Сабақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық киімі-қамзол



Дата07.07.2016
өлшемі27.25 Kb.
#182789
түріСабақ
Технология пәні мұғалімі Нурманова Гаухар Давлетовна

Сыныбы 10 Б сынып

Сабақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық киімі-қамзол.

Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағұлмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру.

-Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту.

-Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыра отырып, шыдамдылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сызба нұсқа,ұлттық киім үлгілері,қамзолды өлшеп,тігуге

арналған плакат,бүктемелер-«ою-өрнектер »,қамзол.

Пәнаралық байланыс: сызу ,математика (өлшемдер мен формула есебі)

бейнелеу өнері (жобалар ,ою өрнектер),тарих( киімдер тарихы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын қайталау

ІІ. "Сыр сандық" сұрақтарына жауап беру.

а) Қандай киім түрлерін білесіңдер?

ә) Иықты бұйымдар дегеніміз не?

б) Иықты бұйымдарға қажетті негізгі өлшем?

в) Ұлттық бұйымдарды ата?

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Дәптермен жұмыс

Жаңа сабақ

Қамзол (камзол)— әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді.

Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі.

Қамзол- жеңсіз, жеңіл киім.Бір түсті едәуір қалың матадан,мақпалдан,барқыттан,жібектен,кейде гүлді мақпалдан,атластан ( жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Қыз келіншектерге арналған қамзолдың екі өңіріне кесте тігіліп,ою өрнек салынады,түйме орнына әшекейлі металл немесе күміс қапсырмалар тағылады. Қамзолдың жүн тартылып ,аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері болады. Қамзолдың әдетте етегі кең болып келеді. Қамзол 18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім.



Қамзол сызбасына қойылатын негізгі талап:

-денеге қонымды болу;

-сәнді,ұлттық нақыштармен ерекшеленеді;

Қамзол:

-жеңсіз және жеңді (ұзын,қысқа);

-қима бел және тік пішінде болады.

Киімді үлгілеу барысында адамның дене бітіміне назар аудару шарт. Әркімнің мүсініне әр қалай болғандықтан денеге кемшілікті жасырып,адамның сырт келбетін әдемі етіп көрсетуге тырысу керек. Мұндай жұмыстар жасау оқушыны талғампаздыққа үйретеді,ой өрісін жетілдіреді, эстетикалық талғамға сай киіне білуге тәрбиелейді.

Қамзолға қажет мата түрлері

Барқыт - бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланып келген түрін шибарқыт деп атайды. Түгі қалың болып, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады.Мақпал — жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал — қара барқыт; қой мақпал — түкті пүліш; қырмызы мақпал — қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т.б. ұлттық киім түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т.б.) тігіледі.Қамзолдың түйме орнына қапсырманы пайдаланады. Қамзолға астарлық үшін атлас матасын қолданады.

IV. Қорытындылау

Сабағымызды қорытындылай келе, мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.

1) Қамзол нешінші ғасырда кең тарады?

2) Бет жағы тығыз түкті жұмсақ мақта матаны атаңыз?

3) Қамзолда түйме орнына қолданатын затты атаңыз?

4) Қамзолды қандай маталардан тігеді?

5) Қазақ халқының ұлттық киімін атаңыз?

V. Бекіту сұрақтары беріледі

VI. Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, реферат дайындап келу.

VII. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет