2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). зат мөлшерінің өлшемі, ол ν ("ню") грек әрпімен белгіленеді. Сендер физика курсынан «Авогадро саны» деген түсінікпен таныссыңдар: NA = 6,022 141 29(27)×1023 моль−1 Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай құрылымдық бірліктер (атом, молекула) болады. Олай болса «моль» дегеніміз Авогадро санындай құрылымдык бірлігі бар зат мөлшері.
М = m/n; n = M/m ; m = M*ѵ; ѵ = V/NA ; N = ѵ * NA 1. Төмендегі кестені толтырыңыз:
N2 (г) + H2 (г) → NH3 (г)
1. 17,2 моль азотпен реакцияға түсетін сутектің массасын есептеңіз.
2. реакция теңдеуі бойынша келесі газдар қатынасын анықтаңыз.
a) N2 (г)/H2 (г) b) N2 (г) /NH3 (г)
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру). /bilimland.kz/ ; https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/atom-quramy-men-qurylysy-izotoptar
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес). 1. Негізгі үш стехиометриялық заңдарға тұжырымдама беріңіз:
(a) Зат массасының сақталу заңы –
(b) Көлем қатынастар заңы –
(c) Авогадро заңы –
2. Химияның негізгі стехиометриялық заңдар тұжырымдамаларының қолдану аясын атаңыз:
(а) химиялық теңдеулер не себепті теңестірілген болуы тиіс?
(b) Авогадро заңын қандай жағдайларда қолдануға болады?
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
химия пәні бойынша __10__сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Сабақтың нөмірі: _№ 35 Сабақтың тақырыбы: Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу.
1. Мақсаты (оқушыға бағытталған): (Мысалы, «Бұл сабақта оқушы........ үйренуі (білуі) тиіс (тақырыпқа сәйкес)
10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу;
2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). Заттың молярлық массасы және молярлық көлемі. Молярлық масса – заттың формулалық бірлігі молінің массасы. Ол заттың массасы мен мөлшері арқылы есептеледі: М = m / n Молярлы концентрация дегеніміз – 1 л ерітіндідегі еріген заттың массасы (моль). Жасалынған лабораториялық жұмыс бойынша оқушылар осындай анықтама беруі мүмкін. Сонымен қатар концентрлі ерітінділер қаныққан ерітінді болатындығын біледі. Молярлы концентрация моль/л бойынша өлшенеді және "M" әрпімен белгіленеді. Мысалы, 2 M NaOH – натрий гидросидінің екі молярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндінің 1 литрінде заттың 2 молі немесе 80 граммы бар (M(NaOH) = 40 г/моль).
молярлық көлем дегеніміз заттың алатын көлемінің зат мөлшеріне қатынасын айтады. Қалыпты жағдайда кез – келген газдың молярлық көлемі 22,4 л/ мольге ( Vn = 22,414 л/мольге) тең.