Сабақтың тақырыбы : Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»



Дата12.07.2016
өлшемі6.8 Mb.
#195316
түріСабақ
Сыныбы: 11 «А»

Күні:17.02.2016 жыл

Пән атауы: Қазақ әдебиеті

Сілтеме: Қазақ әдебиеті, қазақ әдебиеті хрестоматиясы, қосымша ғаламтор деректері.

Сабақтың түрі: Блум таксономиясына негізделген сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы

Сабақтың мақсаты: Әзілхан Нұршайықовтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру; «Ақиқат пен аңыз» роман – диалогінің шығу тарихын зерттеу.

Міндеттері:

  • Сөйлеу тілдерін жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту;

  • Топта, жұпта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа дағдыландыру;

  • Өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі:Тақырыпты жете түсінеді, жаңа білімді өз бетінше меңгереді, қолдану, талдау барысында құндылығын ұғынады. Өздігінен іздену арқылы дүниетанымы кеңейіп, шығармашылық қабілеттері артады.

Қолданылатын модульдер: Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер (топтық, жұптық жұмыс) СТО, АКТ, ОүБ және ОБ.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,



Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Ашық және жабық сұрақтар» әдісі, « Ұқсастық пен даралық» әдісі, кластер, хронологиялық кесте, тірек сызба әдісі, «БББ» әдісі.


Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

Ресурстар

1 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру:


«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.

Мақал мәтелдерді топтастыру арқылы топқа бөлеліді.



«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіру арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызады.

«Ерлік», «Қонақжайлылық» «Имандылық» тақырыбындағы мақал- мәтелдерді топтастыру ақылы топқа бөлінеді.



Мақал- мәтелдер жазылған кеспе қағаздар.

3 мин

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Өткен тақырыпқа байланысты білімдерін тиянақтау мақсатында тест парақшаларын таратып береді.

  1. Зейін Шашкин қай жылдар аралығында өмір сүрген?

  1. 1930 – 1933ж.ж;

  2. 1922 – 2011ж.ж;

  3. 1923 – 1994ж.ж;

  1. «Абай поэзиясының ерекшелігі» атты еңбегі қай жылы жарияланды?

  1. 1957ж;

  2. 1930ж;

  3. 1934ж;

  1. «Әдебиет теориясының оқулығын» кіммен бірігіп жазды?

  1. А. Құнанбаев;

  2. С. Мұқанов;

  3. Е. Ысмайылов;

  1. «Теміртау» романы қай жылы жазылды?

  1. 1966ж;

  2. 1958ж;

  3. 1960ж;

  1. «Доктор Дарханов» романындағы Дәмеш атты кейіпкер автордың тағы қай шығармасында болды?

  1. «Тоқаш Бокин»;

  2. «Ақбота»;

  3. «Теміртау»;

Берілген тест сұрақтарына жауап беріп, дұрыс жауаптарымен салыстыра отырып, бірін – бірі бағалайды.

Тест парақшалары, қалам, АКТ.

5 мин

Білу:


Оқушылардың өз білімдерін тексеру.

  • Ұлы Отан соғысы жайлы не біледі?

  • Ұлы Отан соғысына қанша адам қатысты?

  • Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай майдангер жазушылар кімдер?

Оқушылар қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана өздері білетін білімдері арқылы жауап береді.




10 мин

Түсіну:


«Ақиқат пен аңыз» деректі фильмінен үзінді тамашалау.

  • «Ақиқат пен аңыз» деректі фильмі кім туралы? (Б. Момышұлы)

  • Роман қашан және қай кезде жазылған? ( 1971 жылы, Б. Момышұлының 60 жасқа толы қарсаңында)

  • Бұл шығарманы жазу туралы ой авторға қалай пайда болды? (Журнал редакциясының тапсырмасын орындау барысында пайда болды)

  • Шығарма жазу үшін Әзілхан Нұршайықов не істеді? (Бауыржан туралы жан – жақты ізденді, ел аузынан мәліметтер жинады, т.б.)

  • «Ақиқат пен аңыз» роман – диалогі дүниеге қалай келді?

Оқулықпен жұмыс.

І топ.

Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кестеге түсіру.



ІІ топ.

«Ақиқат пен аңыз» романының көркемдік ерекшелігін тірек сызба арқылы көрсету.



ІІІ топ.

«Ақиқат пен аңыз» романының жазылу тарихын сандар арқылы сөйлету.



«Ақиқат пен аңыз» деректі фильмінен үзінді тамашалайды.

Берілген сұраққа жауап береді.



АКТ, постерлер мен маркерлер.

6 мин

Қолдану:


Қазақ әдебиеті хрестоматиясында берілген VIII, IX диалогтерден үш топқа тапсырма беріледі.

І топ.

Ұлттық құндылықтарымызға тән салт – дәстүрлеріміздің ерекшеліктерін көрсет.



ІІ топ.

Бауыржан Момышұлының қайырымдылығы мен имандылығын, қазақ халқының бауырмашылдық қасиеті көрініс тапқан жерін тауып айту.



ІІІ топ.

«Ақиқат пен аңыз» роман – диалогіндегі нақыл сөздерді тауып, мәнін ашу.



Оқушылар берілген тапсырманы топта орындадап, қорғайды.

Оқулық, дәптер қалам.

6 мин

Талдау:


«Ұқсастық пен даралық» әдісі арқылы З. Шашкиннің «Доктор Дарханов» романы мен Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман – диалогін салыстыру.


З. Шашшкин

«Доктор Дарханов»



Ұқсастығы

Ә. Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»













«Ұқсастық пен даралық» әдісі арқылы З. Шашкиннің «Доктор Дарханов» романы мен Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман – диалогін салыстырады.


Постерлер мен маркерлер.

8 мин

Жинақтау:


Әр топ смайликтер астында жасырылған тапсырмаларды таңдай отырып, берілген тапсырмаларды орындайды.

І топ

«Авторға хат» шағын эссе жазу.



ІІ топ

5 жолды өлең



ІІІ топ

7 жолды өлең



І топ

«Авторға хат» шағын эссе жазу.



ІІ топ

5 жолды өлең



ІІІ топ

7 жолды өлең жазады.




АКТ, Дәптер, қалам.

3 мин

Бағалау:

«Дербес пікір» әдісі арқылы жаңа материалды талқылау, бағалау.
«Дербес пікір»

1.Өзіндік пікір (ой, идея) – 1 сөйлем.

2.Дәлел – 2 сөйлем.

3.Өз пікірін айғақтайтын мысал – 2 сөйлем.

4.Өз пікіріне қарсы дәлел – 1 сөйлем.

5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – 1 сөйлем.



6.Қорытынды – 2 сөйлем.

«Дербес пікір» әдісі арқылы жаңа материалды талқылайды, бағалайды.

Дәптер, қалам.

2 мин

Кері байланыс:

«БББ» әдісі арқылы кері байланыс алады

Білемін

Білдім

Білгім келеді












«БББ» әдісі бойынша кері байланыс жазады.


Кері байланыс парақшалары , қалам.

1 мин

Үйге тапсырма:

Б. Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасынан «Қазақ тілі туралы пікір» деген мақаласын оқып келу.

Б. Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасынан «Қазақ тілі туралы пікір» деген мақаласын оқып келеді.

Б. Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармалар жинағы.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет