Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру


жасуша мембраналарының фосфолипидтері құрылымының бұзылуы



бет4/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#124347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

жасуша мембраналарының фосфолипидтері құрылымының бұзылуы


5. Жасушаның жіті зақымдануы сатыларының бірізділігі :

  1. паранекроз

  2. зақымдайтын жайттың алғашқы арнайы әсері

  3. некробиоз

  4. жасушаның бейнақты әерленісі

  5. өліеттену

6. Жасушаның созылмалы зақымдануының апаттық сатысында байқалады (3)

  1. аман қалған құрылымдар қызметінің жоғарылауы

  2. жасушаның тектік құралының белсенділенуі

  3. жасуша құрылымдарының гипертрофиясы және гиперплазиясы

  4. РНҚ, нәруыздар және АҮФ түзілуінің тұрақтануы

  5. түзілулік үрдістердің белсенділенуі

  6. жасушаның дистрофиясы

  7. жасуша өлуі

7. Жасушаның созылмалы зақымдануының тұрақты икемделу сатысында байқалады (2)

  1. аман қалған құрылымдар қызметінің жоғарылауы

  2. жасушаның тектік құралының белсенділенуі

  3. жасуша құрылымдарының гипертрофиясы және гиперплазиясы

  4. РНҚ, нәруыздар және АҮФ түзілуінің тұрақтануы

  5. жасушаның дистрофиясы

  6. жасуша өлуі

8. Сәйкестікті тап:

1. Жасушаның өліеттенуі (6)



2. Жасушаның апоптозы (3)

  1. қабынулық әсерленіспен қабаттасады

  2. жасушалық дистрофияның салдары болады

  3. зақымдаушы жайттың әсерінен дамиды

  4. жасушаның бағдарланған өлімі

  5. апоптоздық «денешіктердің» фагоцитозы

  6. кариолизис

  7. жасушаның ісінуі

  8. мембраналардың зақымдануы

  9. хроматині бар жасушалық бөлшектердің түзілуі

9. Апоптоз сатыларының бірізділігі:

  1. бағдарламаны жүзеге асыру

  2. өлген жасушаның бөлшектерін аластау

  3. инициация

  4. бағдарламалау

10. Жасуша зақымдануының патогенезінде маңызы бар (4)

  1. жасушада өтетін үрдістердің қажыммен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  2. жасушаның мембраналық құралы және ферменттік жүйелерінің зақымдануы

  3. жасушада иондар және сұйықтың тепе-теңсіздігі

  4. жасушаның тектік бағдарламасының немесе оның жүзеге асырылуы тетіктерінің бұзылуы

  5. жасушаішілік құрылымдардың гипертрофиясы және гиперплазиясы

11. Жасуша мембраналары зақымдануының патогенезінде маңызы бар (4)

  1. майлардың асқын тотығуы (МАТ) белсенділенуінің

  2. мембраналық фосфолипазалар және басқа гидролазалардың белсенділенуінің

  3. мембраналардың механикалық (осмостық) созылуының

  4. мембраналарда иммундық кешендер сорылуының

  5. антиоксиданттық жүйенің әсерленуі

12. МАТ шектен тыс белсенділенуі туындатады (4)

  1. жасуша мембраналарының липопротеидтік кешендерінің конформациялық өзгерістерін

  2. нәруыздардың сульфгидрилдік топтарының әсерсізденуін

  3. тотығулық фосфорлану үрдістерінің тежелуін

  4. натрий-кальцийлік трансмембраналық алмасу тетіктері белсенділігінің төмендеуін

    1. мембранамен байланысқан қабылдағыштар қызметінің белсенділенуін

13. Жасушаға бос радикалдардың зақымдаушы әсерін әлсіретеді (4)

  1. глютатионпероксидаза

  2. супероксиддисмутаза (СОД)

  3. витамин Е

  4. қанықпаған май қышқылдары

  5. каталаза

14. МАТ белсенділенеді (7)

  1. стрессте

  2. Д гипервитаминозында

  3. УКС әсер еткенде

  4. иондайтын радиацияның әсерінде

  5. гипероксияда

  6. СОД тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған тапшылығында

  7. каталаза, пероксидаза белсенділігі жоғарылағанда

  8. Е гиповитаминозы кезінде

15. Фосфолипазалар және басқа гидролазалардың белсенділенуіне септеседі (3)

  1. жасушада Са 2+ мөлшерінің жоғарылауы

  2. жасушаішілік ацидоз

  3. жасушада Na+ мөлшерінің азаюы

  4. гипоксия

  5. жасушада К+ мөлшерінің көбеюі

16. Патогенездің көрсетілмеген тізбегі:

Мембраналардың зақымдануы® иондық тепе-теңсіздік ® жасушада … ?.... иондарының көбеюі® мембраналық фосфолипазалардың белсенділенуі, тотығулық фосфорланудың ажырауы.



  1. калций

  2. натрий

  3. калий

  4. магний

  5. сутегі

17. Трансмембраналық иондық сораптар зақымдануын көрсетеді (3)

  1. жасушаішілік калций мөлшерінің жоғарылауы

  2. жасушаішілік натрий мөлшерінің азаюы

  3. жасушаішілік калий мөлшерінің жоғарылауы

  4. жасушаішілік калий мөлшерінің азаюы

  5. жасушаішілік натрий мөлшерінің көбеюі

18. Жасуша ісінуі патогенезінде маңызы бар (4)

  1. Na++ - АҮФ-аза белсенділігінің төмендеуі

  2. жасушаішілік осмостық қысым жоғарылауының

  3. МАТ күшеюі

  4. цитозолдық нәруыздар гидрофилдігінің жоғарылауының

  5. Са2+ - АТФ-аза белсенділігінің жоғарылауының

19. Жасушада калций көбеюінің салдарлары (4)

  1. мембраналық фосфолипазалар, калций тәуелді протеазалардың белсенділенуі

  2. митохондрийларда тотығу және фосфорланудың ажырауы

  3. миофибрилдердің тұрақты жиырылуы

  4. адренореактивтіліктің жоғарылауы

  5. адренореактивтіліктің төмендеуі

  6. бос калмодулин мөлшерінің көбеюі

20. Жасушаның икемделулік-бейімделулік тетіктеріне жатады (7)

  1. анаэробтық гликолиздің белсенділенуі

  2. интерферон түзілуінің төмендеуі

  3. антиоксиданттық қорғаныс жүйесі белсенділігінің жоғарылауы

  4. уытсыздандыру ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

  5. жасушаішілік құрылымдардың гипертрофиясы және гиперплазиясы

  6. жасушаның қызметтік белсенділігінің төмендеуі

  7. мембраналар бөлшектерінің қалпына келу тетіктерінің белсенділенуі

  8. буферлік жүйелердің белсенділенуі


5 тақырып. ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ


Сабақтың мақсаты:

  • Зақымдануға организмнің жалпы серпілісінің этиологиясы, патогенезі, организм үшін маңызы бойынша сұрақтарын меңгеру

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді ығарғанда теориялық материал бойынша білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Қозғалтпайтын стресті үлгілеудің тәжірибелік дағдысын меңгеру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

  • «Жедел кезеңнің» жауабы мен стрестің этиологиясын, патогенезін, қорғаныстық бейімделулік және патогендік маңызын зерттеу

  • Тақырып сұрақтары бойынша патогенездік сызбанұсқаны құрастыруды үйрену

  • Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену және пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру

  • Теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдана білу

  • Қозғалтпайтын стресті үлгілеу әдісін меңгеру және оның егеуқұйрықтың дене қызымына әсерін зерттеу.

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.

  2. «Жауаптың жедел кезеңі», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жауаптың жедел кезеңінің» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.

  3. Қан плазмасының протелиздік жүйесінің белсенденуі. Калликреин-кинин жүйесінің және комплемент жүйесінің маңызы.

  4. Жалпы адаптациялық синдром ( стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.

  5. Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.

  6. Кома, түрлері, даму тетіктері.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру.


Тәжірибелік жұмыс


1 тапсырма.

1 сызбанұсқаны зерттеу. ««Жауаптың жедел кезеңі» дамуында цитокиндердің маңызы».

Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б.



Қан моноциттерінің , тіндік макрофагтардың, нейтрофилдердің, лимфоциттердің, фибробластардың, эндотелийдің ж.б жасушалардың белсенденуі



Жасушалардан «жауаптың жедел кезеңі» және қабыну дәнекерлерінің босап шығуы

ЦИТОКИНДЕР



( ИЛ – 1, ИЛ -6, ӨТЖФ –а, интерферон –ү ж.б.)



Жүйелік әсер жергілікті әсер

↓ ( қабыну)



Жүйкелік эндокриндік реттеудің, зат алмасудың, ағзалар мен жүйелер ( гипоталамустың, гипоталамус – гипофиз – бүйрек үсті бездер жүйесінің, иммундық жүйенің, қан түзу жүйесінің, қан плазмасы, бауыр ж.б) қызметінің қайтадан құрылуы

Ил-1 – интерлейкин-1, ИЛ-1 қабылдағыштары организмнің барлық жасушаларында бар.

ИЛ – 6 - интерлейкин - 6

ӨТЖФ –а - өспе тіршілігін жоятын фактор - әлфа


2 тапсырма.

2 сызбанұсқаны зерттеу. «Жедел кезең жауабының» негізгі әсерлері»

Гипоталамус

Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)




Гипоталамус гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесі

Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы – АКТГ ↑ → глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)




Зат алмасу

Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе –теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.




Иммундық жүйе

Т және В лимфоциттерінің белсенділенуі




Қан плазмасы

- Калликреин – кинин, комплемент, қан ұю, ұюға қарсы жүйелердің белсенділенуі

- Диспротеинемия

- Сиал қышқылдарының көбеюі ( гли-копротеидтердің құрамбөлшектері)

- ЭТЖ –ң жоғарылауы






Қан түзу жүйесі

( сүйек кемігі)



Нейтрофилдік лейкоцитоз

Ретикулоцитоз






Нейтрофилдер

Лактофериннің шығуы → қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) → гипосидеремия




Бауыр

«Жедел кезең жауабының» глобулиндерінің түзілуінің күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз ( қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозо-мукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан уюының Ү11, 1Х факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин 111, плазминоген, а 2 – макроглобулиннің ж.б.лығы 30 жуық).

«Жедел кезең жауабының» глобулиндерінің қызметі:

. антиоксиданттық ( церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 – макроглобулин)

. микробтарға қарсы ( с - әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент факторлары). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады --- бактериялардың өсіп - өнуі↓

. гемостазға қатысуы ( қан ұйытқыш және уюға қарсы факторлар).








3 тапсырма.

Егеуқұйрықтардың дене қызуына жіті қозғалтпаулық стрестің әсері.

Егеуқұйрықтарда стрестің үлгісін әртүрлі ықпалдар арқылы алуға болады: қозғалтпау, гипоксия, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауырулық тітіркендіру, ашығу, оташылдық әсер, физикалық күштеме ж.б. Қозғалтпаулық стресс егеуқұйрықтарда оларды қатты байлап тастау арқылы туындатылады. Осы мақсатпен егеқұйрықты корнцагпен ұстап алып, эфир наркозы арқылы ұйықтатады, сонан соң оны аяқтарынан 30 минөт бойы тақтайшаға мықтап байлап тастайды. Байлағаннан соң дереу, 15 және 30 минөттен соң егеуқұйрықтың тік ішегіндегі қызуды өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырады және стресстің егеуқұйрықтың дене қызуына әсері тұралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді түсіндіреді.
4 тапсырма Калликреин -кинин жүйесі және комплемент жүйес әсерленуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

5 тапсырма. Жалпы адаптациялық синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру


6 тапсырма. Есепті шешу

28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?


ӘДЕБИЕТТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет