Сабақтың құрылымы: Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сто



Дата09.07.2016
өлшемі40.02 Kb.
#186616
түріСабақ
Тақырыбы: § 12. Күкірт

Сабақтың құрылымы:



  • Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

  • Сабақтың әдісі: СТО

  • Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайдтар, бос күкірт, сынауық, спиртшам, тұрғы

Білімділік: Күкірт, күкірттің аллатропиялық түрлері туралы түсінік беру, табиғаттағы күкірттің қосылыстары және таза күкіртпен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, ой шақыра білуге, өздігінен ізденуге үйрету, теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: жеке, жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын химиялық диктант арқылы тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Қызығушылықты ояту

2. Мағынасын талдау

3. Ой толғаныс

ІV. Үй тапсырмасы

V. Бағалау


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Химиялық диктант

1. Химиялық элементтер ... бөлінеді.

2. Бейметалдар саны... .

3. Бейметалдар ...-дан ...-қа дейін жүргізілген диагоналдың оң, жоғарғы жағында орналасқан.

4. Бейметалдардың сыртқы электрон қабатындағы электрон саны ... ... тең болады.

5. Бейметалдық қасиеттері периодтарда солдан оңға қарай ..., топтарда жоғарыдан төмен қарай ... .

6. VIII топтың негізгі топшасында ... ... орналасқан.

7. Бейметалдар жылуды және токты ... өткізеді.

8. О2, N2, H2, CI2, F2 -…, Br2-… , I2, S, P, C, Si, As-… күйде болады .

Бағалау:

7,8- «5»

5,6- «4»

3,4- «3»

Қызығушылықты ояту

Мағынасын талдау

Ой толғаныс

Ой қозғау

Ішке және сыртқа

Кластер

ІІІ. Жаңа сабақ: Ой қозғау. (Күкірт табиғатта қандай түрде кездеседі?) Слайд -5-7

Оқушылар кітаптағы мәтінді және слайдтар бойынша мүғалімнің айтқандарын салыстырып сұраққа жауап береді.

Бос күйіндегі күкірт


Украина, Түркменстан, Орталық Азия, Италия, Жапония т.б. елдерде, Қазақсанда Майқайыңда, Алтайда, Жоңғар Алатауында көптеп кездеседі.
Сульфидтері Сульфаттары
PbS – қорғасын жылтыры CaSO4 x 2H2O - гипс
Cu2S – мыс жылтыры MgSO4 x 7H2O – ащы тұз
ZnS – мырыш алдамшысы Na2SO4 x 10H2O – глаубер
FeS2 – пирит тұзы (мирабилит)
Ақуызда, шашта, тырнақта, мал мен құс жүнінде, тұяқ пен мүйізінде көп.
Өсімдіктердің ішінде пияз бен сарымсақ құрамында күкірт көп болғандықтан ащы болады.

ІV. Мағынасын талда. Мәтінмен жұмыс

Ромб тәрізді күкірт

- S8

t°бал. = 113°C;

ρ = 2,07 г/см3. Біршама тұрақты



Моноклинді күкірт

- S8

Қою-сары түсті, t°бал. = 119°C; ρ = 1,96 г/см3. біртіндеп ромб тәрізді күкірке айналады.


Иілімді

-Sn


Қоңыр. Резеңке тәрізді. (аморфты) Тұрақсыз, қатқанда ромб тәрізді күкірке айналады






2 . Ішке және сыртқа. Слайд-8

Ішке Сыртқа

Күкірт туралы

Айналасындағыларға қатысты

(мысалы)

Атомының құрылысы, аллатропиялық түр өзгерістері, т.б.

Ромб тәрізді күкірт - S8

Моноклинді күкірт - S8

Иілімді -Sn

(Күкіртті сынауықта қыздырып сары күкірттің қоңыр күкіртке айналуын көрсету)




(мысалы)

Күкірттің химиялық қасиеттері:

Жануы, сутекпен, металдармен реакциясы, т.б.



3. Кластер. Слайд-9

(Бұл стратегияда оқушылар тақырып бойынша алған бүгінгі білімдерін жинақтап, топтастырады. Сонымен бірге тақырыпқа байланысты есептер шығаруға да болады.)



















43-бет. №4, 9 есептер.


IV. Үйге тапсырма: § 13. Күкірт.
43-бет №3, 8 есептер.


V. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет