Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау.
Психологиялық ахуал тудыру.
Кәне, кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді.
Жаңа сабақ.
Шамалар арасындағы тәуелділік.
Видео түсіндіру https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/shamalar-arasyndahy-taueldilik-taueldilikti-beru-tasilderi сілтеме бойынша.
Күнделікті өмірде біз әртүрлі шамаларды кездестіреміз: уақыт, арақашықты, ұзындық, температура, тауар құны және т. б. Кейбір шамалар қандай да бір шамалардың өзгерісіне тәуелді.
Мысалы, S жүріп өткен жол, осы жолды жүріп өтуге кеткен t уақытқа және v жылдамдыққа тәуелді (S = vt), l шеңбердің ұзындығы оның R радиусына тәуелді (l = ), сатып алынатын тауарға төленетін құн бір тауардың бағасына тәуелді.
Әртүрлі сандық мәнді қабылдайтын шаманы айнымалы деп атайды. Айнымалы шама тәуелді және тәуелсіз деп екі түрге бөлінеді.
Келесі мысалды қарастырайық.
Егер дәптер бағасы 12, 25, 80 теңге болса, онда сатып алушы 30 дәптерге неше теңге төлейді?
Шешімі: Бұл жағдайда сатып алынатын дәптер саны – тұрақты шама, яғни 30. Бір дәптердің бағасы – тәуелсіз айнымалы шама. Төленетін тауар құны – тәуелді айнымалы шама.
Егер дәптерді 12 теңгеден сатып алса, онда сатып алушы 30 ⋅ 12 = 360 теңге, 25 теңгеден сатып алса, 750теңге, 80 теңгеден сатып алса, 2400 теңге төлейді.
Әр дәптердің бағасына тек бір ғана төлем құны сәйкес келетіне назар аудар.
Сонымен, X жиынының әр элементі болатын x тәуелсіз айнымалыға Y жиынының тек ғана бір элементі болатын y тәуелді айнымалысы сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |