Сабақтың мақсаттары Оқушылар



Дата06.11.2019
өлшемі22.36 Kb.
#447388
түріСабақ
10кл ЖМБ ҚМЖ Эритроцит жасушасының беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы. Зертханалық жұмыс


Сабақ:

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Таугистауова З.С

Сынып: 10 сынып ЖМБ

Қатысқындар:


Қатыспағандар:

Тақырыбы

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.3.2 беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру


Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • жасуша мембранасы арқылы пассивті тасымалдаудың түрлері мен процестерін сипаттайды;

  • заттардың жасушаға түсуін және диффузия арқылы жасушадан шығуын түсіндіре алады;

  • беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептей алады және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіре алады;

Бағалау критерийлері

  • Берілген екі жануардың беттік аудан мөлшерін және көлемін дұрыс есептейді

  • Ол осы екі жануарлардың зат тасымалдауы туралы дұрыс тұжырым жасайды.

Тілдік мақсат


Пәндік лексика және терминология:

пассивті қозғалыс

пассивный транспорт

passive transport

диффузия

диффузия

diffusion

осмос

осмос

osmosis

градиент концентрациясы

градиент концентраций

concentration gradient

селективті өткізгіштік

избирательная проницаемость

selective permeability

қозғалыс

движение

movement

бөлшектер

частицы

particles

концентрация

концентрация

concentration

энергия

энергия

energy

зат

вещество

matter

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

1. Егер заттардың градиент концентрациясын төмендетсе, ...

2. X диффузия / жеңілдетілген диффузия арқылы жылжытылады.

3. Пассивті тасымалдау, энергетикалық ...

4. Заттар концентрация градиенті бойымен қозғалады, егер..

5. Ағза көлемі үлкен болған сайын, …

Ағза көлемі кіші болған сайын, …


Құндылықтарды дарыту

академиялық адалдық, бірлік пен топтық жұмыс, жауапкершілік, көшбасшылық.

Пәнаралық байланыс

Химия – оңай тасымалданатын элементтер, математика – көлемге қатысты есептеулер, физика – диффузия процесі

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан алынған қосымша ақпарттармен жұмыс

Бастапқы білім

Қоректену 9 сынып. Тыныс алу 8 сынып.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеідері

Сабақ кезеңдегі әс-әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин


  1. Сәлемдесу . 2. Сабаққа кіріспе




  1. Өткен сабақты еске түсіру: Тақтада ыстық кездедегі толық адам мен арық адамның суреттері көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ: Осы адамдардың қайсысына жазда жүгіру қиын. Неге?

  2. Тақырыпты ашу: «Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері»

http://www.dpva.info/guide/guidetricks/surfacetovolumeratio/

Ой шақыру кезеңі

5- 10 мин



Мұғалімнің түсіндірмесі:

1. Қауіпсіздіқ инструктажы

2. НСl киімге тигізуге болмайды денеге тисе тітіркену тудырады. Аулақ болыңыз теріге / көзге тигізуге болмайды; жұтуға болмайды. Тиген жағдайда дереу жуыңыз, ағынды су астында 15 мин ішінде.

3. Байқалатын құбылысты анықтау

Гипотеза құру

4. Практикалық жұмыс



Слайд №6

Мағынаны тану

10-25 мин

25-38мин


  1. Пластикалық пышақпен агарды төрт бұрышты кубик қылдырып ұшке 3 см, 2 см и 1 см бөліңіз;

  2. Оларды 0,1% НСl бар стаканға салып батырып пластика қасықпен былғап 10 минут бақылаймыз. Уақытты жазып алыңыз.

  3. Берілгенді жазуға таблица сызамыз. Беттік ауданның көлемге қатынасын анықтау келесі формула бойынша жүзеге асырылады :

  4. Беттік көлемдік коэффициенті = беті / көлемі Пластика қасықпен стакандағы кубиктарды шығарамыз. Сорғыш қағазға саламыз. Кубиктер кепкенше уақытша қоя тұрамыз. Әрбір кубикті 2 бөлікке кесіп байқалған құбылысты жазыңыз. Әрбір 3 кубиктегі НСl-дың диффузия дәрежесін өлшеңіз.

Анализ жасап талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Берілген агар кубиктерін кему мөлшеріне сәйкес орналастырамыз.Беттік ауданның көлемге қатынасын кему ретіне сай орналастырамыз. Берілген агар кубиктерінің өлшемі мен беттік ауданының көлемге қатынасының арасындағы байланысы қандай?

  2. Қабырғасы 3 см болатын кубиктің беттік аудан үлкен боладыма әлде жуа қабығының жасушасындай микроскопиялық кубиктің беттік ауданы үлкен болама? Қай зат көлеміне байланысты үлкен беттік ауданға ие?

  3. НСl-дың агарга диффузиялануын не дәлелдейді?

  4. Жасушалардың өлшемі неліктен кіші болатынын түсіндіріңіз: Неліктен толық адамдар көп мөлшерде тер шығарады?

зертханалық жұмыс парақтары

Слайд №7


Сабақ соңы

38-40 мин



Кері байланыс:

«Тиімді 3 -тік»



Үй тапсырмасы:

Практикалық жұмыстың сұрақтарына жауап беру.



Слайд №8

Қосымша ақпарат

Дифференциация – сіз қосымша қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Қабілетті оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау - сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Пәнаралық байланыстар
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау


Байланыс АКТ

Мәндер байланысы

Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау, яғни орындау барысында әрбір оқушының әс-әрекетіне мән беру, талқылау. Кейбір оқушылар аса қабілетті болулары мүмкі, кейбіреулеріне қарағанда; жұпта, топта жұмыс жасау қиындық туғанда бір-біріне қолдау жасауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың қабілеттері олар жұмыс олар жұмыс орындау барысында бақыланып, үнемі бағаланады және сұрақтар қою арқылы тереңдетіледі. Оқушылар жеке жұмыста кесте толтырады және өзара бағалау жүргізіледі.

Сергіту сәттері мен партада дұрыс отыру ережелері, ноутбупен, қосымша материалмен, ғаламтормен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау ескертіледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференция іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлекия үшін пайдаланбаңыз (сабақ туралы ой қозғау) Сол бұрышта тұрған сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?
1:
2:
Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?
1:
2:
Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет