Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер»



бет6/8
Дата15.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#136856
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың мақсаты: периодтық жүйені пайдаланып, II топтың негізгі топшасы элементтерін сипаттауды жалғастыру.

Сілтілікжер металы кальцидің және оның қосылыстарының қасиеттерін жаза білуге үйрету. Магний және кальций қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.



Құралдар мен реактивтер: магний, кальций, әк суы бар ыдыс, индикаторлар, сынауықтар, сіріңке, спирт шам, суы бар құты, әктастар жинақтамасы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дйындық. Бұрын алған білімді еске түсірейік(8-сынып).

1.Неліктен барлық сілтілік металдар күшті тотықсыздандырғыш болады?

2.Натрий атомының құрылысын сызып, оның тотығу дәрежесін көрсетіңдер.

3.Берілген сызбанұсқаға сәйкес реакия теңдеулерін жазыңдар:

Na→NaOH→Na2SO4→Na2O→Na3PO4

4.Массасы 2,3 г натрийді 100г суда еріткенде алынған натрий сілтісінің массалық үлесін (%) есептеңдер.

5.Тірі организм үшін натрий мен калий иондарының маңызы қандай?

6.Күйдіргіш натр қайда қолданылады?



II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. II топтың негізгі топшасынбастап тұрған элементтер s-элементтерге жатады. Бериллий-екідайлы эелемент. Одан әрі металдар: магний, кальций, стронций, барий, радий орналасады. Осы элементтердің әртүрлі периодта орналасатынын ескере отырып, ұқсастығын еске түсіреді.

Екінші топ элементтерінің ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар екенін, электрондық және графиктік формуласына сүйене отырып, кальцидің тотығу дәрежесі +2 екенін түсіндіру:

Ca0 - 2ē – Ca+2

Тотығу дәрежесі +2 болатын қосылыстары СаО, Са(ОН)2, және кальций қосылыстарының химиялық қасиеттерін кесте құрып жаздыруға болады. Төмендегі тірексызбаны пайдалана отырып, түзілетін өнімдерді жазып, аттарын атайды:

кальций кальций оксиді

+ О2+ Н2О→

+ S→

Ca CaO + H2S4



+ Cl2+ SO2

+ H2

кальций гидроксиді



+ HCl→

Ca(OH)2 +2

+ H23

Өнеркәсіпте кальциді тұздарының балқымасын электролиздеп алады.

Кальцидің қолданылуын айта келіп, қосылыстарының ішінде кальций оксиді СаО мен кальций гидроксидіне Са(ОН)2 ерекше тоқталу керек. Техникада СаО сөндірілмеген әк, Са(ОН)2 әк сүті деп аталады. Әк сүтін әктеуге жәнеқұммен қосып кірпіш қалағанда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жұмсайды. Бұл қоспа біртіндеп «ұстасып» қатая бастайды.

Реакция теңдеуі:

Са(ОН)2 + СО2 = CaCO3 + H2O
Кальций тұздарының құрылыстағы мәні зор. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілеті бар. Мысалы, табиғи гипс CaSO4 * 2H2O, алебастр (CaSO4)2 * H2O. Алебастр ұнтағын суға араластырса, тез қатаятын қоймалжың масса түзіледі. Қатаюы суды қосып алғанда жүреді:
(CaSO4)2*H2O + 3H2O = 2(CaSO4*2H2O)
Әрі қарай судың кермектігі қарастырылады. Кальций және магний тұздары судың кермектігін тудырады. Кермектіктің екі түрі болады, Суда Mg, Ca гидрокарбонаттары болса, уақытша немесе карбонаттық кермектік, ал сульфаттар хлоридтер болса, тұрақты, яғни бейкарбонатты кермектік деп аталады. Кермектікті жою, яғни суды жұмсарту «әдістерімен таныстырады.

III. Алған білімді жинақтап қорытындылау үшін тақырыптың сроңындағы жаттығуды орындау қажет.

§31. 1-4- жаттығулар.

§37. 1-7- жаттығулар.

§38. 1-3- жаттығулар.



Үйге тапсырма. §35. 1-7-жаттығулар, §36. 1-11- жаттығулар, §37 оқып келу. Жұмыс дәптерінен 26-36-тапсырмалар.

Күні: Сыныбы:

43-44-сабақтар. Алюминий. Алюминий қосылыстары

Сабақтың мақсаты: екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан әрі дамыту. Жай заттардың химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы сипаттау. Екідайлы элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жаза отырып, бұрын алған білімдерін дамыту.

Құралдар мен реактивтер: алюминий ұнтағы, тақташасы, түйірлері, таспалары, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, мыс (II) сульфаты, алюминий хлориді (сульфаты), натрий карбонаты ерітінділері, сынауықтар, спирт шам. Табиғатта кездесетін алюминий қосылыстарының жиынтығы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

Өтілетін тақырып екідайлы элемент жайлы болғандықтан, үй тапсырмасын қайталау үшін алдын ала жоспар құрғанда мұғалім негіздік қасиет көрсететін жай заттардың генетиалық тізбегін еске түсіру қажет екенін ескергені жөн.

1.Кальцидің және оның қосылыстарының негіздік қасиет көрсеттеінін дәлелдеңдер:

Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCl2

Тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Магний мен кальций қосылыстарының табиғатта таралуы.

3. Mg мен Ca қосылыстарының қолданылуы.

4.Сілтілікжер металдарының табиғатта кездесуі.

5.Шәнектегі карбонаттық қақты қалай жоюға болады?

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Алюминийдің периодтық жүйедегі орынын қысқаша сипаттап өткен соң, оның табиғатта кездесуі сөз болады. Табиғатта кездесетін металдардың ішінде алюминий бірінші орын алады. Ол белсенді металл болғандықтан тек қосылыс түрінде кездеседі. Дала шпаты, слюда, ороклаз K2O*Al2O3*6SiO2 және нефелин Na[Al2Si2O8] шайылып мүжілгенде каолинит Al2O3*2SiO2*2H2O түзіледі. Ал корунд Al2O3 өте қатты түссіз минерал, ол түрлі бағалы тастардың құрамына кіреді. Қазақстан бокситінің Al2O2*nH2O кен орны Торғайда, ал Павлодарда глинозем (Al2O3) өндірілетіні айтылады. Ерекше назар аударатын мәселе – алюминийдің физикалық қасиеттеріне сәйкес қолданылуы.

Алюминийдің химиялық қасиеттеріне тоқталғанда оқулықпен жұмыс жасай отырып, оның жай және күрделі заттармен әрекеттесуі екідайлы қасиетіне байланысты екендігіне тоқталуға болады.

Қысқаша алюминий оксидінің балқымасын электролиздеп, өнеркәсіпе алюминий алынатыны айтылады.

Алюминий құймаларында негізгі металл 90% -ті құрайды. Басты легирлеуші металдар: Cu, Mg, Mn, N және Si болады. §39 оқулықтағы кестені пайдаланып, оқушылар құймалар жайлы мәлімет алады. Алюминий және оның құймаларының қолданылуына тоқталады. Өте таза алюминий электротехникада өткізгіш ретінде және түрлі аппараттардың бөлшектерін жасауға, пиротехникада пайдаланады.

Металлургияда алюминотермиялық әдіспен оксидтерін ( Cr2O2, V2O5) тотықсыздандырып, таза металл алады:

Cr2О3 + 2Al = 2Cr + Al2О3

3V2O5 + 10Al = 6V + 5Al2O3

Мұндай реакциялар көп жылу бөле жүреді (экзотермиялы).

Екінші сабақта оқушылармен сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, сабақ әрі қарай жалғастырылады.

1.Алюминийдің құймасы оның өзіне қарағанда неліктен жиірек қолданылады?

2.Ас содасын, әк суын, ашыған сүт өнімдерін алюминий ыдыста ұзақ сақтауға болмайтын себебі неде?

3.есеп кітаптан сан есептерін орындай отырып, оқушылар алюминий қосылыстарының қасиеттерін оқып-үйренеді.

Алюминий оксиді қатта, қиын балқитын зат екеніне назар аударып, екідайлы қасиетіне тоқталады. Дәл солай суда ерімейтін алюминий гидроксидін Al(OH)3 лабораторияда алу әдісін және оның екідайлы қасиетін лабораториялық тәжірибе көмегіен мұғалім оқушыларға орындатады. Алюминийдің маңызды тұздары және олардың қолданылуына қысқаша тоқталуға болады. Мысалы, AlCl3 * 6H2O алты сулы алюминий хлориді органикалық синтезде өршіткі ретінде қолданылады.

Al2(SO4)3 * 18H2O он сегіз сулы алюминий сульфаты суды тазартуда, қағаз өндірісінде, ал ашудас KAl2(SO4)3 * 12H2O мата бояуда, тері илеуде кеңінен қолданылады.



III. Екі сабақтағы өткен материалды қорытындылау үшін тақырып соңындағы сұрақтар мен жаттығуларды, есеп кітапты пайдалануға болады. Мұғалім өз қалауы бойынша әртүрлі әдістерді қолданғаны жөн.

Үйге тапсырма. §38. 1-6-жаттығулар. Химия есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар. §39. Өзіндік жұмыс орындауға болады.

Күні: Сыныбы:

45-46-сабақтар. Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Сабақтың мақсаты: темірдің тотығу дәрежесіне байланысты химиялық қасиеттерін түсіндіру, тотығу дәрежесі +2, +3 темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін қарастыра отырып, оқушылардың біліктіліктерін дамыту. Темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: темір (ұнтағы, түйіршігі, қаңылтыры) күкірт, мыс (II) сульфаты, тұз қышқылы, темір (III) хлориді, натрий гидроксиді, қызыл жіне сары қан тұзы ерітінділері, калий роданиді ерітіндісі, спирт шам, сіріңке.

Сабақ барысы. I .Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. I-III топтың негізгі топшасындағы s-элементтер және VIII топтың қосымша топшасының s-, d- элементтерінің сыртқы электрондық деігейіндегі электрондар санын еске тұсіріп, айырмашылықтарын талдайды. Бұрын алған тірек білімді пайдаланып, бұл сұраққа жауап беруді оқушылармен диалог ретінде қайталауға болады.

Na+, Ca+2, Al+3 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін қосылыстарының формуласын тақтаға бір оқушы мысал келтіріп орындайды.

2- оқушы: алюминийдің химиялық қасиеттерін жазады.

3- оқушы: төмендегі өзгерістік айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады:



Al2(SO4)3

AlCl3→Al (OH)3

NaAlO2


Қалған оқушыларға есеп шығартуға болады.

Есеп. Массасы 15,2 г хром (III) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 9 г хорм түзілген. Хромның теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын (%) көрсетіңдер.

II. Жаңа сабақты оқып - үйрену. Мұғалім шәкірттердің ойлау қабілеттерін, біліктілігін дамыту мақсатында қысқа сызбанұсқа ұсынуына болады.

Өзіндік жұмыс.


Жай зат

Темір

Химиялық элемент

Периодтық жүйедегі орны

Атом құрылысы. Электрондық формуласы

Табиғатта кездесуі

1. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны 4 үлкен период. VIII 26, Ar = 56.

2
↑↓

↑↓ ↑↓ ↑↓

↑↓ ↑ ↑ ↑ ↑

↑↓
. Атом құрылысы:
3s2 3p6 3d6 4s2

+26Fe1s22s2p63s23p63d64s2

Валенттік электрон:

Fe0(3d64s2) - 2ē = Fe+2 (3d64s0) FeO, Fe(OH)2, FeCl2

Fe0(3d64s2) - 3ē = Fe+3 (3d64s0) Fe2O3, Fe(OH)3, FeCl3

3. Темірдің табиғатта кездесуі.

4. Физикалық қасиеттері.

5. Химиялық қасиеттері.

6. Өнеркәсіпте алынуы.

7. Қолданылуы.

Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушылар оқулықтыжәне қосымша басқа әдебиеттерді пайдаланса да болады.

Тақырыпты өтуге арналған екінші сағатта темірдің қосылыстарының қасиеттері қарастырылады.

+2тотығу дәрежесіне сәйкес қосылысына темір (II) оксиді FeO қара сұр түсті ұнтақ, темір (II) гидроксиді Fe(OH)2 және тұздары FeCl2, FeSO4жатады.

Бұл қослыстар тез тотығып +3 қосылыстарына айналады. Оксидтері мен гидроксидтері негіздік қасиет көрсетеді.

Лабораториялық тәжірибе жасау арқылы FeO және Fe(OH)2 химиялық қасиеттерімен таныстырады:t

FeO + 2HCl→FeCl2 + H2O

Fe(OH)2 + 2HCl = FeCl2 + H2O

Тәжірибе жасай отырып, темір (II) гидроксидін алмасу реакциясы көмегімен алуға болады:

FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2 ↓ + Na2SO4

Fe2+ + 2OH- = Fe(OH)2

Жасылдау түсті тұнба

Fe(OH)2 ауада тоттотығып, қызыл күрең тұнбаға айналадаы:

4Fe(OH)2 + 2H2O + O2 = 4 Fe(OH)3

Fe(OH)2 аздап қыздырғанда темір (II) оксиді мен суға ыдырайды.

Оқушыларға Fe2O3 негіздік оксиді екені, ал Fe(OH)3 әлсіз (екідайлы) негіз, сондықтан қышқылмен де, сілтімен де реакцияға түсетіні айтылады. Оқушылар темір (III) гидроксидінің қышқылымен әрекеттесіп- темір нитратын (III) ал сілтімен ірекеттесіп -натрий ферритін түзетінін түсінеді.

Темір (III) гидроксиді қыздырғанда ыдырайды:

2Fe(OH)3→Fe2O3 + 3H2O

Темірдің +2,+3 иондарына сапалық реакция жасауды оқулықтан гидроксидтерінің жасыл және қызыл күрең тұнбасына сүйеніп тануға болатынын түсіндірген соң, мұғалім темір Fe3+ ионын сары қан тұзы K4[Fe(CH)6] және калий роданидімен KCNS анықтауға болатыны туралы мағлұмат береді:

4FeCl3 + 3K[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

Берлин көгі

Fe2+ ионын қызыл қан тұзын қосып анықтайды:

3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3 [Fe(CN)6]2 + 6KCL

Турунбул көгі

Темір жіне оның қосылыстарының қолданылуын қарастырып, таза темірдің тез магниттелетіні және магниттік қасиетін жоюға бейім екенін түсіндіріп, темір(III) хлоридінің алты сулы кристалгидраты 3FeCl2* 6H2O қанды ұйытатын қасиеті болғандықтан медицинада қан тоқтату үшін, ал Fe (II) сульфатының 7сулы кристал гидраты FeSO4*7H2O бақша зиянкестерін құртуға және бояулар жасауға қолданыталтынын айтқан жөн.

III. Тақырыпты оқу кезінде оқушылардың алған білімін бекіту үшін мұғалім алдын ала тапсырмалар даярлайды. Мұғалім кәсіби шеберлігін арттырып оқыту әдісін жетілдіру үшін түрлі әдебиеттерді қарап шығармашылықпен іздену қажет. Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтар берілуі мүмкін.

1. Темір табиғатта қандай түрде кездеседі?

2. Қазақстанда қандай кен орындары бар?

3. Темірдің тірі организм үшін маңызы қандай?

4. Темірдегі өзгерістік айналымдарға іске асыруғаболатын реакция теңдеуін жазыңдар:

5. Темір (III) хлоридімен калий гидроксидін әрекеттестіргенде массасы 10,7 г тұнба түзілген. Реакцияға неше грамм темір (III) хлориді қатысқанын есептеңдер.

6. Эксперименттік есеп: темір (II) хлоридінен темір (III) оксидін тәжірибе арқала алыңдар.

Орындалуы:

FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 ↓ + 2NaCl

Fe2+ + 2OH- = Fe(OH)2

Темір (II) гидроксидінің айналымын тездету мақсатында тотықьырғыш суек пероксидін қосса реакция жылдам жүреді:


2Fe(OH)2 + H2O→3Fe(OH)3

қызыл қоңыр

Алынған темір (III) гидроксидін қыздырғанда, ыдырап темір (III) оксиді түзіледі.

7. Темір (II) оксидінің химиялық қасиеттерін жазыңдар. Оқушылардың жауабын талдай отырып, білімдерін бағалайды.



Үйге тапсырма: §40. 1-9- жаттығулар. §41. 1-8-жаттығулар және есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Өзіндік жұмыс (Ә.Н. бар.)

Күні: Сыныбы:

47-сабақ. Шойын мен болат

Тақырыпты оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде ұйымдастыруға болады.

Темір табиғатта таралуы жөнінде металдардың ішінде алюминийден кейін екінші орында. Темір магнетит, гематит, лимонит, пирит түрінде кездеседі. Темірдің кендері Оңтүстік Қазақстанда, Қостанайда кездесетіні география сабағымен байланыстырылады. Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лисаков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентратымен жұмыс істейді. Соның ішінде Қарағанды металлургия комбинаты шойын және болат өндіретін кәсіпорынның негізгісі.

Шойын деген не, неден тұрады? – деген сұраққа жауап беру үшін қысқаша сызбанұсқаны ұсынған дұрыс:



4500 8000 7000

Fe2O3 Fe3O4 FeO Fe



CO CO CO

темір кенінде шойын

Шойында:


Шойында темір 93-95%, қалғаны C, Si, Mn, P, S болады



Болат Fe(97%) C 0,3% - 1,5% легирлеуші металл Cr, Mn, N, Ti бар.


Үйге тапсырма: §42. 1-6- жаттығулар. Реферат, презентация әзірлеу.

50-сабақ. Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы

Сабақтың мақсаты: органикалық қосылыстардың құрамы мен құрылысы жайлы алғашқы ұғым қалыптастыру. Органикалық заттардың бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып, олардың алуан түрлілігі жайлы мағлұмат беру. Бұрын қалыптасқан химиялық біліктілік пен дағдыны органикалық заттардың құрылымдық формуласын қарастыру мысалында жалғастыру.

Құралдар мен реактивтер: табиғи және синтетикалық заттар үлгілері, сіріңке қышқылы, ацетон, қант, қағаз, балауыз, мұнай, спирт шам, сіріңке.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Сабақты мұғалім бұрын даярлап қойған реактивтерді көрсетуден бастауына болады. Органикалық заттардың кейбір ертедегеі атауларын мысалға келтіреді. Органикалық көптеген синтетикалық заттар жайлы түсінік береді. Көміртек барлық өлі және тірі табиғатты біріктіруші элемент. Сондықтан органикалық заттардың ерекшеліктеріне тоқтала келіп, ның құрамында көміртек атомының негізгі рөл атқаратыны сөз болады. Барлық тірі организмнің денесі көміртек атомдары құрайтын заттардан тұрады. Мысалы, оқушыларға бұрыннан мәлім күн сәулесі әсерімен өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін алайық. Нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен судан глюкоза C6H12O6 молекуласы түзілмей ме? Оның құрамында көміртектің алты атомы тізбектеле отырып, сутек және оттек атомдарымен байланысады. Ал бейорганикалық заттардың бәрінің құрамын біріктіретін ортақ элемент жоқ. Органикалық заттардың алуан түрлілігі көміртек тізбегінің әртүрлі болуымен қатар, басқа химиялық элементтер қатысуымен де көптеген қосылыстар түзеді. Органикалық заттардың тағы бір ерекшелігі-жанады. Қазіргі кезде органикалық заттардың 18млн-нан астам түрі бар. Онымен қатар дүние жүзі химиктері лабороторияда жылына 30 мыңға жуық органикалық заттар алады. Мұғалім бірнеше органикалық заттың: мұнай, пластмасса, көксағыз (каучук), синтетикалық талшықтар, құрғақ спирт (уротропин) үлгілерін де көрсетуіне болады. Алдын ала тақтаға кейбір заттардың химиялық формулаларын, мысалы: ацетонC3H6O, этил спирті C2H6O, қант C12H22O9, сірке қышқылы C2H4O2, глюкоза C6H12O6, аскорбин қышқылы C6H8O6 т.б. жазып, сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, сабақты түсіндіреді.

«Осы заттардың молекула құрамында бәріне тән қандай ортақ белгі байқалады? Бұлардың қасиеттері қандай болуы мүмкін?» - деген сұрақтарға оқушылармен бірге отырып жауап іздейді. Мұғалім уртропин, балауыз, спирт шамның жануын көрсетіп: «Не себепті парафин жанғанда түтінденеді? Жану деген не? Оның өнімі қалай аталады?», т.б. сұрақтарға оқушылардың бұрын алған білімдерін олармен бірге отырып талдау арқылы жауап береді.

Көміртек атомының ерекшелігі – олардың бір-бірімен тізбектеліп байланысатындығында және оның құрамында әртүрлі атм топтары (функциялық тобы) қосыла алатынында. Мұғалім енді көміртек атомдарының өзара сызықты, тармақты және тұйық цикл түзетінін ерекше атап өтеді. Оқулықтағы мәліметтерді пайдаланып, органикалық заттардың алуан түрлілігіне назар аударады. Органикалық химия пәні нені оқытады? – деген ойды қалыптастырып, органикалық қосылыстардың адамзат өміріндегі маңызы сөз болады.

II. Алған білімді бекіту. Сабақ кезінде органикалық химия көміртек қосылыстарының химися деп те аталатынына назар аударып, өткен сабақтан алған білімдері мен күнделікті тұрмыста оқушылар білетін заттар туралы білімдерін тиянақтап, бекіту сұрақтарын даярлайды.

1.XIX ғасырға дейін ғалымдар заттарды қалай топтастырады?

2.Органикалық заттардың ерекшелігі мен маңызы неде?

3.§43. 4-, 5-, 6-жаттығуларды орындатқан жөн.

4.Көміртектің 5 және 6 атомын тіркестіре және тармақтап орналастыру ұсынылады.

Үйге тапсырма. §43. 1-9-жаттығулар. Есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

51-сабақ. Органикалық қосылыстардың химиялық

құрылысы. Изомерлену
Сабақтың мақсаты: изомерия және изомерлер жайлы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұрын қалыптасқан құрылымдық және электрондық формула органикалық қосылыстар мысалымен одан әрі түсіндіріліп дамытылады.

Құралдар мен реактивтер: пластилин (түрлі түсті), өзектер, анықтама оқулықтары.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үй тапсырмасын тексерген соң, оқушылардың өткен сабақта алған білімдері ауызша және жазбаша тексеріледі.

Оқушылар дәптерлеріне C5H12, C2H6O, C3H8 молекулаларының құрылымдық формуласын құрастырады, атомдардың бір-бірімен байланысуы валенттікке сәйкес екенін көрсетеді. Мұғалім оқушылардың дәптерлеріне төмендегідей қорытынды жаздырады:

1)органикалық заттар, негізінен, көміртек атомдарынан тұрады;

2)органикалық заттар жанады немесе құрамында көміртек бар өнімдерге ыдырайды;

3)органикалық заттар молекуласындағы байланыс- коваленттік полюсті болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет