1.Орталық әсері бар нейротропикалық дәрілер (орталық адренорецепторларды
қоздырады)
Қан қысымын төмендету жолдары, симпатикалық жүйке жүйесінің орталығын күйзелту немесе шеткері симпатикалық иннервацияны блокада жасау.
Клофелин – Clophelinum; шығу түрі: таблетка 0,000075 N50 1 таблетка күніне 2-4 рет, ампула 0,1% - 1 мл N10 б/е, венаға 1 рет; 0,125 %, 0,5%, 0,25 % - 5 мл көзге тамшы күніне 2-4 рет 1-2 тамшыдан
Фармакология әсері: қан қысымын төмендетеді, жүрек жұмысын бәсеңдетеді, көз қысымын төмендетеді.
Қолдануы: гипертония ауруының әр түрлі кезеңінде, гипертониялық кризде, глаукомада
Жағымсыз әсері: ауыз құрғайды, әлсірейді, ұйқы келтіреді ортастатикалық коллапс туғызады.
Шеткер әсері бар нейротропикалық препараттар
а) симпатолитиктер – резерпин, раунатин, адельфан, кристепин
Адельфан – Adelphanum; шығу түрі таблетка N 20 1 таблеткадан 2-3 рет күніне,
Қолдануы: гипертония ауруларының жеңіл түрінде
б) бетта – адреноблокаторы – анаприлин, атенолол. Надалол -Nadololum; шығу түрі таблетка 0,1 0,4 0,8 N 20 1 таблеткадан 1 рет күніне,
1. АПФ – ингибиторлары (ангиотензин ауструшы фермент)
Гипертония ауруының асқынуында қолданады өйткені, бүйрек шұмақтарынан қан тамырларынан ренин бөлініп ангиотензин пайда болады. Қан тамырларын тарылтады, сондықтан АПФ – ингибиторларын қолданады- әсері күшті және ұзақ, диуретиктермен қолданғанда қан қысымын төмендетеді.
Каптоприл (Капотен) – Capoten (Captopril); шығу түрі – таблетка 0,025; 0,05; 0,1 N 40 1 табл. күніне 3 рет.
Қолдануы: - гипертониялық ауруда, жүрек кемшіліктерінде.
Жағымсыз әсері: тері қызарады, дуылдайды, іш аурады, лейкопения болуы мүмкін.
Диротон (Лизиноприл, даприл) – Dirotonum (Dapril); шығу түрі таблетка 0,25; 0,005; 0,01 N 20 1 таблеткадан 1рет күніне, әр түрлі гипертония ауруларында.
Эналаприл (энам, энап, эднит, берлиприл 5) – Enap(Enam, Ednit); шығу түрі – таблетка 0,01, 0,02 N 20 1 табл. күніне 1-2 рет
Қолдануы – гипертонияда, жүрек кемшіліктерінде.
Жағымсыз әсері – бас айналады, аллергиялық реакция туғызады.
Қарсы көрсеткіштері – препарат жақпағанда бауыр, бүйрек ауруларында, жүкті және емізетін әйелдерге
Достарыңызбен бөлісу: |