оқушыларға реферат жаздыруға болады. Бұл арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті қалыптасып дамиды.

Қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар география пәнімен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1.Қазақстанның қай аймағы табиғи газга бай екенін картаны пайдаланып айтыңдар.

2.Табиғи көмірсутектер қайда кездеседі?

3.Табиғи газ деген не? Ол қайда қолданылады?

4. Маңғыстауда қандай кен орындары бар?

Сабақты мұғалімнің қалауымен басқаша өткізуге болады. «Мұнай», «Таскөмір», «Отын». «Отынды тиімді пайдалану» тақырыптарына алдын ала тапсырма беріп, семинар-сабақ немесе конференция –сабақ түрінде өткізуіне де болады.



Үйге тапсырма. §51. 1-4-жаттығулар. §52, 53, 54-тарды оқу. Реферат даярлау. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар.


59-сабақ. «Органикалық заттар» тақырыбын

қорытыныдлауға арналған сұрақтар
1-тапсырма. Берілген ұғымдар мен терминдерге түсініктеме беріңдер.

1.Органикалық химия.

2.Изомерия.

3. Изомерлер.

4.Гомологтар.

5.Электрон бұлттарының гибридтенуі.

6.Сигма және р-байланыстар.

7.Көмірсутектер(-ан, -ен, -ин, -диен, - арен).

8.Жалпы формуласы.

9.Радикал.

10.Полимерлену.

11.Орынбасу.

12.Қосып алу.

13.Мұнай өнімдері.

14.крекинг.

15.Отын оның түрлері.

15.Отынды тиімді жағу деген не?
2-тапсырма.Заттардың құрылысы. Көмірсутектер.

1. А.М. Бутлеров тұжырымдаған органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын айтып беріңдер.



  1. Көмірсутектердің жіктелуін мысалмен түсіндіріңдер.

  2. Алкандардың қандай гомологтарын білесіңдер?

  3. Қанықраған көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады?

  4. Бутадиенді көмірсутектерге мысалдар келтіріп, қолданылатын жерлерін айтып беріңдер.

▲6. Этилен мен ацетиленнің химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастық бар екнін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.

▲7. Бензол молекуласында көміртек атомдары өзара қалай жалғасады? Басқа көмірсутектерден айырмашылығы неде?

8. Табиғи газдан қандай заттар алуға болады? Олар негізінен қайда қолданылады?

9. Мұнайдан алынатын қандай заттарды білесіңдер?



  1. Қазақстанда көмір қай жерлерде өндіріледі?


3- тапсырма.

▲1. Метанның, этанның, бензолдың буларының сутекпен салыстырғандағы тығыздықтары қанша?

▲2. Көлемі (қ.ж.) 18л СН4, 3л С2Н2, 5л С3Н8 болатын газдардың қанша зат мөлшері және қандай массасы болатынын есептеңдер.

▄ 3. Құрамында 93,75% көміртек, 6,25% сутек бар белгісіз газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 4,41 болатынын ескере отырып, заттың молекулалық формуласын табыңдар.

▄ 4. Көлемі (қ.ж.) 89,6 л метанды толық ыдыратқанда неше грамм күйе алынады?

▄ 5. Көлемі 5,6 л этилен (қ.ж.) қанша грамм бромды қосып алады?

*6 . Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. А, Б заттарының атын атаңдар.

-H2 -H2 2Cl2

этан А Б тетрахлорэтан.
▄ 7.Массасы 3,9 г бензолды толық жағу үшін қанша көлем ауа қажет екенін есептеңдер.

▄ 8.а) бутаннан; ә) бутеннен бутадеин – 1,3-ті қалай алуға болады? Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.

▄ 9. Өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
пропан→пропен→хлорпропан

↓ ↓


көміртек дихлорпропан

(IV) оксиді

*10. Берілген айналымдарға мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар: Қаныққан көмірсутек→қанықпаған көмірсутек→спирт→жай эфир.

ОТТЕКТІ ОРГНАИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
60-сабақ. Спирттер. Көпатомды спирттер
Сабақтың мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар жайлы алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып, олардың жіктелуімен және кейбір өкілдерімен таныстыру. Олардың негізгі қолданылатын салалары және органикалық заттардың алуан түрлілігі жайлы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: метанол, этанол, этиленгликоль, глицерин молекуласының модельдері мен ерітінділері, сіріңке, спирт шам, кәрлен табақша.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Осы сабақты өту барысында көмірсутектерден басқа құрамында оттек атомы болатын жаңа органикалық заттар бар екенін айта келіп, мұғалім «Спирттерді» оқыту үшін алдын ала оқытудың жоспарланған бірнеше тәсілін ұсынады.

Мысалы, шарап спиртін адамдар ертеден-ақ өндіре білген. Сондықтан алдын ала оқушыларға тапсырма беріп, реферат даярлатуға болады. Ол үшін мұғалім осы сабаққа арналған толық жоспар құрады да, соны оқушылармен бірге талдайды.

Спирттердің қолданылуы, жіктелуі, алыну жолы мен химиялық қөасиеттері қысқаша түсіндіріледі.

Спирттердің құрылымдық формуласын қарастырғанда бір-, екі- жәнеүшатомды спирттердің де бар екені жайлы да түсінік беріледі. Этиленгликоль мен глицериннің қолданылатын салаларын түсіндіре отырып, оқушылардың біртіндеп санның сапаға ауысу заңдылығын ұғынуына мүмкіндік туғызады. Басқа да оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің іскерлігіне байланысты.

Тәжірибе. Әртүрлі спирттер жанғанда көп жылу бөлінеді, бірақ жанған кездегі олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар екені тәжірибе арқылы дәлелденеді.

Себебі метил, этил спирттері көгілдір жалынмен лезде жанып кетеді. Ал басқа ауыр спирттер жарқыраған жалынмен жанады, жанып кеткен соң кәрлен (фарфор) табақшада қара дақ қалатынына тәжірибе арқылы көз жеткізіледі. Оқушыларға оның себебін түсіндіру қажет. Спирттердің суда ерігіштігі де әртүрлі. Ол жоғары сыныптарда оқылады. Сондықтан көпатомды этиленгликоль мен глицериннің құрылымдық формуласы мен қолданылуын айтумен шектеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет