Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Жарықтың таралуы жайында не білесіңдер?
Күн мен Айдың тұтылуы жайында не білесіңдер?
Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Айна жайында не білесіңдер?
Айнаның қандай түрлерін білесіңдер?
Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.
Дөңес айна беретін кескіндер кішірейтілген, тура және жалған болады.
Дөңес айнаның фокусы жалған болады.
(D) Қисық айналардың көмегімен оптикалық иллюзияларды демонстрациялау.
(G) (E) Оқушылар линзалар туралы түсініктерін қолданып, өздері сфералық айналардың эффектілерін зерттеулері қажет. Ойыс және дөңей сфералық айналарды оқып үйренеді.
(P) Сфералық айналарда алынатын кескінді алу үшін оқушылар дөңес линзалардың көмегімен алдыңғы сабақтарда анықталған сәулелерді пайдаланып, сәулелік диаграманы сызулары керек. Сондай-ақ, кескіннің сипаттамасы анықталуы қажет.
(I) Ойыс және дөңес айналарда алынатын барлық кескіндер туралы ақпаратты жинайтын жұмыс парағын ойластырыңдар.
Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар. Сфералық айналар ойыс және дөңес болып бөлінеді.
Сфералық айнаныӊ фокустық қашықтығы оныӊ сфералық бетініӊ радиусыныӊ жартысына теӊ.
Сфералық айналар ойыс (а) және дөңес (б) болып бөлінеді.
|
Ойыс сфералық айналар, қызыл мәрмәр, кішірек қатты қағазды қорап (5 см және одан жоғары), қорапты тұрғызуға арналған тұрғы, оқуға арналған кішкентай шам, ермексаз
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/optical-illusion-concave-mirror
Ойыс және дөңес айналар, әртүрлі радиусты шағылдырғыш бер ретінде қолданылатын иілмелі жылтыр пластикалық жолақтар, сәулелерді алуға арналған қорап, төмен кернеулі қоректендіру жүйесі
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/cylindrical-mirror-aberration-and-caustic-curve
|
|