|
Мектеп:№32 ЖББОМ
|
Күні:05.12.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні:Сейдахметова Э
|
2-сынып:
|
Қатысқандардың саны: 19
|
Қатыспағандардың саны:1
|
Оқу мақсаттары
|
2.1.3.3. Шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық): (л) /уақыт: сағат, минут, тәулік, ай, жыл өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
• сағат бойынша уақытты анықтайды және берілген уақыт бойынша сағат тілдерінің көмегімен оны циферблатта белгілейді.
|
Көпшілік оқушылар:
|
• тәуліктік диапазондағы жазбасы бойынша сағатта уақытты белгілейді.
|
Кейбір оқушылар:
|
• дұрыс терминологияны сақтай отырып, тәуліктік диапазондағы уақытты 12 сағаттық циферблаттағы уақытпен қиналмай салыстырады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
• орындалатын амалдар мен ауызша санауды түсіндіреді.
Пәндік лексика және терминология.
12 сағаттық циферблат, таң, күн, кеш, түн.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.
Талқылау.
|
Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады?
Сағат көрсетіп тұрған уақытты айқында.
|
Жазу.
|
Тәулік мезгілдеріне бөлуді сақтай отырып, уақыт, циферблатта сағат тілдерін салу.
|
Тірек білім
|
Жыл мезгілдерінің саны, жыл ішіндегі айлар саны, ай ішіндегі күндер саны, тәуліктегі сағат саны.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Күн режимін дұрыс құра білу,уақытты тиімді пайдалану,
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта
|
Жоспар
|
Жоспарлан-ған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
Математика – толған тәртіп, мағына мен мән
Математика – толған тамаша заңдылық, сән
Математика – толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.
Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»:
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2. Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
«Білмеген ұят емес, үйренбеген ұят» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
– Сендер онымен келісесіңдер ме?
Топқа бөліну.Берілген жыл мезгілдері бейнеленген суреттер қиындыларынан пазл құрастыру арқылы әр топ өз атын анықтап алады, жыл мезгілдерінің ай атауларын жазады
Бірінші топтың аты-«Қыс»
Екінші топтың аты-«Көктем»
Үшінші топтың аты-«Жаз»
Төртінші топтың аты -«Күз» Топ ережесін еске түсіру
Үй жұмысын тексеру:4-есеп 39 бет
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: «Шамалар»
Мақсаты: Мен шамалардың мәнін салыстыруды және олармен амалдар орындауды үйренемін.
(Тақтаға сабақтың мақсаты ілінеді)Тақтадағы шама бірліктерін өз орнына тауып іледі.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар өз өлкесінің табиғаты, жылдың әр мезгілінде табиғаттың қалай өзгеретіні туралы сұхбат жүргізеді. Мұғалім оқушылардан жыл мезгілдерінің теориялық түрде және нақты қандай айларда ауысатыны туралы не білетіндерін сұрайды.
Жүректің соғуы,теңіз суының көтерілуі мен қайтуы,күннің шығуы мен батуы,жыл мезгілдерінің алмасуы т.б.Осылардың бәрі белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады.Сағат-тәуліктің ағымдағы уақытын анықтайтын,өлшейтін құрал. -Ендеше,ізденгіш,ойшыл,ақылды,тапқыр оқушыларым сендерге мынадай жарнама айтқым келеді.Елімізде 1 минутта:16 теледидар,11 тоңазытқыш,13 кір жуғыш машина,12 велосипед,18 радио,80 сағат жасалынып шығарылады екен.Ал сендер математика сабағының 40 минутында неше тапсырма орындай алар екенсіңдер? Байқайық.
Әр топтан төрт бала сағат тілі бойынша өзінің достарының атын жазып шығады
|
Топтың аттары жазылған қағаздар
сағат модельдері
|
4–6
|
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1-тапсырма жұптасып орындалады.Практикалық жұмыс.Табиғат суреттеріне қарап, циферблатта тәулік уақытын көрсетіңдер.Әр оқушыға сағат тілдерін орналастыру үшін қағаздан қиылған сағат суреті беріледі.
|
Оқулық.
|
7-11
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |