Сабақтың тақырыбы : Бұрыш түрлері Сабақтың мақсаты



жүктеу 33.42 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі33.42 Kb.
Күні: 19.11.14

Сынып: 2 "ә"

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: бұрыш түрлерімен таныстыру, олардың атауларын оқып – үйрену.

Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Дамытушулық: оқушылардың жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеріп, өткен ережені сұрау

3. Жаңа сабаққа кіріспе:

Сөзжұмбақ шешу.



К

ө

п

Б

ұ

р

ы

Ш







б

Ұ

р

ы

ш

ы







п

е

Р

и

м

е

т

Р

Т

о

ғ

Ы

з







ү



Ш






  1. Тұйықталған сынық сызықтан құралған фигура

  2. Көпбұрыш эленменттері

  3. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы не деп аталады?

  4. 4-ке 5-ті қосқанда неше?

  5. Қосудың неше компоненті бар

4. Жаңа сабақ:

1-есеп. Фигураларды ата. Қабырғасын, төбесін, бұрышын көрсет.







3-есеп. Тік бұрыштардың, көпбұрыштарды және бұрыштардың төбесін ата.

4-есеп. Суретте тік, сүйір, доғал бұрыштар нешеу?

6-есеп. Хайуанаттар бағында 36 маймыл болды. Оның 6-ауы – шимпанзе, ал қалғандары – мартышкалар. Хайуанаттар бағында неше мартышка бар?

Маймыл-36

Шимпанзе-6

Мартышка-?

Ш: 36-6=30

Ж: Хайуанаттар бағында 30 мартышка бар.



Сергіту сәті: .

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

5-есеп.Есепті шығар. Кері есеп құрастыр және оны шығар.

а)Бірінші арықтың ұзындығы 60 м, ал екінші арықтың ұзындығы бірінші арыққа қарағанда 9метр ұзын. Екінші арықтың ұзындығы неше метр?
I арық - 60 м
II арық? 9 метр ұзын
Ш: 60 + 9= 69
Ж: 2 арық – 69

Ә) Бірінші үйдің биіктігі 30м, бұл екінші үйге қарағанда 10 м аласа. Екінші үйдің биіктігі неше метр?

1 үй-30м

2 үй ?-10м аласа

Ш: 30+10=40

Ж: Екінші үйдің биіктігі 40 м.

Қорытынды: Балалар бүгінгі сабақтан не үйрендік? Сендерге қандай тапсырмада қиындықтар болды.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Үй тапсырмасы: Ережені жаттау. № 5 есеп. 68-бет.
Машықкер: _________ А.А.Сағынаева

Әдіскер: ____________ М Едресова



Сынып жетекші: _____М.Жамбыловна


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет