Аналитикалық тәсіл шамалар арасындағы тәуелділікті формула түрінде береді. Бұл тәсіл бойынша x тәуелсіз айнымалы шамасының кез келген мәніне сәйкес y тәуелді айнымалысының мәнін табуға болады.
Мысалы, сөзбен сипаттау тәсілімен берілген «Квадраттың периметрі қабырғасынан 4 есе артық» тұжырымына сәйкес тәуелділікті кесте түрінде:
а квадрат қатырғасы
|
3
|
7
|
15
|
P квадрат периметрі
|
12
|
28
|
60
|
және Р = 4а формуласымен келтіруге болады.
Жаңа тақырыпты айтып түсіндіріп болған соң, оқу мақсатын меңгеру мақсатында жұптық жұмыс беріледі. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып тапсырмаларды орындайды, түсінбеген тапсырмалары болса, біріне-бірі түсіндіреді. Жақсы орындаған оқушыларды ауызша немесе әр түрлі смайликтермен мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |