Сабақтың тақырыбы : Өсімдіктердің көптүрлілігі



Дата17.06.2016
өлшемі49.54 Kb.
#142653
түріСабақ
Пән атауы: дүниетану 19.02.15ж.

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі

Smart-мақсат: осы сабақ барысында оқушыларды өсімдік әлемінің сұлулығымен және алуан түрлерімен таныстыру. Зерттеу қабілетін дамыту: тірі және өлі табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:  өсімдіктер түрі көп болғанымен, негізінен бүкіл өсімдік үш топқа бөлінетінін оқушылар жас ерекшелігіне лайықты деңгейде түсінеді.

Қолданылатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, ОүБ.

Стратегиялық іс әрекет: «Миға шабуыл». «Ой қозғау». «Жұптас – ойлан - бөліс». Ресурстар: постер, тест тапсырмалары, қима суреттер, смайликтер


Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылар-дың іс - әрекеті

ресурстар

2 мин

І. Ұйымдас.

«Қима суреттер» әдісі арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

3 топқа бөлінеді

Қима суреттер

3 мин

1 мин


3 мин

18 мин


2 мин

3 мин


5 мин

2 мин


2 мин

1 мин


2 мин

Үй тапс.

Қызығушы-лығын ояту

Миға шабуыл

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ой шақыру

Топпен жұмыс

Сергіту сәті

Рефлексия

Үйге тапсырма

Өткен тарауды тест бойынша тексеру. Жауабында: өсімдік сөзі шығады. «Болжау» әдісі арқылы құрастырған суреттері бойынша пікірлерін сұрау. Нәтижесінде әр топ өздеріне ат таңдап алады. І топ. Ағаштар. ІІ топ. Бұталар. ІІІ топ. Шөп тектестер өс. Топтарға тапсырма. Ағаштарды, бұталар мен шөптерді зерттеу жоспары. І топ. Сендер қандай ағашты көріп тұрсыңдар? Оның діңін мұқият қараңдар, түсін анықтаңдар. Ағаш діңдерінің көлемін салыстырыңдар. Ағаштың ең басты ерекшеліктерін (биік, діңі бар, бұтақтары, сабақтары мықты, жуан, т.б.) ІІ топ. Бұталарды қараңдар. Олардың ағаштан қандай айырмашылыры бар? (бұтаның басты ерекшеліктері: ортақ діңі жоқ, бойы аласа, сабақтары жіңішке, т.б.) ІІІ топ. Шөпті табыңдар, оларды ағаштармен және бұталармен салыстырыңдар. Олардың қандай айырмашылықтары бар? (шөптесін өсімдіктердің басты ерекшеліктерін (бұтақтары болмайды, сабақтары жұмсақ, олар кез келген жерде кездеседі). Оқулықпен жұмыс. «Ыстық орындық» әдісі бойынша кезектесіп мәнерлеп, дұрыс оқиды. Топтарға тапсырмалар. І топ. 1-азат жолды. ІІ топ. 2-азат жолды. ІІІ топ. 3-азат жолды оқып, алдымен жұпта, сосын топта талдайды. Сергіту сәті «Табиғат кереметтері» өтеді. «Лото» ойыны арқылы тақырып бойынша бекіту сұрақтар қою. 1. Өсімдіктерді қандай белгілеріне қарап топтарға жіктейді? 2. Өсімдіктердің өсуі үшін қандай жағдайлар қажет? 3. Өсімдіктер қандай жер, ауа райы жағдайларында тіршілік етуге бейімделген? «Ақпараттағы ақаулық» әдісін пайдаланып білімдерін жинақтауға бағыт –бағдар беру. Әрбір топ өздері оқымаған ақпаратты параққа тірек сөздермен жазады, ол парақтарымен келесі топпен алмасады, келесі топ түсіп қалған ақпаратты қосуы керек. Топтарға тапсырма. І топ. «Сәйкестендір» әдісі. Әр жемісті тұқымымен сызық арқылы қосады. ІІ топ. «Қима шумақтар» әдісі. Өлең жолдарын дұрыс құрау қажет. Өсіп тұрған бұл не, Жаз болсажайнап. Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. Салқын түсе шешініп, Қалады өзі жайрап. (Ағаш) - Салқын түсе жайрап қалады деген жолда не туралы айтылып отыр? (Жапырақтар туралы.) ІІІ топ. «Бұл қандай зат?» әдісі. Бұталарды паналайтын жануарлардың атының біреуін топ мүшесінің біреуінің маңдайына жапсырып, жабық сұрақтарға жауап беру арқылы таптыру. «Жумай жеме жемісті» видеоролигін көрсету, талдау жасау. Өзіңді тексер. - Сабақта қандай қызықты жайттармен таныстыңдар?
Сонымен, өсімдіктер Жердің жасыл киімі. Жасыл желекті киім біздің планетамыздың көркі. Сондықтан әрбір жапырақты, әрбір ағаштың қылқанын сақтаңдар. Мәтінді оқу, өз өлкемізде өсетін өсімдіктердің суретін салып, зерттеп келу Бағалау, мадақтау. Қазақстанның жарқыраған жарық жұлдызы болыңдар! – деп оқушыларға жұлдызша беріледі

Жұппен жұмыс

Топпен жұмыс

1-топ ағаштарды, ІІ топ бұталарды, ІІІ топ шөптерді зерттейді. Қандай жаңалықты байқап, не көргендері туралы әңгімелейді

Мәтінмен жұмыс жасалады

Видеоролик көреді

Топтармен жұмыс

Жабық сұраққа алма сөзі жасырылады

Видеороликті көреді

Ағашқа сэндвич әдісі бойынша жасалған кері байл.жапсыр.

Өзара бағалау



Тест тапсырмалары

Сурет


Оқулық

Постермен жұмыс

Қима қағаздар

стикер


видеоролик

Ағаштың суреті




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет