Сабақтың міндеті: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнын түсіндіру,тақырыбы мен идеясын ашу



жүктеу 55.02 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі55.02 Kb.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Ұштаған ауылы
«Сазды» шағын орталығының тәрбиешісі
Аралбаева Қамар

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу –іс әрекеті: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру. Баланы өз ойын еркін айтуға, тіл байлықтарын молайтға, шығармашылық қасиетін дамытуға қызығушылықтарын арттыру, сын тұрғысынан қарауға үйрету.

Сабақтың міндеті: «Мақта қыз бен мысық » ертегісінің мазмұнын түсіндіру,тақырыбы мен идеясын ашу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд,хрестоматия, суреттер, үлгілер, Мақта қыз бен мысық кейіпкерлерінің бейнесі.

Сөздік жұмыс: Бір уыс, Мақта қыз, мысық.

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту, сурет.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық -қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Педагогпен бірге орындайды.
Біз көңілді баламыз,

Шаттық әнге саламыз.

Айгөлек – ау айгөлек,

Би билейміз дөңгелеп.

-Міне қандай тамаша! Өнерлі, биші, ақылды балалар екенсіңдер!


Шеңбер бойына тұрып, қимыл жасайды.



Ұйастырушылық- ізденістік

Кіріспе әңгіме.

  • Бүгінгі оқу іс – әрекетінде «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып, оның мазмұнынын ашып әңгімелейміз. Ертегіні оқып беру.

Қызығушылығын ояту.

Балалар өз таңдаулары бойынша 4 топқа бөлінеді



  1. топ. Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.

  2. топ . Ертегінің кейіпкерлеріне қарап әңгіме құрастыру.

  3. топ. Ойтолғау (осы ертегіні тыңдағанда не ойладың, мысықтың орнында болсаң сүтті төгер ма едің,

  4. топ. Ертегіден алған әсер бойынша сурет салу.


Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың ,

Құлпынайы көп екен.

Теріп теріп алайық,

Қалтамызға салайық!

Сұрақ – жауап


  • Сендерге ертегі ұнады ма?

  • Ертегі кейіпкерлерін естеріңе түсіре аласыңдар ма?



Балалар мұқият тыңдайды.

Сахналайды
Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.

Мен мысық болсам , Мақта қыздың қатығын төкпес едім. Екеуміз дос болар едік.

Балалар сурет салады.

Қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Балалардың жауабы.




Рефлексиалық түзетушілік

Өз ойларын білдіргені үшін балаларға мақтау, мадақтау.








Күтілетін нәтежие:
Біледі : ертегінің мазмұны мен кейіпкерлердің аттарын.

Игерді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.Қағаз бетіне түсіруді. Кейіпкерлердің жағымды немесе жағымсыз екенін айыруды

Меңгерді: ертегінің мазмұнын айта білуді. Рөлдерде ойнауды.

Ертегіні сахналау.

Мақта үй жинап жүріп құрт тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырды: - Мияуым менің, қайдасың? Мяу? Тарғылым менің, келе ғой. Мен саған... (Мақта қыз жан – жағына қарап мысықты іздейді. Ашуланады.)

-Келмесең қой. Өз обалың өзіңе(Қыз дәнді жеп қояды.) Бір кезде асықтай басып мысық келеді:

- Мақта қыз сен мені неге шақырдың?


Мақта қыз:

-Айтпаймын.



Мысық:

-Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін. (төгеді)



Мақта қыз:

-Сол үшін мен сенің кесіп аламын.(кесіп алады)



Мысық:

-берші құйрығымды.



Мақта қыз:

-Қатығымды қайтарып бер.

Мысық: (Сиырға барады)

-Сиыр, сиыр, маған қатық берші.



Сиыр:

-Менің қарным ашып түр, жапырақ әкеліп берші.



Мысық(Ағашқа барады)

-Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.



Ағаш:

-Мені көп болды ешкім суармады. Шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.



Мысық: (Су әкеле жатқан қыздарға келіп)

-Маған суыңнан берші



Қыз:

-Сен маған сағыз әкеліп бер, мен саған су беремін



Мысық:

-Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.

Дүкенші:

-Саған сағыз берсем, сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп бересің

(Мысық әбден шарршарйды. Жұмыртқа іздеп, тауыққа барады.)



Мысық:

Тауық, тауық,маған жұмартқаңнаан берші.



Тауық:

-Біздің қарнымыз ашты, сен бізге дән әкеліп бер.

(Мысық ойға батып,басын ұстап, не істерін білмей отырып қалады)



Мысық ін қазып жатқан тышқанды көріп қалады.

  • Үйіңде не ба? Жаныңның барында айт, тез. Әйтпесе қазір жеп қоямын.

Тышқан:

-Үйімде бір уыс тары бар

(Қорқып, бұғып зәре құты қалмай)

Мысық

-Жылдам, бол , бір уыс тары бер маған.

Тышқан:

-Мә-ә-ә –ші ағатай, ала ғой.



Мысық:

-Тауық, тауық, мә, ал дәніңді.



Тауық:

-Міне саған жұмыртқа

(дәнді тарелкеге салып, жұмыртқа береді)

Мысық:

-Дүкенші мен сізге жұмыртқа әкелдім, сағыз беріңізші.



Қыздар:

-О, алақаймысық бізге сағыз әкелді, мына бір шелек су сенікі ала қой.

(Мысық бір шелек суды ағаш түбіне құяды)

Ағаш:

-Рахат-ай, суыңды ішіп, шөлім әбден қанды. Қанша алсаңда ала қой жапырағымды.



Мысық:

-Сиыр, сиыр, жылдамырақ жапырағыңды ала қойшы қатығыңнан бере қойшы.



Мақта қыз:

(қатығын алады)

-Көрдің бе, мысығым, құрт жей ғой деп шақырғанда келе қоймадың. Айтқан тілімді алмадың, құйрығыңнан айырылдың. Құйрығыңды қайтарып аламын деп қанша әуреге түстің. Дұрыс болды ма осың?

Мысық:

(Мысық әбден шаршаған кейіппен)

-Қателігімді мойындаймын. Айтқаныңды екі етпей орындаймын.

Ке-шір-ші, мяу-у-у-у!



Мысық досының бұл сөзіне риза болған Мақта құйрығын қайтарып береді.
Шымылдық жабылады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет