Сабақтың мақсаты: мысалды мәнерлеп оқи отырып тақырыпты және



жүктеу 33.52 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі33.52 Kb.
Тәкаппар. Шона Смаханұлы
Сибакова Нургуль Турсунбековна
О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі
Қарағанды облысы, Қаркаралы қаласы
Сабақтың мақсаты: мысалды мәнерлеп оқи отырып тақырыпты және

мысалдың негізгі идеясын ашу. Өздігінен жұмыс істеуін, ой-өрістерін дамытып, сөздік қорларын молайту. Өз ойларын жеткізе білуге, шығармашылық қаблеттерін ашуға жағдай жасау, жаман әдеттерден аулақ болуға, менмен, такаппар болмауға, адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, бақылау, көрсету, СТО технлогиялары: ой толғаныс: Венн диаграммасы, бес жол, өлең, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Смаханұлы портреті, интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану
Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезең.


Психологиялық көңіл-күй туғызу.(3 рет қайталайды)

Бәрімізде тұрайық,

Күннен жылу сұрайық..

Жаса, жаса алтын күн,

Жаса, жаса жарқын күн
Үй тапсырмасын тексеру.



  1. Өлеңді оқыту.

Бұл шығарманы неліктен мысалға жатқызтамыз?

Бұл мысалдың негізгі идеясы не?

2) Қияр туралы жазған ертегілерін оқыту.

3) Салып келген суреттерін тексеру

4) Мысалдан қандай жаңа сөздер үйрендік, мағаналарын айтып жіберіңдерші

-даңғой – мақтаншақ

-нән, алып – үлкен

-қалтарыста – тасада

-семді – өлді

- кәдеге – керекке, пайдаға

Бұл мысалда қандай әдет сыналды?

Тағы да қандай жақсы, жаман әдеттер туралы шығармалар оқыдық?


ІV. Жаңа сабақ: Ал, бүгін біз сендермен мақтаншақ адам қандай болатынын жайлы «Тәкаппар» мысалынан оқып білеміз. Мысалды жазған белгілі сқақшы Шона Смаханұлы. 1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Балаларға арналған «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Тотияйын», «Қу түлкінің сыбағасы» өлеңдері бар.

(Слайдтан автор және оның өмірбаяны көрсетіледі)




  1. Белсенділікті арттыру.

Судың дауысын естіртемін (слайдтан көрсетіледі)

  • Суда не тіршілік етеді?

  • Ол сусыз тіршілік ете ала ма?

  • Ал бақа ше? Дүниетанудан білетіндерің бойынша айтып беріңдерші.

Ол құрлықта да, суда да өмір сүре алады. Ол қосмекенді.

Қазір оқитын мысалымызда құрлық, мекен деген сөздер кездеседі. Бұл сөздер сендерге түсінікті гой? Яғни, құрлық дегеніміз – сусыз жер, ал мекен дегеніміз – тұратын жері, қонысы, өмір сүретін ортасы.




  1. Сергіту сәті.

Су балықтың мекені,

Сусыз ол қалай тіршілік етеді.

Тас лақтырсаң суға сен,

Түбіне сүңгіп кетеді.


3)Мысалды мәнерлеп оқу(слайдтан суреттерін көрсетіп отырып)
4) Оқушылардың оқуы(электрондық оқулықпен)

5) Сұрақ қоя отырып өз сөздерімен әңгімелету

Ақын ненің басынан өткен жағдайды суреттейді?

Балық арқылы адамның бойындағы қандай жаман әдет сыналады?

6) Мысалмен жұмыс

-1 қатар-балықтың 1 сөзін

-2 қатар-балықтың 2 сөзін

-3 қатар- қорытынды ой айтылған жолды тауып оқу, жазу


7) Сонымен балық қандай екен?

-Тәкаппар

Тәкаппар дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларын айтады

6) Түсіндірмелі сөздікте «Тәкаппар» сөзі былай түсіндіріледі. Слайд көрсетіледі.

менмен өзімшіл



өркөкірек Тәкаппар менсінбеу

паң кесірлі


7) Ой толғаныс. Дәперлеріне жазады.

5 жол өлең

1)Не?

2)Қандай?



3) Не істеді?

4)Не үшін?

5) Жалпы ойды түйіндеу
8) Венн диаграммасы. Даңғой мен Тәкаппар мысалын салыстыру

(Интерактивті тақтада орындалады)


9) Осы мысал бойынша қандай сурет салар едің?

Немесе мынау сурет арқылы мысалды қалай аяқтар едің? (Баланың балықты тауып алған суреті көрсетіледі)


10) Қорытындылау. Сонымен, тәкаппарлық қандай әдет екен?

- Біз қандай тарауды оқып жатырмыз?Бұл тарауда тағыда қандай шығармалар оқыдық? Ол шығармада қандай әдеттер жайлы айтылады?



  • Адам болам десеңіз кімнің өлеңі?

Бұл өлеңде адам болу үшін қандай нәрселереге асық бол дейді?

  • Қандай нәрселерден қашық бол дейді?

(Слайдтан көрсетіледі)

  • Ал, бүгінқандай жаман әдет жайлы білдік?? Тәкаппарлық экраннан.

  • Тәкаппарлық – жаман әдет.(слайдтан)

Үйге тапсырма беру


Бағалау


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет