Сабақтың тақырыбы : Microsoft Excel кестелік процессоры Сабақтың мақсаты: а бiлiмдiлік



Дата08.07.2016
өлшемі137.53 Kb.
#185399
түріСабақ
Тлеушова Айжан Утегеновна

Орал қаласы

Орал гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры
Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: Microsoft Excel-кестелік процессорының терезе элементтерімен жұмыс, теориялық білімді практикамен ұштастыру, электрондық кестені экономикалық есептерді шешуде қолдану.

ә) дамытушылық: Студенттердің MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып тапсырмалар орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және интерактивті тақтаны қолдану, олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау;

б) тәрбиелiк: студенттердің бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрi: практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, дамыта (деңгейлеп-саралап) оқыту, сұрақ-жауап әдісі
Оқыту формалары: жеке және топтық
Инновациялық технология: интерактивті тақтаны қолдану.
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, экономика.
Сабақтың жабдықталуы: Компьютер құрылғылары, Excel электрондық кестесі, интерактивті тақта, топшамалар, үшбұрыш («3» бағасы), төртбұрыш («4» бағасы), дөңгелек («5» бағасы) фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін жарты фишкалар, тапсырмалар жазылған слайдтар, карточкалар, әр саланың бухгалтер-экономисі есептейтін жұмыстары, ортақ бағалау парағы.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: .

  • Студенттерді түгелдеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.


2. Оқытушының кіріспе сөзі

Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Сабақтың барысына тоқталып, студенттердің үй тапсырмасы «Excel кестелік процессоры» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру кезеңіне қысқаша тоқталады.

Үй тапсырмасы интерактивті тақтадан деңгейлік тапсырма сұрақтары арқылы таңдалады. Әр студент таңдаған сұраққа жауап береді, фишкалар жинайды. Әр студент сабақ соңында жинаған фишкаларының саны мен түріне қарай ұпай жинап, бағаланады.


  1. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау

Студенттерге MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және жаңа сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі:

  1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері қандай?

  2. MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз;

  3. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?

  4. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?

  5. Кестенің қатарлары мен бағаналарын ерекшелеудің айырмашылығы неде?

  6. Функциялар шеберінің көмегімен арифметикалық орташа шаманы қалай анықтауға болады?

  7. Ұяшыққа формулаларды қалай енгіземіз?

  8. Мәліметтердің жалпы соммасын қалай табамыз: максималды, минималды және орташа мәнін?


Жауаптары:

  1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері:

Microsoft фирмасының Excel программасы - кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеуге арналған кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын программа.

Мүмкіндіктері:



  • Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әртүрлі есептеулер жүргізу;

  • Тиімді ету мәселелерін шешу;

  • Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдау;

  • Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;

  • Мәліметтер базасын даярлау;

  • Мәліметтерді статистикалық талдау, т.б.

  1. Негізгі ұғымдары:

  • Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.

  • Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.

  • Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.

  • Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

  1. Қатарлар мен бағаналарды ерекшелеудің айырмашылығы:

  • Бағананы белгілеу – сәйкес әріпті шерту.

  • Қатарды ерекшелеу – сәйкес нөмірді шерту.

  1. Арифметикалық орташа шаманы анықтау:

  • fx батырмасы арқылы сұхбат терезесінен қажеттісін – срзнач – таңдап, екінші қадамда мәліметтер блогын енгіземіз.


2. Терезе элементтерін орналастыр

1. Тақырып жолы

2. Меню қатары

3. Стандартты аспаптар

4. Пішімдеу панелі

5. Формула жолы

6. Жұмыс парағы

7. Бағандар аты.

8. Жол нөмірі

9. Тапсырмалар аумағы

10. Айналдыру жолағы

11. Таңбашалар немесе парақ

12. Қалып-күй жолағы



  1. Кестені толтыру




Кестелік процессорды іске қосу жолы қандай

Құжатты қалай сақтаймыз

Құжатты қалай ашамыз

Жұмыс кестесінде қанша жол, баған бар

Жұмыс кестесінде үнсіз келісім бойынша неше бет беріледі


















  1. Суретке қарап терезелерді түсіндіру




4. Практикалық тапсырмалар орындау.
Тапсырма 1. Орал гуманитарлық колледжінің шаруашылық меңгерушісі.

Инвентаризациялық жазба.



  1. Microsoft Excel қосымшасын қосындар.

  2. Үлгі бойынша информатика кабинетіндегі материалдық құңдылықтарды есепке алу инвентаризациялық жазбасын құрыңдар:




 

Инвентаризациялық жазба

 

 

 

 













 




Нақты есептеу кезіңде болды




 



Құңдылық атауы

Инв. №

Саны

Бағасы

Соммасы

1

Мұғалім компьютері




1

124 000

 

2

Оқушылар компьютері




17

95 000

 

3

Компьютер үстелі




18

8 400

 

4

Айналмалы орындық




18

7 400

 

5

Интерактивті тақта




1

230 000

 

6

Проектор




1

129 000

 

 













 

 

 

 

 

Барлығы:

 




  1. Бағандарды пішімдендер.

  2. Тізімде берілген әрқайсының соммасы мен Барлығын есептеу. Есептеу формулаларын дәптерге жазыңдар.

  3. Бағасы мен соммасы тұрған бағанды ақша форматына ауыстырындар.

  4. Кестені безендіріңдер.

  5. Инвентарлық нөмірді жазу. ( Қалауын бойынша алты қатарлы сандар).

  6. Т

    өмендегі үлгі бойынша пішімдендер. Формат-Автоформат –Цветной 2

  7. «Жазба» атауымен сақтаңдар.


Тапсырма 2. «АРЭК»-Энергосбыт» ЖШС-нің бухгалтер-экономисі.

Бір жылға арналған электроэнергия төлемі.

Үлгі бойынша электроэнергия төлемінің кестесін құрыңдар:
Жұмыс жоспары:


  1. M
    7,2 тг
    icrosoft Excel қосымшасын қосындар.

  2. Кестені толтырыңдар.

  3. Мәліметтер мен есептеу формулаларын енгізіндер.

  4. Б
    тг
    ағандарды пішімдендер..

  5. Формулаларды дәптерлеріне жазыңдар..

Бір айға арналған төлем есебінің ережесі:

    • Счетчик көрсеткішінің кезекті мәнінен алдынғысын айыру;

    • Шыққан айырманы 1 кВт бағасына көбейту (ұяшық ссылкасы абсолютті болуы керек* 1кВт=7,2).

*- абсолюттік ссылкалар әрқашанда бір ғана ұяшыққа бағытталады($).

*- қатынасты ссылкалар формуланың жаңа жағдайына сәйкес өзгереді.



  1. Үлгіде көрсетілгендей етіп кестені безендіріндер.

  2. Оплата за месяц бағанында ақша форматын енгізіндер.

  3. Кестені «Төлем» атымен сақтандар.


Тапсырма 3. Мұғалімдердің еңбекақысын есептеу кестесі.




    1. Үлгі түрінде кестені теріңдер.

    2. Зейнетақы қорына барлық есептеліп берілген ақының 10 % ұсталады. Есептеуі =СУММ(C5:D5)*10/100

    3. Зейнетақы қорына аударылғаннан қалған сома: =СУММ(C5:D5)-E5

    4. Зейнетақы қорына аударылғаннан қалған сомадан мин.еңбек ақы алынған сома: =G5-C11 (Мин.еңбек ақы = 17439)

    5. Жеке табыс салығы есептеліп берілген соммасының 10% көрсетеді. Есептеуі =I5*10/100

    6. Жеке табыс салығынан қалған сома: =I5-F5

    7. Ең соныңда төленетін ақыны есептеу: = СУММ(H5;C11)

    8. Кестенің форматтың кез келген түрін тандар пішімдендер.

    9. Кестені «еңбекақы» атымен сақтаңдар.



5. Қорытындылау
Нені білетін едік: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.
6. Оқушылар білімін бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділіктеріне және жұмыс орындау қорытындылары бойынша бағалар қойылады.


7. Үй тапсырмасы

1. Әр студент өзінің бір жұмаға жұмсаған қаржысын есептеу туралы кесте жасауы қажет.

2. «Excel кестелік процессоры» тақырыбы бойынша тест құрып келу (10 сұрақтан кем болмауы керек, 4 жауабының нұсқасы болуы керек және дұрыс жауабы көрсетілген болуы қажет).

Оқушыларға “Сабаққа қатысты сұрақтарың бар ма?” –деп пысықтап, сұрақтар бар болса – жауап беремін.



Бағалау парағы


Р/с

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасы

Тапсырмалар

Қорытындылау

І

ІІ

ІІІ



Алмашев Каныбек Лукпанович

 

 

 

 

 



Ғайни Гүлден Асанқызы

 

 

 

 

 



Джумагельдина Зульфара Салеховна

 

 

 

 

 



Достанова Акжемис Айваткалиевна

 

 

 

 

 



Ергалиева Алтын Каирбековна

 

 

 

 

 



Ерназар Гүлнәз Сәндібекқызы


















Есимгалиева Ырысгүл Сырымқызы


















Жаруллин Асет Кайратович


















Жумасаева Римма Сериковна


















Забихуллина Ақбота Абайқызы


















Ибраева Азатгуль Бериковна


















Муканова Жұлдыз Абайқызы


















Садықов Айбек Қайырғалиұлы


















Сарсенбай Гүлайна Берікқызы


















Сарсенова Айгерим Дуйсенбайқызы


















Табынова Жазира Нариманқызы


















Табылдиева Әсел Нұртайқызы


















Тайшибаева Гүлшат Сактаповна


















Туремуртова Арайлым Мерекеқызы


















Уразгалиев Самат Акбулатович


















Хабиболла Мейрамжан Мерекеқызы


















Шарипкалиев Айбек Аманжолович


















Шоканова Гулайым Уалдановна


















Жанатұлы Самат

















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет