Пәннің атауы: БМ 3 «Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану»
Сабақтың тақырыбы: «Бизнес-жоспар - бизнес-жоспарлау құралы ретінде»
Топ: ТЖ-121.1 Күні:17.03.2024ж.
Сабақ мақсаттары:
Білімділік :
Оқу-тәрбие мақсаты: бизнес-жоспарды құру мақсатын, мәнін білу, маркетингтік жоспарды құрастыру негізінде ұйымның бизнес-жоспарының бөлімдері бойынша бизнес-жоспар құруды үйрену, нарықты зерттеу. Белгілі бір бизнес идея бойынша стартап негізінде бизнес идеяның ережелері мен бизнес-модель канвасының элементтерін ескере, бизнес-жоспардың мәнін және оның құрылымын анықтау, бизнес-жоспарлардың жіктелуі және олардың әр түрлерінің ерекшеліктеріне назар аудару. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Студенттерді ұқыптылыққа, дұрыс және нақты есеп жасауға, жүйелілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сенімді қатынастарды қалыптастыра отырып, топтық жұмысқа дағдыландыру.
Пән аралық байланыс: Кәсіпкерлік қызмет негіздері, «Ұйым экономикасы», «Экономикалық талдау»
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың әдісі: баяндау сабағы, жеке, сұрақ-жауап, зерттеу-ізденіс жұмысы.
Құзыреттіліктер:
Кәсіптік құзыреттілік: Бизнес жоспардың негізгі бөлімдерін талдау. SWOT-сараптама жасайды.
Күтілетін нәтижесі: Жеке стартаптары үшін бизнес-жоспар жасай білу.
Бағалау критерийлері: Бизнес жоспар не үшін қажет, мақсатын түсіну, бөлімдерін ажырату, мысалдар келтіру.
Сабақтың жабдықталуы, көрнекі құралдар: мультимедиялық проектор, тақырыптық слайдтар, бизнес-жоспар үлгілері.
Сабақ оқытуда қолданылатын ұйымдастыру әдістері, технологиялар: Ақпараттық коммуникациялық және модульдік технология элементтері, коммуникативті әдіс, Венна диаграммасы, тәжірибелік әдіс, геймификация әдісі, критериалды бағалау әдісі.
Оқыту орны: № 331
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі: ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы
Қосымша: Мамыров Н.К., Саханова А.Н. «Мемлекет және бизнес» Алматы.Экономика 2002ж.
Аймақтық компонент: Орал қаласының кәсіпорындары және www.atameken.kz («Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) интернет сайтының материалдары негізінде тақырыпты меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |