ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жасуша → ұлпа → мүше → ағза сызбанұсқасын түсіну қиынға соқпас, себебі жасшалар тобынан ұлпа, ұлпалардан мүшелер, мүшелерден ағзалар құралады деген мағлұмат береді. Сулы ортадан құрылыққа шығып тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесінде көпжасушалы өсімдіктердің құрылысында көптеген өзгерістер болады: қоректенуіне жарық, ауадағы көмірқышқыл газы, топырақтағы су және тұздардың ерітіндісі қажет болғандықтан өсімдіктің ішкі, сыртқы құрылысы күрделеніп, әр түрлі қызмет атқаруға жіктеле бастап, тарихи дамуының нәтижесінде жеке мүшелер пайда болады. Мүше – ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқарады. Өсімдік мүшелері өсімді (вегетаивті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді. Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін амтамасыз етсе, көбею мүшелері әрбір дарақтың (особьтың) санын көбетіп ұрпақ қалдыру үшін керек, төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.
Өсімді мүшелерге – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.
Тамыр – топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады). Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Неігізгі тамыр тамырдың ұрық тамыршасынан дамиды, ол тік төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайлып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі тамырдың орынын басады. Қосалқы тамырлар неғұрлым жиі өссе өсімдіктің топырақтан қоректенуі жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі деп аталады.
Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т.б.(қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |