Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы. Сабақтың мақсаты Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру



жүктеу 27.64 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі27.64 Kb.
Қарағанды облысы

Шет ауданы

С.Сейфуллин кенті

Жарық жалпы орта білім беру мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі:Жолшоринова Жанерке Аблаевна.


3-орыс сыныбының қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы.

Сабақтың мақсаты

Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру ,

жаттығу жұмысын орындау.

Міндеттер:Мәтіндегі жаңа сөздерді игере отырып , мәтінді оқиды , өз сөздерімен

әңгімелейді . Мәтіннен дейін шылауын табады. Суретпен жұмыс

жүргізе отырып , «Ауыл» тақырыбында әңгіме құрастырады.

Ойлау , есте сақтау қабілеттері дамиды. Ауызекі сөйлеу тілдері

жетіледі.

Адалдыққа , адамгершілікке , отансүйгіштікке ,

мәдениеттілікке тәрбиеленеді.


Сабақтың түрі : Жаңа білімді игеру

Көрнекілігі: Суреттер , сызба, кітап , тақта , бор .

Әдіс-тәсілдер: СТО технологиясы , сұрақ-жауап , түсіндірмелі.

Қызығушылығын ояту 1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу

Ә) кезекші диалогы

Тілдік ортаға ену

Апта , күн, ай
ІІ. Өткен сабақты бекіту.

ІІІ. Мағынаны тану . Жаңа сабақтың мақсатын айту.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты «дейін » шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсініп , жаттығу жұмыстарын орындау ,«Ауыл» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс жүргізу.



Жаңа сабаққа көшу кезеңі: Ой қозғау.

- Вадим, сен қайда тұрасың?

- Мен ауылда тұрамын.

- Алина , қалаға дейін немен барасың?

- Қалаға дейін пойызбен барамын.
Сызбамен жұмыс :

Дәптермен жұмыс
Ауылға


Қалаға



дейін ....

Үйге
Мектепке


( орыс тіліне аудару )

Орыс тілінде сөз тіркесін , сөйлемдер құрау.



Сөздік жұмыс : оқу , оқыту, сөз тіркесін құру

Менің ауылым, сенің қозың , Денистің лағы т.б.



Оқулықпен жұмыс : 2-тапсырма . Мәтінді оқу , оқыту , орыс тіліне аудару

өз сөздерімен әңгімелету. «Дейін» шылауын мәтіннен табу.





3- тапсырма : Суретпен жұмыс






Диалог:

-Вадим , сенің үйіңде сиыр бар ма?

- Иә, сиыр бар

-Сиырдың бұзауы бар ма?

- Иә, бар.

Диалогты жалғастыру.

Алина, Вероника

Виктория , Вадим

Дәптермен жұмыс

Шығармашылық жұмыс :

1-тапсырма . Суретке қарап отырып ,

«Ауыл» тақырыбында шағын әңгіме

құрастыру




«Ауыл » тақырыбындағы шағын әңгімені оқыту.

Татьяна Менің ауылым маған ұнайды. Жазда атам киіз үй құрады. Әжем тамақты далада пісіреді. Атам мен Асан аттың қасында тұр.

Вероника:

Суретте ауыл суреттелген. Маған ауыл ұнайды. Мен атқа мінгенді ұнатамын.


Ой қорыту :

Балалар , сонымен біз бүгін қандай жаңа сөздерді үйрендік?

Нені білдік?

Нені білгіміз келеді?


Сабақты бекіту : Оқушыларға баға қою.

Үйге :«Ауыл» тақырыбында сурет салып келу.



«Дейін» шылауын қатыстырып , 5 сөз тіркесін құрып келу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет