Сабақтың тақырыбы : Астана бас қала Сабақтың мақсаты



Дата30.06.2016
өлшемі50.2 Kb.
түріСабақ
Тобы: Б-58-13 Күні: 03.07.14.

Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала

Сабақтың мақсаты: тыңдаушылардың шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, іздендіретін, ойландыратын сұрақтар қою арқылы тыңдаушылардың өз ойларын, пікірлерін айтуға үйрету. Жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, логикалық ойлау, іздену қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Сабақтың әдісі: салыстыру, іздеу, талдау, жинақтау.

Көрнекі құрал-жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, сөздіктер

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Жаттығу жұмыстары

V Бекіту

VІ Қорытынды

V ІІ Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1.Тыңдаушылармен сәлемдесу

2. Қатынас санын анықтау

3.Тыңдаушылар назарын сабаққа аудару




ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа білімді меңгерту

  • Астана қаласына саяхатқа шақырамыз. Тыңдаушылардың қызығушылығын ояту. Астана жайлы өз ой-тұжырымдарыңызды жазыңыздар.

  • Астана туралы не білеміз деп ойлайсыздар?


Мәтінмен танысып, тақырыбын қойыңыз
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының қазіргі астанасы. Ол солтүстікте орналасқан. Астанаға дейінгі атауы Ақмола. 1998 жылдан бастап Астана аталды. Астананың ежелгі атауы – Қараөткел.

Астана – жаңа өсіп келе жатқан әдемі қала. Астананың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Есілдің оң жағалауында қаланың бұрынғы ғимараттары көп. Есілдің сол жағалауында жаңа ғимараттар көптеп салынып жатыр. Сол жағалауда Астананың белгісі «Бәйтерек» кешені бар. Астанға келген қонақтар «Бәйтерекке», «Думан» ойын-сауық кешеніне барады. Елбасының Ақ ордасы, Үкімет үйі, Парламент үйі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық мұрағат Есілдің сол жағалауында орналасқан. Есілдің жағасында Кенесары ханға орнатылған ескерткіш және Кенесарының атында көше бар. Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театры. К. Байсейітова атындағы опера және балет театры бар.

Астанада елу шақты орта мектеп, колледждер, Медициналық академия, С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университет, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа университеттер бар. Астанада Қазақстанның барлық облыстарынан және шетелдерден келген студенттер оқиды.
Тыңдаушыларға таныс емес сөздерді тақтаға жазып, өздеріне аударту.
Жағдаят

Сіз Астананың байырғы тұрғыны ретінде келген қонақтарға қаланы таныстырыңыз. Ең көрікті жерлері, әсем ғимараттары туралы айтыңыз. (слайдтан Астананы көрсету арқылы таныстырады)


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Астанада қандай өзен бар?

  2. Президенттің резиденциясы қалай аталады?

  3. Елбасы қандай монумент салғызды?

  4. Астанадағы ең үлкен оқу орны қалай аталады?

Тыңдаушыларға бір-біріне сұрақтар қойғызу (мәтін бойынша жалғастыру)
ІV Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Мәтін бойынша бір сұрақ дайындаңыз.

Пікірді қолданыңыз, я қарсы шығыңыз.

Үлгі:

  • Астана Қазақстанның орталығында орналасқан.

  • Астанада әдемі ғимараттар салынып жатыр.

  • Астана Нұра өзенінің жағасында.

  • Астанада «Интерконтиненталь» қонақүйі салынды.


2-тапсырма. Қажетті сөздерді орнына қойыңыз

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының қазіргі астанасы. Ол солтүстікте ... . Астанаға дейінгі атауы Ақмола. 1998 жылдан бастап Астана аталды. Астананың ежелгі атауы – ... . Астана – жаңа өсіп келе жатқан ... қала. Астананың ортасынан ... өзені ағып өтеді. Есілдің оң жағалауында қаланың бұрынғы... көп. Есілдің ... ... жаңа ғимараттар көптеп салынып жатыр. Астанға келген қонақтар ... ... ойын-сауық кешеніне барады.


Керекті сөздер: орналасқан, Қараөткел, әдемі, Есіл, ғимараттары, сол жағалауында, «Бәйтерекке», «Думан».
3-тапсырма. Сөйлем құраңыз

  1. Ең әдемі, Қазақстандағы, Астана, қала.

  2. Ғимараттардың, Елбасының, салынған, бәрі, қолдауымен.

  3. Елден, басқа, қонақтар, көп келеді, Астанаға.

  4. Астанасы, еліміздің, қала, өсіп келе жатқан.

  5. Университеті, білім, Евразия, береді, жақсы.


Сергіту сәті

«Атамекен» әнін караокемен айту.
V І Қорытынды: Қазақстанның астанасы

Кластер бойынша сабақты қорыту



Біліміңізді тексеріңіз. Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Астананың бұрынғы атауы ... .

А) Ақтөбе

В)Ақмола


С) Ақтау


  1. Қай жылы Астана атауы берілді?

А)1996

В)1997


С)1998


  1. Долларға ұқсас үй

А)теңге үйі

В)ақша үйі

С)қаржы үйі


  1. Астана қалай аталады?

А) Оңтүстік астана

В) Солтүстік астана

С) Орталық астана


  1. Астанадағы өзен ... .

А) Нұра

В) Есіл


С) Сарысу

V Бекіту

Ми шабуылы

  • жаңа сөздердің нешеуі есіңізде қалды?


V ІІ Үй тапсырмасы:

Мәтінді оқып, түсінігіңізді айтыңыз

Қазақстанның Астаналары

Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920-1925), одан кейін Қызылорда (1925-1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.



1997 жылы 20-қазанда Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан, Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.

Оқытушы_____________ Әдіскер ____________
Каталог: userfiles -> files
files -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»
files -> Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Перечень закупаемой продукции
files -> Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының
files -> Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет