Сабақтың тақырыбы : Қызғалдақ құрағы. Сабақтың мақсаты : Білімділігі



жүктеу 33.77 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі33.77 Kb.
Атырау қаласы

Қ. Сәтбаев атындағы №19 орта мектептің

бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі

Бисенова Нурбагыт Жумабековна
Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ құрағы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру.

Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.



Дамытушылығы:Оқушылардың түрлі түстерді бір – бірімен үйлестіре білу, геометриялық пішіндерді дұрыс қия білу. Жұмыс барысында ой - өрісін, ынтасын, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар ұқыптылыққа, төзімділікке, ынталы болуға, көзбен жобалауға, берекелілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:буклет, нұсқау карта, дайын бұйымдар, кішігірім көрме

Құрал-жабдықтар:дәптер, қалам, сабын қалдығы, ине, жіп, қайшы, мата қиындылары, үлгі- қалып

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру, орындату, сұрақ-жауап, қайталау, сарамандық жұмыс

Сабақ типі:жаңа білім алу сабағы

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, сызу, геометрия, Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгендеу



II.Үй тапсырмасын тексеру.

Құрақ көрпе және оның жасалу жолы

а) «Алтын қақпа» ойыны.

1) Құрақ дегеніміз не?

2)Құрақтың мағынасын ата?

3.Құрақтың түрлерін ата?

4.Құрақтың жасалу жолы?

5.Құрақтың тұрмыста алатын орны ?

6.Құрақ жасау үшін қандай құрал жабдықтар керек?

7.Үй жиһаздарын ата?

8.Ою-өрнектің түрлерін ата?

Алтын сандықтан шыққан сұрақ.

Қазақстанды әлемге танытқан қай гүл?





III.Жаңа сабақ « Қызғалдақ» құрағы

Сабақтың ұраны : « Ақыл копке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер»

а) Кіріспе.

Құрақ түрі мен жасалу жолдары.Технология пәні.

Құрақ–мата қалдықтарынан жасалынатын үй бұйымдарының бірі. Құрақ құрау ертеден келе жатқан өнердің түрі. Әжелеріміз мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып жаратып отырған. Құрақтан әртүрлі көрпешелер, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніштер тіккен. Құраққа қойылатын талап мата бөлшектерінің симметриялы болуы мен түсінің үйлесімділігі. Шеберлер түрлі геометриялық әдемі етіп орналастырып, тамаша құрақ көрпелерді құрастыра білген. Құрақ құрау өнері жылдан –жылға дамып келеді. Құрақ құрау өнері өзге елдерде де қолданылады. Ресейде, басқа да елдерде осы өнерге байланысты фестивальдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда да ұлттық бұйымдар көрмелерінде құрақтан жасалған бұйымдарды көптеп кездестіруге болады. Құрақ сәнді, сұлу болу үшін әр түсті белгілі бір ретпен, тәртіппен орналастыру қажет. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады.







ә)Құрақ түрлері мен жасалу жолын таныстыру.

б)Гүлдердің маңызы. Халқымыз табиғаттағы гүлдердің әсемдігін,сұлулығын көре де,сезе де білуді үйрете отырып, эстетекалық тәрбие берген.Табиғаттың сұлулығын қолөнер бұйымдарына кесте, ою-өрнек, өнер арқылы бейнелеген. Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген.Оны біз халқымыздың “көкті жұлма”, “бір тал-кессең, он тал–ек”, “гүлді жұлма”, “ағашты сындырма” деген сияқты ескерту сөздерінен де білуге болады. Гүл әсемдіктің, әдеміліктің символы. Сондықтан да қазақ халқы қыз баланы “Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі” деп гүлге теңеген,қыз баланы “гүлім” деп еркелеткен, қыздарына “Гүлнұр”, “Айгүл”, “Гүлбаршын”, “Раушан” деп гүлге ұқсастырып ат қойған. Гүл - өмірдің нұры. Ол біздің өміріміздің байлығы мен қуанышын, адамның жақсылығын арттырады.

в) Сергіту сәті.

1.Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,

Таспаны үйренбесең өре алмайсың

2.Өнерлі болу-зейнет, өнерсіз болу бейнет

3. Ердің атын еңбек шығарады

4. Жеті өлшеп бір кес

5. Өнер іздеген өсер, өсек іздеген өшер

6. Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер

7. Шебердің қолы алтын

8. Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән



IV.Сарамандық жұмыс. Технологиялық карта бойыншы мата қиықтарынан “Қызғалдақ” құрағын құрастыру


V.Қауіпсіздік ережесі.

Инені киімге қыстыруға болмайды.

Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.

Инені жіпсіз тастауға болмайды.

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.

Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.

Үтікті арнайы тұтқасынан ұста.

Инені ине қадағышқа шаншы.

Қайшыны ашық тастама.

VI Үй тапсырмасы. Құраққа байланысты,

еңбек туралы мақал –мәтел жазып келу.



Қызғалдақ құрағын аяқтап келу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет