Сабақты оқыту нәтижелері



бет4/6
Дата11.03.2024
өлшемі81.48 Kb.
#495008
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
PMOAIQHFHCZO07032024133136

Ва2+ (. . .6s2) катионына тән сапалық реакциялар
1. Сульфат-иондарымен Ва2+ катионы әрекеттесіп, суда, сұйытылған қышқылдарда және сілтілерде ерімейтін ақ кристалды тұнба түзеді:
Ва2+ + SO42- ВаSO4
ВаSO4 тұнбасы концентрлі күкірт қышқылында барий гидросульфатын Ва(НSO4)2 түзе жақсы ериді:
ВаSO4+ Н2SO4 Ва(НSO4)2
Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы ВаСl2 ерітіндісін алып, үстіне тамшылата отырып Н2SO4 ерітіндісін қосады. Ақ түсті майда кристалды ВаSO4 тұнбасы түзіледі. Тұнбаның ерігіштігін тексеру үшін, тұнбаны екі пробиркаға бөліп, біріншісіне - концентрлі күкірт қышқылын Н2SO4, екіншісіне - натрий карбонатын және үстіне Н2SO4 ерітіндісінен қосады. Екі жағдайда да тұнбаның ерігені байқалады.
2. Аммоний оксалаты Ва2+ катионымен ақ кристалды тұнба ВаC2O4 түзеді:
ВаCl2+ (NH4)2C2O4 ВаC2O4 + 2NH4Cl
Ва2+ + C2O42- ВаC2O4
Tұнба HCl, HNO3 қышқылдарында, сондай-ақ қыздыр-ғанда сірке қышқылында ериді:

ВаC2О4+ 2НСl  ВаCl2+ H2C2O4
Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы ВаCl2ерітіндісін алып, үстіне 2-3 тамшы аммоний оксалатының ерітіндісін қосады. Барий оксалатының ақ кристалды тұнбасы түзіледі.

3. Хромат- және дихромат-иондары Ва2+ катионымен сірке қышқылды ортада сары түсті, кристалды тұнба ВаCrO4 береді:
Ba2++CrO42- 2ВаCrO4
2Ba2++Cr2O72-+2CH3COO-+H2O  2ВаCrO4+2CH3COOH
Барий дихроматының орнына барий хроматының түзілуі, барий хроматының ерігіштік көбейтіндісінің төмен болуымен үсіндіріледі. Себебі сулы ортада дихромат ерітіндісінде мынадай тепе-теңдік орнайды:
Cr2O72- + H2O = 2CrO42- + 2H+
Тәжірибе. Пробиркаға 3-5 тамшы ВаСl2 ерітіндісін алып, үстіне сондай мөлшерде K2Cr2O7 және CH3COONa ерітінділерінен тамызады. Күшті қышқылдарда еритін, бірақ сірке қышқылында ерімейтін, сары түсті ВаCr­O4 кристалдары түзіледі.

Реакцияның жүру жағдайы:
1. Тепе-теңдіктің оңға ығысуы нәтижесінде ерітіндіде Н+ иондары көбейеді, сондықтан реакцияны нейтралдау үшін CH3COONa ерітіндісін қосады;
2. Реакцияның жүруіне Ag+, Pb2+, Cd2+, Co2+, Nі2+ және т.б. катиондар кедергі жасайды.

4. Жалын түсінің боялуы. Барий тұздары жанарғының түссіз жалынын сарғыш-жасыл түске бояйды.


Тәжірибе: Нихром сымын концентрлі HCl ерітіндісіне батырып алып, жанарғы үстінде жалын түсі түссізденгенше қыздырады. Осылайша тазартылған сымды құрғақ ВаСl2 тұзына немесе оның қанық ерітіндісіне батырып алып, жалын үстінде ұстайды. Жалын түсі сарғыш-жасыл түске боялады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет