Сабақтың тақырыбы : Гүлдің құрылысы Сабақтың мақсаты



Дата20.07.2016
өлшемі45.16 Kb.
#211263
түріСабақ
Мұғалім:Қожрақова Дария Саташевна

Пән:Биология

Мектеп::Ақтоғай орта мектебі

Атырау облысы,Махамбет ауданы, Ақтоғай селосы


Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Гүлдің құрылысы
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға өсімдік гүлінің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: көрнекіліктерді пайдаланып гүлдің жеке бөліктерімен танысу,олардың ерекшеліктерін айыра білуге үйрету.

Тәрбиелігі: гүлдің эстетикалық маңызын ұғына отырып, жабық тұқымды өсімдіктерді қорғауға.оларды көбейтуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер,суреттер, қатырма қағаздан қиып алынған

гүл бөлімдері, магнит, бөлме өсімдіктері.


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс
Сабақтың жүрісі:
I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Биологиялық диктант:

1.Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратын бөлігін.... деп атайды?

2...... өсімдіктің жер асты мүшесі

3.Бидайдың тамыр жүйесі.............

4.Өркеннің орталық тірек бөлімі..... деп аталады.

5. Жүзімнің сабағы............. сабақ деп аталады.

6.Сабақтың қабықтан кейінгі қабаты..........

7.Тамырсабақ бұл...................

8.Жай жапырақта тақта саны........ . болады.

9.Күн энергиясының қатсуымен болатын құбылыс......... деп аталады.

10.Кактустың жапырағы............ болып табылады.

11.Картопты .......... көбейтеді.

12.Бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыруды........дейді.

III.Жаңа сабақтың мазмұны:



Өсімді(вегетативті) Көбею (генеративті)
Тамыр сабақ жапырақ гүл жеміс тұқым

Өткен сабақта өсімдіктің өсімді мүшелермен көбеюі туралы айтылған болатын.Бүгінгі сабағымызда өсімдіктің көбею (генеративті) мүшелерімен танысамыз.Гүл-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.



Гүлдің бөлімдері

Гүл сағақ Гүл табан Тостағанша Күлте Аталық Аналық



Гүл сағақ- гүлдің жіңішкерген жері.Сабаққа бекиді.

Гүл табаны- гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының кеңейген жері.

Тостағанша-жасыл түсті,гүлдің сыртында бірікпеген, жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.

Күлте-тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады.Түбінде тәтті

шірнелітер,хош иісі бунақденелілерді еліктіреді.

.
1.Гүлсағақ
2.Гүлтабан

3.Аталық


4.Аналық

5.Күлте


6.Тостағанша
Гүлсерік


Қос гүлсерік Жай гүлсерік Гүлсеріксіз

Тостағанша Тостағанша Күлте Тостағанша мен күлте

Күлте жапырақшалары болмайды

Жіпше Ауыз

Аталық Аналық Мойын

Тозаңқап Жатын

Дұрысгүл-гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінетін гүлді айтады.

Бұрысгүл-гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізугеғана болса,бірнеше сызықпен теңдей бөлінуін айтады.
IY. Оқушылармен жұмыс.

1. Суреттегі гүл бөлімдерін белгілеу.


2.Аталық пен аналықтың бөлімдерінің атын жазу.



Аталық Аналық


5.Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.

1.Гүлдің сабаққа бекінген бөлімі.......

2.Гүлдің кеңейген жерін.......... дейді.

3.Жыныс мүшелері ..... пен.......

4.Жеміс түзілетін бөлім...

5.Қорғаныштық қызмет атқаратын бөлім.....

6.Гүлге түрлі түс беріп жәндіктерді еліктіретін бөлім.......

3 . 1-топқа- Басқы әріптері «гүлден» басталатын он есімді атап шығу (Гүлназ,Гүлім,Гүлжан,Гүлмира,Гүлзира,Гүлбаршын,Гүлбақыт,Гүлжайна, Гүлбибі,Гүлайша)

2-топқа соңы «гүлмен» аяқталатын он есімді атап шығу. (Айгүл,Майгүл,Назгүл,Рысгүл,Бибігүл,Нұргүл,Жайнагүл,Бақытгүл,Әсемгүл, Айнагүл)


Y.Оқулықпен жұмыс. 72-беттегі біліміңді тексер тапсырмасын орындау.

YI.Қорытынды:Сонымен сабағымызды қорытындылай келе гүл-қуаныштың, жастықтың, адалдықтың, бейбіт өмірдің, шаттықтың белгісі екендігін ұғындық.Мерекелерде, туған күндерде адамдардың бір-біріне гүл ұсынуы- сыйластың белгісі.

Хош иіс Әдемілік Сыйластық








Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер


YII.Сабақты бекіту:

1.Өсімдікке гүл не үшін керек.

А)сәндік

Б)қоректену

В)жеміс пен тұқым түзілуі

Г)жәндіктер қоректену үшін.

2.Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі:

А) күлте


Б) аталық

В) тостағанша

Г) аналық

3.Гүлде орналасып жәндіктерді еліктіретін,шырын бөлетін өсінді

А) тозаң

Б) гүл сағақ

В) шірнелік

Г) гүл табан

4.Аналықтың тозаң қабылдайтын бөлімі.

А) жіпше


Б) ауызы

В) мойыны

Г) жатыны

5.Гүлде тостағанша мен күлте болса:

А)жай гүлсерік

Б) қос гүлсерік

В) дұрысгүл

Г) бұрысгүл



YIII. Бағалау
IX.Үйге тапсырма . § 22 Қатырма қағаздан гүл бөлімдерін қиып жапсырып әкелу. Суреттер салу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет