Сабақтың мазмұны Тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі түрлері мен жүк тасымалы сипаттамасы



бет4/30
Дата07.12.2023
өлшемі157.56 Kb.
#485790
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Саба ты мазм ны Тасымалдауды йымдастыруды негізгі т рлері мен

Сабақтың мазмұны

  • Жүк және жүк ағыны туралы түсініктер және олардың мәні

  • Қасиеттері бойынша жүктердің классификациясы

  • Жүк ағынының сызбасын салу

  • Жүктердің қасиеттері және оның көлік құралдарының құрылымына әсері

  • Тест

Жүк және жүк ағыны туралы түсініктер және олардың мәні
Жүк – көлікпен тасымалданатын заттардың (тауарлардың, еңбек құралдарының, т.б.) жалпылама атауы. Тасымалдауға жүк өткізуші және жүк құжатында жөнелтуші ретінде көрсетілген ұйымды, тұлғаны жүк жөнелтуші, ал жүк жөнелтушінің көрсетуімен жүк берілуге тиіс ұйымды, тұлғаны жүк алушы деп атайды.
Жүк тауар мен қаптама тарадан құралады. Нетто – ол жүктің таза салмағы.
Брутто – ол тауардың тарамен қосқандағы салмағы.
Автомобиль көлігінде тасымалдаған кезде жүктің салмағын тоннада есептейді, сондықтан егер жүк литрлерде, данада, кубметрде немесе басқас өлшем бірлігінде берілсе, онда оны тоннаға айналдыру қажет болады.
Жүк ағыны – белгілі бір бағытта белгілі бір уақытқа пунктіге баратын жүктің көлемі.
Жүк ағыны келесідей сипатталады:

  • шамасы;

  • тауарлардың құрылымы (олардың түрлері бойынша анықталады);

  • игеру уақыты (күні, басталуы, қолданылу мерзімі және тасымалдау тарифі кіреді).

Жүк ағыны уақытқа қарай жіктеледі: тұрақты, уақытша, маусымдық, қашықтыққа, жергілікті және транзитке байланысты.
Жүк ағынының мәні. Біркелкі емес жүк ағындары жылжымалы құрамды, өндірістік қоймаларды және автокөлік кәсіпорындарының жабдықтарын пайдалануды нашарлатады.
Бұл проблема жоспарлауды жетілдіру, қорларды қалыптастыру, поездарды ұтымды орналастыру және тауарларды уақытылы өңдеу арқылы шешіледі.
АртқаАлға
Қасиеттері бойынша жүктердің классификациясы
Қазіргі уақытта бірқатар жалпылама белгілер бойынша жүктерді бөлуге негізделген жүктердің бірнеше жіктелуі бар. Жүктерді тұтынушыларға жеткізу бойынша жекелеген операцияларды сипаттайтын жүктердің қасиеттеріне сәйкес жүктер бірқатар белгілер бойынша жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет