Сабақтың тақырыбы : Евгений Брусиловский. Қазақ музыкасының інжу-маржанына айналған«Қыз Жібек» операсы



бет3/4
Дата24.06.2023
өлшемі0.56 Mb.
#475340
түріСабақ
1   2   3   4
хасанова ашық сабақ

Операның қысқаша мазмұны. Жібек деген сұлу қыз өз қалауымен алыстағы бір рудың баласы - жас жігіт Төлегенге косылғысы келеді. Бірақ бұрыннан Жібек сұлуда ойы болып жүрген өз елінің жігіті Бекежан мырза оған күштеп үйленуге ант етеді. Жібектің ата - анасының ризашылығын алған Төлеген үйлену үшін өз ата - анасының рұқсатын сұрауға еліне аттанады. Бірақ Төлегеннің әкесі Базарбай баласына келінді өзі таңдайтындығын айтып, рұқсат бермейді. Әке карсылығына қарамастан ол Жібектің еліне қайтады. Төлегеннің қайта оралып келе жатқанын естіген Бекежан оның жолын аңдып жүріп, кездеседі де, алдап достасады. Екеуі қоштасып кетіп бара жатқанда Бекежан Төлегенді ту сыртынан садақпен атып өлтіреді. Төлегеннің қаза болғанын естіген Жібек құздан құлап өледі.
Лейттақырыптар. «Гәкку» әні Жібектің көңілді, қуанышты кезеңдерін бейнелесе, «Дүние -ай» қайғысын, «Толқыма» нәзік бейнесін, мінездейді. Төлегенді музыкалық сипаттау үшін «Қос барабан», «Алқара көк», «Қарагөз» әндері виртуозды, кең диапазонды. Жағымсыз кейіпкер Бекежанның өркөкіректігін, күшін «Жиырма бес», «Көкжендет», «Мәди», «Сарымойын» әндері арқылы жеткізген.
І-бөлім. Таң. Күн нұры. Жібекті құрбылары күнге теңейді. Дүрия атты құрбысы Ақтоты әні арқылы Жібектің сұлулығын жеткізеді. Содан соң шырқалған «Гәкку» әні Жібекке мінездеме беріп тұрғандай.
Жібекке бұрыннан ғашық болып жүрген Бекежан келеді де Жібекке сезімін білдіріп, оған тұрмысқа шығуын сұрайды(«Жиырма бес» әні) . Содан Жібек «Раушан» ариясымен оған деген сезімі жоқтығын және тек сүйген адамына күйеуге шығатындығын айтады. Бірақ Бекежан сонда сен мендік боласың деп райынан қайтпайды («Аққұм» ).
Кенеттен сонау алыс ауылдан керемет Төлеген деген сері жігіт Жібекті көру үшін келген екен деп хабаралайды. ( «Қос барабан») Жібек оған өз ілтипатын білдіріп («Толқыма»), Төлегенмен еріп келген ақын Шеге жиналған қауымның көңілін көтеруде («Шегенің термесі», «Толғау») Бекежан қызғанышқа булығады. («Гәкку»-Жібек, «Алғарай көк»-Төлеген, «Жапалақ»-Шеге, қыздар биі «Тәттімбеттің былқылдағы»).Төлеген Жібектің сұлулығына ғашық болып, ауылдан үлкендердің батасын алып қайтып келетіндігін айтып, қимай қоштасады. («Гәкку»-Жібек, «Терме»-Шеге, Қыздар хоры «Сәулем-ай»)
ІІ-бөлім.
Төлегеннің ауылында жігіт аттанар жасап тойға дайындалуда, (хор «Әгугай», Кеңес күйі «Алтықырдан асыра» хор мен би) . Төлегенді аңдып келген Бекежан оны жекпе жекке шақырады, оған әлі келмейтіндігін түсінгесін достасайық деп ұсыныс жасайды. (хор «Шашу», «Садақ биі»). Төлегеннің көңіл күйі жоқ, әкесі Базарбай бұл тойға қарсы. Батасын бермейтінігін айтады және кетсе қасына ешкімді ертпей жалғыз кетсін деп бұйырады. («Кенен», «Аязбай»). Төлеген анасымен, қарындасымен қоштасып Жібекің еліне аттанады («Қамқаның әні», «Ертіс»-Қарлығаш, хор және Төлегеннің қоштасу әні)
ІІІ-бөлім.
(Интродукция және Бекежанның әні) Көл жағасы. Үйілген орқаш тастар. Төбеде қарауыл Төлегенді аңдуда. Ұзақ жолдан шаршап, тынығып алайын деген Төлеген қаруларын шешіп, көлдің жағасына жайғасады. Тосқауылдан Бекежан шығып («Аққұм», «Көкжендет»), Төлегенді алдастырып арқасынан пышақ тығып өлтіреді («Шіркін-ай»).
ІҮ-бөлім.
1-сурет.Жібек түс көріп жатыр. Түсінде өзін қоршап жүрген құрбылары және қараңғыда Төлегенді көреді. («Ерлер биі», «Көпшілік биі», «Жібек пен Төлеген» лейтмәтіні).
2-сурет.Жібек ояна сала түсін жеңгесі мен Дүрияға айтуда. Сол сәтте Бекежан келеді ( «Мәди» -Бекежан, «Раушан» -Жібек, «Сарымойын») қорғанамын деп Төлегенді өлтіріп алғандығын айтады. Жібек қайғыдан көзін аша алмай, Төлегенсіз өмір сүргісі келмей көлге секіреді («Қыз Жібектің» қоштасу әні, «Гәкку» хорал)
Брусиловский өшпес із, өлмес мұра қалдырды. Оның қаламына тиесілі 9 опера, 4 балет, 9 симфония, кантаталар,500-ден аса әндер мен романстар, хорлар, және кинофильмдерге жазған музыкалары бар. Бұл шығармалар әлі талай ұрпақтың игілігіне жарары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет